«Қазақстан тарихы» пәнінен жиынтық бағалау
8-сынып
4 тоқсан
IVТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IVтоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты: 40 минут
Балл саны: 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар сұрақтарға білім алушылар көп жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайды.Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |