Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы



бет2/52
Дата18.12.2022
өлшемі165,98 Kb.
#163157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Тарих 100 сұрақ

4-сұрақ. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
Өнер тарихы туралы алғашқы зерттеу еңбектерімен бірге археологиялық қазба жұмыстары да ХІХ ғасырдың II жартысынан бастап жемісті түрде жалғасқан болатын. Осы археологиялық қазба жұмыстары барысында алғашқы қауымдық адамдар мекен еткен мәдени ошақтар ашылып, археолог ғалымдардың, тарихшы ғалымдардың қызығушылығын арттыра түсті. Нәтижесінде, өнер тарихын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап қарастыру қалыптасқан болатын. Өнердің пайда болуын талқылауда көптеген ғалымдар екі түрлі теорияға сүйенеді. Материалистік теория – өнердің пайда болуын адамзаттың пайда болуымен тығыз түрде қарастырып, ол биологиялық қажеттіліктен, адамның өзін қоршаған ортаның тылсым күштеріне деген сенімнен пайда болды деп тұжырымдайды. Ал идеалистік көзқарас керісінше, өнер ол адамның ұдайы еңбегі, ізденісі арқасында пайда болып, қалыптасты деген тұжырымды ұстанады. Бүгінгі күні бұл теорияның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс деп дау туғызу әрине қисынсыз. Өйткені қазіргі біз білетін өнер – алғашқы қауымдық өнер ол кезде өнер ретінде қарастырылған жоқ. 
Сол өнер бар, миф бар, адамның қоршаған ортаға деген сенімінен туындаған діни көзқарастарының негізінде қалыптаса отырып, адамның тек қана тіршілік қажеттілігіне деген мұқтаждығынан пайда болды десе болады, яғни қазір біз өнер туындысы деп қарастырып жүрген алғашқы адамдардың шығармашылық әрекетінің жемісі арнайы өнер ретінде жасалған жоқ. Адамдар күнделікті тұрмыс қажеттілігінен ғана, мәжбүрліктен ғана, бір жағынан діни наным-сенім, магия тарапынан қажет болған әрекет болды. Адамдар белгілі бір өнер туындысын жасауда, сол нәрсеге сенді. Ол ою-өрнек болмасын, қыш ыдыстарды көркемдемесін, үңгірлерге натуралистік жануарлардың бейнесін салмасын немесе пиктографиялық жазулар болсын, олар осы шығармашылық әрекеттерінің барлығында өзін қоршаған ортаны қалай танитынын және сол ортаға деген сезімін көрсетті. Егер қорқатын болса, таңғалатын болса, үрейленетін болса, сол әсерлерінің барлығының жемісі алғашқы қауымдық адамдардың санасында әсер ретінде көрінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет