«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып



бет8/12
Дата14.03.2023
өлшемі224,12 Kb.
#172334
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
10-сынып ТЖБ Қаз тарихы

Бөлімбойыншажалпы
балл




10.2.1.2 Этникалық

























процестердің сабақтастығын

























анықтай отырып, Қазақстан

Қолдану

1

1

ҚЖ

15

8







аумағындағы этногенездің

























кезеңдерін айқындау

























10.2.2.2 Тарихи кезеңдерді






















Этника
лық және

талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау

Жоғары деңгей дағдылары



1


2


ТЖ


8


6





әлеумет тік процес тер






















30

10.2.2.8 Туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде
«мәдени-генетикалық код»

Жоғары деңгей дағдылары



2

3-4

ТЖ

14

10




ұғымын қолдану

























10.2.2.6 Қазақтардың

























әлеуметтік жіктелуіне тән

























ерекшеліктерді анықтау үшін

























«ақсүйек», «қарасүйек»,

Қолдану

1

5

ҚЖ

8

6







«хан», «сұлтан», «би»,

























«батыр» ұғымдарын

























пайдалану






















Барлығы







5

-




45

30

30

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

10 сынып «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары


  1. Мәтінді қолдана отырып, әр кезеңде қазақ жерінде ру-тайпалық жүйенің қалыптасуына дәлелдер келтіріңіз.

Б.з.б. І ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші отырды. Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. ІІ ғ. 1-жартысында орын алды. Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.


VI ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. Мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Екіншісі Қарахан феодалдық мемлекеті. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығысқан наймандар мен керейлер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді. Осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. XIII ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда монғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Сөйтіп, халық болып қалыптасу процесі 1,5 ғасырға дейін кешікті. Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылды.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты «92 баулы қыпшақ» атты шежіреде көрсетілген бұл ру- тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді. XIV-XV ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары этникалық жағынан біртұтастықа ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлініп, үш жүз пайда болды.
https://e-history.kz/kz/contents/view/411


Ежелгі дәуір

Ерте орта ғасырлар

Дамыған орта ғасырлар

Кейінгі орта ғасырлар

1
2

1
2

1
2

1
2

[8]



  1. Қазақстан жеріндегі этникалық үдерістің қалыптасуын талдап, ой түйін жазыңыз.




Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымды жағдайлар

Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен
жағымсыз жағдайлар

1.
2

1.
2.




Қазақстан аумағындағы этногенездік үдерістердің ерекшелігі туралы қорытынды ой түйін жазыңыз: [6]




  1. Берілген ұғымдардың қай бағанға сәйкес екендігін ажыратыңыз.



Мәдени код

Ұғымдар

Генетикалық код




Салт-дәстүр







Шежіре







Жеті ата
Материалдық







құндылықтар

[4]

  1. «Ұлттық құндылықтарды асқақтатуда мәдени және генетикалық кодты сақтаудың маңызы» тақырыбында ой жазыңыз, маңызына баға беруде кілт сөздерді қолданыңыз.

Кілт сөздер: ұлттық құндылықтар, туған жер, ұлттық код, тектілік.
[6]


  1. «Хан», «қарасүйек», «сұлтан», «би» ұғымдарын әлеуметтік стратификация бойынша орналастырыңыз. [4]

  2. «Ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалана отырып, қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерін анықтаңыз.




1.

2.

[2]

Балл қою кестесі 10 сынып 2 тоқсан




Тапс ырма




Жауап



Балл

Қосымша ақпарат

1

Ежелгі: 1. Қазақ даласында өмір сүрген сақ, ғұн, сармат, үйсін сияқты тайпалық бірлестіктер қазақ ұлтының этникалық қалыптасуының негізін салды. 2. Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ, үйсін тайпасы мен бүгінгі қазақ ұлтының арасында этногенетикалық байланыс пен шаруашылық,
мәдени ұқсастықтарды атап өткен.

2

Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды

Ерте орта ғасырдағы: 1. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары ерте орта ғасырларда ұлт болып қалыптасуға дайын болды. 2. Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территорияны парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп
атағаны.

2

Дамыған орта ғасырларда: 1. ХІІІ ғасырда қазақ жеріне моңғолдар шабуыл жасап, рулық-тайпалық бірігу процесіне үлкен соққы берді. 2. Қазақ жеріне қоныстанған маңғыт,
барлас сияқты моңғол тайпалары ассимиляцияға ұшырап, түркіленді.

2

Кейінгі орта ғасырларда: 1. Қоғамда ақсүйек әлеуметтік тобының құрамына кірген моңғол ұрпақтары бірнеше мемлекеттерге бөлініп, жеке дара билікке ұмтылды. 2. Көшпелі өзбектер мен моңғол мемлекеттерінің арасындағы қақтығысты өз мүддесіне пайдаланған қазақ сұлтандары
Керей мен Жәнібек XV ғасырда қазақ тайпаларының басын біріктіріп, Қазақ хандығын құрды.

2

2

Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымды жағдайлар:

  1. Қазіргі қазақ даласындағы барлық ру-тайпалардың антропологиялық, мәдени этникалық ұқсастықтары күшейді.

  2. Түркілерді жаулаған Моңғол империясының тайпалары түркіленіп, жергілікті халықпен сіңісіп кетті.

2

Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды

Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымсыз жағдайлар:

  1. Моңғол империясының жаулау саясатының нәтижесінде қазақ халқының қалыптасу үдерісі 1,5 ғасырға кешеуілдеді.

  2. Қазақ даласына келіп қоныстанған ру-тайпалардың антропологиялық тұрғыдан әртүрлі болды.

2

Қазақстан аумағындағы этногенездік үдерістердің ерекшелігі туралы қорытынды ой түйін жазыңыз:
Сақ, ғұн үйсін тайпаларынан бастау алады. Жергілікті тайпалардың бірін-бірі жаулап, өз мемлекеттерін құруы этникалық процестерді үзген жоқ. Тек моңғол империясының жаулап алу жорықтары ұлт болып қалыптасу жолында үлкен кедергі болды. Дегенмен қазақ жеріне қоныстанған моңғол тайпалары жергілікті халықпен ассимиляцияға ұшырап, түркілену процесі жүрді.

2

3


Мәдени: Салт-дәстүр, Материалдық құндылықтар.

2




Генетикалық Шежіре, Жеті ата.

2

4

Жаһандану дәуірінде әр ұлттың өз құндылығын сақтау мәселесі өте маңызды.Себебі, қоғамда кейбір ұлттар ассимиляцияға ұшырап, өзінің мәдени құндылығын жоғалтып, тілінен айырылып жатқан жағдайлар көп кездесуде. Осы мәселені қазақ қоғамында да алдын алып, ертеңгі ел болашағы болар жас ұрпақ бойына қазақстандық патриотизмді сіңіру маңызды. Әр балаға отбасылық құндылықты, ұлттық құндылық пен руханилықты сіңіру арқылы ұлттық кодтың
мәдени саласын жан-жақты қалыптастырып, сіңіреміз.
Жеті атасын жетік біліп, шежіресін жан-жақты таратқан текті ұрпақ ұлтымыздың тарихының тереңіне үңілетіні анық.
Қазақтың ұлан-ғайыр даласы жүзден астам ұлттың Отанына айналып, бүгінде бейбітшілікте бір тудың астында өмір сүруде. Қазақстанды Отаным деген әр ұлттың басын біріктіретін құндылық ол туған жерге, Отанға деген зор сүйіспеншілік болып табылады.

6

Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды

5

хан

1




сұлтан

1

би

1

қарасүйек

1

  1. Ақсүйектер қатарынан шыққан Шыңғыс хан тұқымы қазақ қоғамында хан, сұлтан қызметін атқарды. Ал қожалар ислам дінін таратушылар ретінде қоғамда ерекше орын алды.

  2. Қарасүйектер мемлекеттің негізгі тобы болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы шаруашылықты дөңгелетуші шаруалар осы қарасүйектер қатарынан шықты. Сонымен қатар қол бастаған батырлар мен сөз бастаған билер де қарасүйектерден шығып отырған.

2

Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет