Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарды және олардың орналасқан жерлерін;
көшпенділіктің тарихи түрлерін;
еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін;
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын;
әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін;
Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерді біледі.
Түсіну
Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарының, негізгі оқиғалардың мәнін;
ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің әр түрлерінің, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін;
әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын;
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын түсінеді.
Қолдану
Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде;
Орталық Азия көшпенділер мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда;
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде;
Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.
Талдау
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;
себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды;
Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды талдайды.
Жинақтау
тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;
Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.
Бағалау
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін;
Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін;
тарихи мәліметтердің шынайылығын;
Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.