«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып


«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер



бет3/17
Дата16.03.2022
өлшемі0,68 Mb.
#135833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
« аза стан тарихы» п нінен то санды жиынты ба алау спецификаци
9 В 20.04, ТЖБ 2 ІІвар 9 сынып, Жақсыбек Ринат, 1577639881, 416232.pptx, 416232.pptx, Же л атлетика сек рутехникасы

3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер


Білу

  • Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарды және олардың орналасқан жерлерін;

  • көшпенділіктің тарихи түрлерін;

  • еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін;

  • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын;

  • әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін;

  • Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерді біледі.

Түсіну

  • Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарының, негізгі оқиғалардың мәнін;

  • ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің әр түрлерінің, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін;

  • әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын;

  • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын түсінеді.

Қолдану

  • Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде;

  • Орталық Азия көшпенділер мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда;

  • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде;

  • Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.

Талдау

  • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;

  • себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды;

  • Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды талдайды.

Жинақтау

  • тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;

  • Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.

Бағалау

  • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін;

  • Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін;

  • тарихи мәліметтердің шынайылығын;

  • Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет