Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттерді және олардың ерекшеліктерін сипаттайды
|
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Қолдану
|
Этникалық процестердің сабақтастығын анықтап, әлеуметтік жіктелу ұғымдарын түсіндіреді. Мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы кезеңдерін түсіндіріп, Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесін тұжырымдайды. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын түсіндіреді.
|
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Ғалымдардың пікірін зерттеп, көзқарастарды талдау арқылы көшпенділер өркениетінің тарихи процестеріне баға береді. Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдап, адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдап, Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси даму қайшылықтарын талдайды. Дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеп, Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдайды.
|
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|