Кейiнгi палеолит дәуiрi кезеңдегi жаксы зерттелген ескерткiштерге Шығыс
Қазақстандағы Шульбинка, Оңтүстік Казакстандағы көп кабатты Ш. Уалиханов
атындагы палеолит тұрақтары және жанадан ашылған Майбұлақ тұрақтары жатады.
Казiргi танда Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік
ескерткіштер табылған. Қазакстаннын неолиттік ескерткiштерi бiрнеше аймактық
топтарды кұрады, мүмкiн, мәдениеті жағынан бір-біріне ұқсас болуы – туысқан
тайпалардың өмір сүру аумагына сай.
Археолог Х.А. Алпысбаев 1959 жылы Оңтүстік Қазакстан облысынын Караүнгiр
қуысындағы неолиттік тұракта жүргiзген қазба жұмыстарынын нәтижесiнде үнгірді
мекендеушiлердiң түрлi тас құралдарының топтамасын тапты. Аншылыктын негiзгi
объектiсi құландар, аюлар, бұғылар, карақұйрыктар, еліктер, қабандар, жылкылар,
қасқырлар, өгiздер, кеклiктер, кырғауылдар мен тасбакалар болған. Үңгірден табылған
калдык заттар осыған дәлел. 1992 жылы Қазакстан - Ресей елдерiнiн бiрлескен
археологиялык экспедициясы үңгірдегі казба жұмыстарды жалғастырды.
1989-1990 ж. Батыс Қазакстаннын Атырау облысында неолиттік тұрактар табылған:
Шатпаккөл, Құлсары 1-5, Шандауыл, Қыземшек, Кайнар, Жылан-Қабақ, Қойқара,
Сарықамыс, Шаянды және т.б.
Қазақстан аумағында әзірге бiрнеше ғана неолиттік обалар табылған, әсіресе, олар
Солтүстiк Казакстанда шоғырланған.Обалардың бірде біреуінде де жердің үстіңгі
қабатында белгілері жоқ. Мәдени дәстүрлердің өзіне тән ерекшелігі мен өзгешілігін
сақтай отырып, Қазақстандағы неолит дәуіріндегі тайпалар көршілес жатқан аудандар
мен облыстардағы өзге тайпалармен де тығыз байланыста болған.
Достарыңызбен бөлісу: