Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) . Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)



Pdf көрінісі
бет50/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

69) . Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). 
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан 
қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін 
орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” 
саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа 
экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге 
өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің 
түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды.Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне 
байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) 
жүргізілді.
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет 
болды. Яғни кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Өнеркәсіптегі өзгерістердің 
нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын 
өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты 
ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң 
нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. 
Тресттердің пайдасы Ресейге кетті. 
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер : 
1. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. 
2.Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті. 
3. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.
4.Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. 
5.Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды. 
6.Жерді жалға беруге рұқсат берілді. 
7.Несие берілетін болды. 
8.«Қосшы Одағы» құрылды. 
9.1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, 
орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды. 
1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық 
басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 700 мыңнан астам 
адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет