дәстүрлерін сипаттауда берік арба туралы айтылатын жолдар бар: «Осы жерде, үйде болсын.
Жануарлар табыны және адамдар. Жүйрік ат болсын. Және мықты дөңгелекше».
«Авестаның» басқа бір тұсында: «Ұлы патшалықтар, онда олар мол ас әзірлейді, оларға үлкен
кесектерді береді. Жылқылар мұрны, дөңгелектері дірілдейді» деп көрсетілген.
Жалпы «Авестада» соғысатын арбалар туралы бірнеше рет айтылады. Оларды басқару үшін
ерекше шеберлік қажет делінген:
«Және арбаны, Епті жауынгер басқарады....».
Алтын және күміспен қапталған тұяқтары бар, жылқыларға жегілген алтын жалатылған
арбалардың ерекше түрі каянидтердің билеушілерінің сән-салтанатынан көрінеді: «Олардың
аттары күшті, Шапқанда жылдам. Олар дөңгелекшелерді зымыратып әкетеді, Қайыс тізгінін
тартады. Олар батыл мадақтаушыны алып жүр, Жүйрік аттар мен арбалардың (жүргізушісі), Ұзын
сапты өткір найзамен қаруланған...». «Құрметтейміз Митраны... Басқаратын күймені, ең үлкен
доңғалақты, «қуатты Митраны шығарады... Өзінің әдемі, тамаша, жеңіл алтын дөңгелекшелерін,
Төрт ақ түсті, жүйрік аттар тартуда, Тұяқтарының алды, Алтынмен көмкерілген, Арты күміспен.
Төртеуінің де әбзелдері бар, Баулары бар бір қамытта, Оқ ағаштары Ілмекпен бекітілген».
Достарыңызбен бөлісу: