ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ ІІІ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСІ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 9 маусымда 2015 жылы сағат 10.00 Астана қаласы «Қазмедиа орталығының» қарамағында (мекен-жайы: Астана қ. Д.Қонаев көшесі, 4) өтетін «Конституциялық құрылыстың мәселелері және Ұлт Көшбасшысының рөлі» атты Қазақстан тарихшыларының ІІІ ұлттық конгрестің жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конгрестің мақсаты: Конституциялық құрылыстың мәселелерін және Ұлт Көшбасшысының рөлін мемлекеттік сапалы механизімін жоғарылатуына түсініктеме жасау, сонымен қатар отандық білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.
2011 жылдан бастап тарихшылардың Ұлттық конгресінің (ТҰК) өзінің атқару қызметін белсенді түрде жүзеге асырып келеді. ТҰК-тың негізгі мақсаты Қазақстан тарих ғылымын жаңа сапалы деңгейге көтеру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жинақтау аумағын жүйелеу және үйлестіру, қазақ халқының тарихи, мәдени, рухани мұраларын танымал ету, оларды зерттеу, сақтау, дамыту болып табылады.
Конгрестің құрамына белгілі ғалымдар, кандиататтар мен тарих ғылымның докторлары кіреді. ТҰК «Тарих толқынында» атты арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасының барлық жобаларын және Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың осыған сәйкес алған қойған міндеттері мен шешімдерін жүзеге асыруға белсене қатысады. Берілген кешенді бағдарламаның аясында «Тарих толқынында» мақалалар жинағы 5 томмен жарыққа шықты, мұнда белгілі ғалымдар және көрнекті қоғам, мемлекет қайраткерлерінің ғылыми-танымал еңбектері енгізілді. Ақпараттық аумақ аясында ТҰК Халықаралық ғылыми-танымал «Мәңгілік ел» журналын онлайндық және принттік нұсқада қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде жоба бойынша жүзеге асырады. Қазіргі уақытта журналдың 10 нөмері жарыққа шығарылып, «Қазпошта» АҚ каталогіне енгізілді. ТҰК мүшелері бастапқы оқу құралдарын жүзеге асыруға белсене қатысты: «Қазақстан тарихының» ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңіне «Қазақстан тарихының тәуелсіздік кезеңі», «Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі» құнды кітаптар сериясының 20 томдығына.
2013 жылы 25 қазанда Қазақстан тарихшыларының ІІ ұлттық конгресі өткізілді, тарихи зерттеулер жобасының бағдарламасы аясында «Халық тарих толқынында» өзекті мәселелер талқыланды. ТҰК ұсынысымен елімізде 20 астам Қазақстан тарих кафедралары ашылды және соңғы жарты жылда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих факультеті ашылды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қарамағында елімізде ең алғашқылардың бірі болып білім беру саласының Мұражайы ашылды. Конгресс мүшелері докторлық диссертациялардың басымды тақырыптағы тізбесіне зерттемелік қайта өңдеу жасауға қатысты.
ТҰК 2015 жылы қаңтарда жас ғалымдар арасында «Отандық тарихтың өзекті мәселелері» бойынша ұлттық тарихты зерттеуге арналған Республикалық конкурс өткізді, оған Қазақстаннан 80 жас ғалымдар қатысты. «Исторический ежегодник» баспадан шығаруға дайындатылып қойылды, оған мазмұны қазіргі заманғы Қазақстан тарих ғылымының жетістіктерінен тұратын, «Тарихшылардың ұлттық конгресінің Кітапханасы» сериясы бойынша кітаптар жарыққа шықты: Д.Масімхан «Қытай туралы қырық сөз» (2014 ж.), А.Бөкейхан «Казахи» және К. Кемеңгер «Қазақ тарихынан» (2015 ж.).
Алдағы уақытта өткізілетін конгрестің қатысушылары тарихи ғылыми-сараптамалық қоғамның және Қазақстанның әлеуметтік-гуманитарлық ғылымының және шет елдердің өкілдері болады. Конгресс бағдарламасы: мұрағаттық, архиеологиялық, кітап көрмелері; «Тарихшылардың ұлттық конгресінің Кітапханасы» кітаптар серияларының тұсаукесері, «Мәңгі ел» журналының 10 нөмері және ІІІ тарихшылардың Ұлттық конгресінің еңбектерінің жинағы; ең таңдаулы жас тарихшыларды ақшалай сертификатпен және дипломдармен марапаттау, пленарлық және секциялық отырыстар және т.б.
ІІІ тарихшылардың Ұлттық конгресінің жұмысы төмендегідей ғылыми бағыттармен жүзеге асырылады:
Ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихы;
Еліміздегі өтіп жатқан маңызды тарихи оқиғалар және ондағы көшбасшының тарихтағы алатын рөлі;
Отандық және шет елдік тарихнамадағы Қазақстан Республикасы Конституциясының бағалануы;
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихи қоғамының танымы және Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Көш Басшы және Мемлекетті нығайтудағы оның рөлі;
ҚР Конституциясын жоғарғы оқу орындарында және мектептерде оқыту;
Тарих ғылымындағы пәнаралық жобалар;
Адами қорды дамыту және еліміздің тарихы жастарды патриоттық тәрбиелеудің негізі;
Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары және негізгі факторлары;
Мұрағаттану және мәдени мұраларды сақтау мәселелері;
Археология және этнография: тарих, методология, зерттеу дереккөздері;
Қазақстан тарихы оқулығының жоғарғы оқу орындары және мектептердегі жағдайы;
Тарихи-этнологиялық және фольклорлық экспедиция ұйымдастыру жөнінде;
Қоғамдық сананы отаршылдықтан тазарту;
Ұлт-азаттық қозғалыс;
Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің негізгі тоғыстары;
ТҰК-тің ұлтаралық ынытмақты және келісім нығайтудағы рөлі;
Қазақстан тарихшыларының ІІІ ұлттық конгресінің жұмысына қатысу үшін мәтінін толық нұсқасын және келесі талаптар бойынша рәсімдеген өтініштіберу керек:
ӨТІНІШТЕРДІ ТІРКЕУ ФОРМАСЫ
Қатысушылар қатарына қабылдауыңызды өтінемін_____________________________
(тегі, аты-жөні (толығымен)
Мақала (баяндамасымен)___________________________________________________
(мақаланың аты, қосымша авторымен)
Қосымша баяндамашы ____________________________________________________
(мақаланың аты, қосымша авторымен)
Бағыты__________________________________________________________________
(бағытын белгілеу қажет)
Мекеме атауы, лауазымы___________________________________________________
Ғылыми дәрежесі _________________________________________________________
Ғылыми атағы ____________________________________________________________
Пошталық мекен-жайы (индекс көрсету міндетті) _____________________________
Телефон (халықаралық байланыс кодымен) ___________________________________
E-maіІ (міндетті) _________________________________________________________
Керекті техникалық құралдар _______________________________________________
Қонақ үйге қажеттілік және келу, кету мерзімі _________________________________
Баяндаманың мәтіні келесідегідей талаптарға сай рәсімделген болуы қажет:
Файлдың аты және жеке файлдар автордың фамилиясымен аталуы қажет;
Баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан кем болмау, формат MS Word (*.doc немесе rtt) А4;
3. Барлық жолақ – 2см; Шрифт: Tіmes New Roman, KZ Tіmes New Roman, кегль – 12, жоларалық: интервал жадағай; азат жол: 1 см;
4. Кестелердің, схемалар мен суреттердің тақырыбы көрсетіліп, Wіndows-да терілген болуы қажет;
5. алдымен баяндама атауы жазылады: жоғарғы жағына, парақ ортасына бас әріптермен қою шрифтпен; ортасынан баяндама авторының Ф.А.Ж., (ов) (қысқартусыз); төмен қарай – ғылыми дәрежесі, лауазымы, мекеменің толық атауы, автордың қайда қызмет жасайтыны, елі; төмен қарай - E-maіІ; 1 аралықтан кейін баяндама мәтін берілуі керек;
6. Әдебиеттер қолдану реті мәтіннің соңында реті бойынша орналастырылады, сілтемелер төртбұрышты жақша ішінде беріліп, онда әдебиет қолдану реті бойынша беріледі мысалы: [6; 2-б.]).
Баяндаманы рәсімдеудің үлгісі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Көшкімбаев Айболат Қайырслямұлы
Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аймақтану кафедрасының профессоры
Астана қаласы, Қазақстан
TUC2011year@yandex.kz
Мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін [1, с. 2].
Баяндаманың мәтіндері 1 маусымға дейін ұйымдастыру комитетіне электрондық пошта арқылы төмендегідей мекен-жайға жіберіледі:
Қазақстан Республикасы, 010008, Сәтпаев көшесі, 2
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, №101 кабинет
е-mail: kongress.istorikov@mail.ru
Тел.: 8(7172) 70-95-13 (ішкі. номер 32-507; 31-105;) *
Канина Алла Леонидовна 8(7172) 70-95-00 + 31-152;
Қаусылов Данияр Алтынбекұлы 8(7172) 70-95-13; 8(7172) 70-95-00 + 31-105;
Барлық қосымша ақпараттар келесі сайтта жарияланып отырылады: www.enu.kz
*Нөмерді терудің ережесі: 70-95-00 + ішкі номер;
Ұйымдастыру комитеті мерзімінен кеш келген, тақырыпқа сәйкес емес, талапқа сай келмейтін және ғылыми деңгейі төмен баяндамалардың өтінішін қабылдамау құқығын өзінде қалдырады және 2015 жылы 1 маусымнан кейін жіберілген мақалалар қарастырылуға қабылданбайды.
ІІІ ұлттық конгрестің Оргкомитеті
Достарыңызбен бөлісу: |