Қазақстан тас дәуірінде



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,08 Kb.
#97556
1   2   3   4
Байланысты:
1 Қазақстан тас дәуірінде

НЕОЛИТ. Бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. VII мыңжылдықтың екінші жартысы мен VI мыңжылдықтың басына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техниика гүлденген кез болды. Қыспа ретушь техникасының жетілдіруімен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына – жиын-терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды. Онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар мен тайпалық бірлестіктер құрылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткішттер мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай төртке бөлінеді:

  • бұлақтық;

  • өзендік;

  • көлдік;

  • үңгірлік.

Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылды. Мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал-сайманар – пышақ тәрізді қалақтар және содан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғұрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болды. Бұлақтардың жанындағы тұрақтар – көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі – ашық үлгідегі тұрақтар.
ЭНЕОЛИТ. Энеолиттік кезеңде шақпақтас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соғады. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтықтары: жалпақ түпті, өрнегі бай керамика, ұсақ қалақша, тұрғын үйлер айқын көрінеді. Мыс қосылған шақпақтас бұйымдарымен ұштасқан бұл үлгілер жиынтығы энеолиттік үлгідегі археологиялық кешендерді сипаттайды. Энеолит дәуіренде климат ылғал болды. Сол арқылы ірі сүтқоректілер санының белсенді түрде табиғи өсуіне, көбеюіне мінсіз жағдай жасады.
Ботай мәдениеті. Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б. ІІІ – ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Ботай мәдениетін В. В. Зайберт ашты. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Ботай қонысында 70 000 жылқының сүйегі табылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет