Қазақстан топонимикасының даму тарихы с. Аманжолов атындағы ШҚму 1курс магистр Ожаева Б. Б



бет1/2
Дата15.12.2021
өлшемі21,42 Kb.
#101346
  1   2
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ, -1318007321, 9 класс БЖБ, Документ (1), 5 Ж тізім (1)


ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

1курс магистр Ожаева Б.Б.,
1.Қазақстандағы топонимикалық зерттеулердің дамуы, олардың ғылыми шығармаларының практикалық және ғылыми мазмұны.

2.Г.К. Қонқашпаевтың, Е.К. Қойшыбаевтың, Э.М. Мурзаевтың, А. Нұрмағанбетұлының шығармалары.

3.Қазақстан топонимдерінің шығу тарихы, лингвистік ерекшеліктері

 

Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер: жергілікті жердің табиғаты мен шаруашылығы жайлы ақпарат адамдардың күнделікті өмірі мен қызметінде кеңістіктік бағдар ретінде қызмет атқаратын сол географиялық объектінің атауы болып тілде сақталады. Осылайша бұл атауларда халықтық географиялық терминология кең қолданылып, табиғат құбылыстары, географиялық объектінің ерекшеліктері және ландшафттың ерекше белгілері көрініс табады. Географиялық атаулар жүйесі кез келген тілдің ажырамас элементі болып табылады, сондықтан тілмен бірге дамып келеді. Қоғамның дамуына байланысты бұл топонимдер жаңарып, әрі ылғи да толықтырылып отырады.



Географиялық атаулар белгілі-бір физикалық-географиялық жағдайда адамның күнделікті өмірі, тұрмысы, мәдениеті мен тарихына байланысты қалыптасып және дамып отыруы мүмкін. Атаулардың белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамның шаруашылық әрекетінің ерекшелігін зерттеуде ақпараттық көзі болатынын көптеген зерттеушілер атап өткен. Адамның дәстүрлі шаруашылық әрекетінің қалыптасып, дамуына сол кезеңдегі физикалық-географиялық, тарихи, әлеуметтік жағдайлар себепші болады. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік сипаты көрініс табатын топонимдердің қатар кездесуі осы шаруашылық салаларының географиялық шоғырлануына, сол кезеңдегі табиғат жағдайларына қатысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер міндетті түрде нақты деректермен (тарихи-археологиялық, географиялық, лингвистикалық) расталған жағдайда, құндылығы арта түседі

Топонимдер зерттеушілер үшін таным тірегі болып табылады. Топонимика ғылымы кез келген ауданның табиғи жағдайлары мен табиғи қорларын, айрықша қорғалатын табиғи аумақтарын зерттеуде маңызды қолданбалы сипат алады. Бұл міндеттерді шешу үшін географиялық атаулардың номинациясына себеп болған тарихи оқиғалар, атаулардың мағыналық жүктемесі және осыған сәйкес алынатын географиялық ақпаратты ескерудің маңызы зор.

Қазақ жеріндегі бірқатар топонимдер 1863-1885 жылдары жарық көрген П.П. Семеновтың “Россия империясының географиялық-статистикалық сөздігінде” көрініс тапқан. Сөздікте топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған және терминнің қазақшадан аударғандағы мағынасы жақша ішінде берілген. Бұл сөздіктің қазіргі топонимика ғылымы үшін маңызы атаулардың тізімін, мағынасын беруімен ғана емес, объектінің георафиялық ерекшеліктерін қысқаша сипаттауымен де құнды. Мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге, мағынасын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Ал Қазақстан аумағындағы көне және қазіргі заманғы түркі топонимиясы зерттеуде В.В. Радловтың, А.Н. Кононовтың және т.б. қосқан үлесі зор болды.

Қазақстанда топонимика ғылымының негізін қалаушы Ғ.Қ. Қоңқашпаев өз еңбектерінде қазақтың халықтық географиялық терминологиясын жинақтап, талдады. Ғ.К. Қоңқашпаевтың география ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін қорғаған диссертациясы (1948) осы кезеңге дейін топонимика саласында көп сілтеме жасалынатын еңбектің бірі болып табылады. Ғалымның әсіресе географиялық терминдердің атауларды қалыптастыру заңдылықтарына, терминдердің аймақтық, жергілікті семантикалық ерекшеліктерін зерттеуіне қатысты тұжырымдары өте құнды. Ол еліміз аумағындағы монғол атауларын, түркі тілді географиялық терминологияның заңдылықтарын қарастырумен бірге, топонимикалық сөздік құрастырумен де айналысты. Ғ.Қ. Қоңқашпаевтың топонимика және терминология мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері Қазақстан топонимика ғылымының қалыптасып дамуына зор үлесін тигізді.

Топонимика ғылымының дамуында ерекше орынды белгілі географ Э.Мурзаевтың еңбектері алады. Оның топонимикалық еңбектерінде топонимиканың теориялық мәселелері, аймақтық топонимикалық зерттеулер және жергілікті географиялық терминдердің топоним қалыптастыруна қатысты мәселелеркөрініс тапқан. Э. Мурзаев топонимиканы лингвистика, тарих және географияның зерттеу әдістерін пайдаланатын, осы ғылымдардың теориялық негіздеріне сүйенетін дербес ғылым ретінде көрсетті. Ғалым өз еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстандағы географиялық атаулардың қалыптасуына, дамуына да айрықша назар аударған. Э.Мурзаев қазақ топонимисі Ғ.Қ.Қоңқашпаевтың халықтық географиялық терминологияға қатысты зерттеулерін жоғары бағалап, бұл еңбектерге өз зерттеулерінде сілтемелер жасаған. А.Нұрмағанбетұлының «Жер су аты- тарихтың хаты» деп аталатын еңбегінде Қазақстан жеріндегі географиялық атаулардың қысқаша шығу тарихы мен сол нысандарға сипаттама берген.

К.Рысбергенова Оңтүстік Қазақстан аумағындағы топонегіздерді тілдік тұрғыдан үш топқа: 1) субстратты (көне); 2) сырттан енген; 3) түркілік қабат деп жіктейді. Әрбір тілдік қабатты белгілі бір тарихи кезеңде қалыптасып, кейінгі дәуірлерде мүлде өзгеріске түспеген деуге болмайды. Өйткені қалыптасқан кезінен бастап, әрбір географиялық атау тарихи-географиялық және әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріске ұшырап отырды.

Топонимдердің өте көне субстратты қабаты қазіргі заманғы тілдер тұрғысында түсіндірілмейтін, яғни бұрынғы замандарда осы өлкені мекендеген халықтардың тілдеріне жататын топонимиялық қабатты қамтиды. Бұл қабатқа ежелгі түркілік, соның ішінде оғыз кезеңіндегі топонимдер жатады. Сырттан енген топонимдер қабатын иран, араб, монғол, орыс тілдеріндегі географиялық атаулар құрайды. Бұл тілдерден енген атаулардың қалыптасу барысына, құрылымдық ерекшеліктеріне тарихи-лингвистикалық, географиялық факторлар ықпал етті.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет