«Қазақстанағы аштық, 1921-1922жж: құжаттар, статистика, ақпарат» деректері бойынша контент талдау



Дата08.02.2022
өлшемі29,69 Kb.
#121405
Байланысты:
« аза стана ы ашты , 1921-1922жж жаттар, статистика, а парат»
Би үйірмесі Айнур Дуйсебаева (2), Тапсырма 1-күн-4, 10 кл БИОЛОГИЯ 1-тоқсан, Microsoft Office Word Document (9), 1. аза стан аума ында мемлекеттерді пайда болуы мен дамуы ежел, 1514469097 (1), 1514469097 (1), 1514469097 (1), 1514469097 (1), 1514469097 (1), 1514469097 (1), 1514469097 (1), 1514469097 (1), 7 кл Контрольная входная работа по русскому языку

«Қазақстанағы аштық, 1921-1922жж: құжаттар, статистика, ақпарат» деректері бойынша контент талдау.


Қазақ халқы үшін тəуелсіздігімізді алған жылдардың ішінде Қазақстан тарихнамасында күрделі болып келген тақырыптарды ақиқаттық тұрғыдан ашып көруге, шынайы баға беруге мүмкіндік туды. Академик М. Қ. Қозыбаев “Қазақ халқы босағасы берік, шаңырағы биік мемлекет болған екен, ендеше, оған өзіне лайық тарихы да жазылуы қажет”- деуі Қазақстан халқына 70 жыл бойы кеңестік жүйе идеологиясында болып бұрмаланған ата тарихымызды қайтадан ой елегінен өткізіп, жаңаша көзқараспен зерделеу жүргізу қажет екендігін білдіреді. Ауа райының аса қолайсыз құбылыстары, атап айтқанда, қуаңшылық, жерді көк мұз басуы т.б. салдарынан болатын экономикалық күйзе­ліс­ті ежелгі қазақтар жұт деп үрейленген. Қазақ «жұт - жеті ағайынды содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он» деген сөздер де ертеден келе жатыр. 19 ғасырда қазақ даласында 20 ірі Жұт тіркелген. Міне, осындай дүркін-дүркін Жұттан аман қалған қазақ, большевиктер билікке келгеннен кейінгі жағдайда оған төтеп бере алмады. Оның басты себебі, жұмысшы мен шаруаның одағына негізделген пролетариат диктатура­сы­ның орнауы еді. Бұл төңкеріс бастапқыда «әлемдік социализм» теориясына сәйкес Ресей империясына «тәжірибе» ретінде енгізілгенді. Кеңес өкіметінің 1920 жылдан басталатын дербес билігі 1930 жылдары тоталитаризм (лат. totalis - тұтастай, түгелдей) жүйесін туғызды. «То­талитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірі­нің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқық­тары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшы­райды. Оның тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытай­да Мао Цзэдун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режімі кезінде, сондай-ақ фашистік Италияда Б.Муссолини және Германияда А. Гитлер тұсында орнады» /«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, 2006. - 704 б.-Т.8.- Б.458/.


Тоталитаризм орнаған КСРО-да 1920-30 ж.ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары ме­н ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдас­тыру саясаты жүзеге асырылды. Нә­ти­жесінде қазақ халқы алапат ашаршы­лыққа ұшырап, жаппай босқыншылықты бастан өткерді. Кеңестік тоталитаризм зиялы қауым өкілдерін ұлттық саяси ұстанымдарына орай «тап жаулары», «жат пікірдегілер» және «әлеу­меттік қауіпті элементтер» ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бө­кей­ханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Бай­діл­дин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рыс­құлов т.б. Алаш арыстары тоталитаризмнің құрбаны болды.
XX ғасырдың басында ашаршылық қазақты үш рет айналып соқты. Алғашқысы 1917-1919 жылдардың аралығында болды. Кеңес Одағы құрылуының алды-артындағы соғыс пен малының талан-таражға түсуі – көшпелі халықтың аштыққа ұшырауына себеп болған. Екіншісі – 1921-1922 жылдары, Кеңес Одағында болған құрғақшылықтан мал қырылып, қазақтар жиі қоныстанған облыстар тағы ашаршылыққа ұрынады. 1921-1922 жылдардағы аштық кезiнде өлгендердің саны 1 млн 700 мың адам (ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша). Үшіншісі – 1932-1933 жылдардағы Кеңес Үкіметінің қазақ ұлтын жойып жіберу мақсатында ұйымдастырған ашаршылығы. Одақ басшысы Сталин бастаған орталық билік Голощёкинді Қазақстанға басшылыққа жіберіп "кіші қазан" төңкерісін ұйымдастырды. Салықшылар халықтың қолындағы бар мал мен астықты тартып алды. 1929 жаздағы санақта тіркелген 40 млн-нан астам малдан 1933 жылы жазда 4 млн бас қалған. Жеуге тамақ қалмай, ауыр апатқа ұшырап, миллиондаған адам өлді және босып кетті. Үкімет босқан халыққа көмек берудің орнына қырылуына жол берді, тіпті емдеуге тиым салды. Қазақ халқының 60-80 пайызы жойылып кетті.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады. Бұл ашаршылық қазақ халқында айналып өткен жоқ. Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. ОралОрынборҚостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді. Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды.
1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары Түркістан АКСР-і құрамындағы Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды.
Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50,3%-ы — қазақтар, 31,2%-ы - орыстар, 14,4%-ы – украиндар болатын. Қазақ республикасында 1922 жылдың наурыз және сәуір айларындағы дерек бойынша, Семей губерниясының тұрғындарын қоспағанда, алты губерния тұрғындарының 68,2%-ы ашықты. Кейбір губернияларда ашыққандар саны орта көрсеткіштен де асып кетті. Орал губерниясында тұрғындардың 99%-ы, Орынбор губерниясында -80,3%-ы, Қостанай губерниясында 74,5%-ы аштық құрсауында қалды. Бөкей губерниясында осы көрсеткіш 29,5%-ды, Ақмола губерниясында 40,2%-ды құрады. Аштық пен құрғақшылықтан зардап шеккен губернияларда мал саны күрт азайды. Тек Қостанай губерниясында ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ға, ірі қара (сауын малы) 50%- пайызға, ұсақ мал 65%-ға азайды, егіс алқабы 62%-ға қысқарды . Республиканың ашаршылық жайлаған губернияларының тұрғындары жан сауғалап өз еріктерімен оңтүстікке — Түркістан республикасына, шығыста - Ақмола және Семей губернияларына қарай босты. Еділ бойының тұрғындары Орынбор жәнеТүркістан губернияларына қарай ығысты. Мұның өзі Қазақстандағы жағдайды одан әрі күрделілендіріп жіберді. Көршілес республикалардан босып келген аш адамдардың толассыз ағыны астығы жақсы деп есептелетін Ақмола және Семей губернияларының да ашыққан халық санын көбейте түсті. 1922 жылдың наурызында-ақ ашыққандар саны 472 мың адамды құрады, ал бұл губернияның 1921 жылғы барлық тұрғындарының жалпы санынан сәл ғана кем еді. Республиканың ашаршылық өршіген аймақтарының халқы азық-түлік қорындағы болмашы астықты талау әрекетіне кірісті. 1922 жылғы 19-27 ақпанда Орынборда өткен екінші жалпы қазақстанды өңірлік партия конференциясында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешевтің «Қазақ АКСР-індегі ашаршылық және онымен күрес» деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды. Конференция көрсеткендей, ашаршылық Семей және Ақмола губернияларын қоспағанда, республиканың барлық аймақтарын қамтыды. «Ашаршылықтың ғаламат болғаны соншалық, жүрек жалғайтын түк таппаған аш-арықтар өлгендер мәйітін де талғажу етті. ...Бүкіл елге тараған зұлмат аштық Қазақ АКСР-інің шаруашылық-экономикалық өмірін дамытуда басты кедергі болды, ол кеңестік құрылыс іргетасын шайқап қана қойған жоқ, сонымен бірге халықтың басты көпшілігін қайыршылыққа ұшыратты» деп жазылды. Құжатта ашаршылықпен және оның салдарымен күресуге бағытталған бірқатар нақты шаралар белгіленді. Аштық жайлаған Торғай уезінің тұрғындарына губерниялық азық-түлік комитеті көмек ретінде 50 000 пұт астық және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тұқым қорынан 500 пұтастық бөлді. Уездік атқару комитеті төрағасының басқаруымен жабдықтау бөлімі, экономикалық және азық-түлік бөлімдері өкілдерінен ашыққан халыққа жедел көмек көрсету үшін комиссия құру туралы шешім қабылданды. Ашаршылық 1921 жылы Қостанай уезінің барлық аудандарына дерлік тарады. Көптеген болыс тұрғындарының 75%-ына жуығы аштықтан зардап шекті. Болыстық, селолық және ауылдық кеңестер ашаршылық пен бала өлімін тексеру үшін аянбай күресті. 1. жылдың екінші жартысында уездің ауылдары мен селоларында 10 балалар үйі ашылды, онда 1000-ға жуық ашыққан балалар орналастырылды. Балалар үйі азық-түлік салығы есебінен тамақпен қамтамасыз етілді, отындық ағаш дайындау шаруашылық қаражатымен жүзеге асырылды. 1921 жылы осындай шаралар Қазақстанның басқа аймақтарында да жүргізілді. Ойыл уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 16 шілдедегі шешіміне сәйкес қараусыз, ашыққан картгарды болыстардағы ауқатты адамдарға табыстады. Оларды тегін тамақтандырып, жатар жаймен қамтамасыз етуді міндеттеді. 1922 жылдың көктеміне қарай республика бойынша ашыққандарға көмек корсету үшін барлығы 7 губернииялық, губерниялыққа теңестірілген 1 уездік (Адай губерниясы), 46 уездік және аудандық, 1127 болыстық, ауылдық және селолық комиссиялар ұйымдастырылды. Сонымен бірге 556 жергілікті өзара көмек комитеттері құрылды. Барлық комиссиялардың қызметін Қазақстан ОАК-і жанынан ұйымдастырылған, ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия үйлестіріп отырды. Комиссиялар жұмысының арқасында 1921 жылдың күзінен бастап көптеген аштыққа ұрынған елді мекендерде тегін тамақтандыратын асханалар ашылды, қараусыз балаларға арналып балалар үйлері ұйымдастырылды. Болыстық атқару комитеттерінің жандарынан комиссиялар ұйымдастыруы, көмек ретінде, кімде қанша мал, қанша астық, қанша ақша бар, соның тізімін жасауы тиіс болды; осы тізімдер болыстық атқару комитеттерінің бекітуіне жатқызылды». Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды. Елдің орталық аудандарындағы ауыр жағдайларға қарамастан РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақстандағы ашаршылық құрбандарына дәрі-дәрмек, азық-түлік, астық түрінде айтарлықтай көмек көрсетті. 1922 жылдың көктемгі тұқым себу жұмыстары қарсаңында Қазақстанның аудандары тегін көмек ретінде 907 501 пұт тұқымдық астық алды. Олардың тұқым сепкен алқабы 957 224 десятинаға жетті. Тұтас алғанда, барлық тұқымдық астық 1922 жылдың өзінде-ақ Қазақстанда себілді. Республиканың аштық жайлаған барлық губернияларында бөлімнің жергілікті органдары ұйымдастырылды. Осы ұйымдардың жұмысы нәтижесінде 1922 жылдың бірінші жартысында республиканың 5 губерниясында аш және қараусыз балаларды тамақпен және киіммен тегін қамтамасыз ететін 575 балалар үйі мен 9 станция пайда болды. Ресей Федерациясының жағдайы қанағаттанарлық деп есептелген кейбір губернияларына 18 496 қаңғып қалған балалар мен жетім балаларды тиеген 16 әскери-санитарлық поезд жөнелтілген. Толық емес деректер бойынша, тек 1922 жылы ғана ҚазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына елдің әр түрлі аудандарынан 66 790 пұт астық пен азық-түліктін басқа да түрлері, 161 567 паек, жарты миллион сомға жуық ақшалай көмек, 100 пұттан астам сабын, бірнеше мың метр мата, бірнеше жүздеген пар аяқ киім, көптеген дәрі-дәрмек берілді. Қазақстанның аштық жайлаған губернияларына Семей губерниясы айтарлықтай көмек көрсетті: өз губерниясында дайындаған азық-түлікке қоса, республиканың және Еділ бойынын ашыққан тұрғындары үшін кршілес Монғолиядан 1922 жылы 77 000 қой және 5 000 ірі қара сатып алды. Кейбір халықаралық ұйымдар (Қызыл Крест, балаларға көмек көрсету жөніндегі Халықаралық Одақ және басқалары) мен жекелеген белгілі тұлғалар да көмек көрсетті. Норвегияның әлемге танымал ғалымы және қоғам қайраткері Ф. Нансен КазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына 4 052 жәшік консерві, 20 жәшік кептірілген нан, 30 пұт медикаменттері бар екі жылжымалы амбулатория берді. Қызыл Крест тарапынан 11 дәрігерлік-тамақтандыру отряды ұйымдастырылып, жұмыс істеді, олар ашыққан көшпелі қазақ ауылдарына қызмет көрсетті. Осы отрядтар ашыққандарға өз асханалары арқылы 2000 азық-түлік паегін бөлді, медициналық пункттері мен ауруханалары арқылы қажетті көмек көрсетті. 1922 жылдың соңына қарай босқындар туған өлкелеріне орала бастады. Оларды қарсы алу мен орналастыру жұмыстары жергілікті кеңестерге жүктелді. Мұндай жұмыстың ауырлығы мен қиындығы ашаршылықпен күресу жөніндегі жұмыстан кем түскен жоқ. Босқындарды қарсы алатын, оларды ауылдарға, кенттерге, қалаларға және басқа елді мекендерге орналастыру жұмысын ұйымдастыратын арнаулы комиссиялар құрылды. Кеңес үкіметі оралғандарға арнап әлеуметтік жеңілдіктер көздеді. Өз мекеніне қайтуға тілек білдіргендер үшін жолақысына 40 000 сом бөлінді. Осыған қоса, ішінде пеші бар жүк поездарымен еліне қайтқандарға жолақысының 50%-ын төлеуге рұқсат етілді. 1922 жылғы 1 тамыздан бастап оралғандарды салықтың барлық түрінен босату көзделді. 1921 — 1923 жылдардағы ашаршылықтан зардап шеккендер мен азық-түлікке өте зәру губерниялардың тұрғындарына да осындай жеңілдіктер қарастырылды. Күйзелген шаруашылықтарға мемлекет тарапынан өндірістік көмек көрсетілді, ал малы жоқ, орташа ғана астық жинаған шаруашылықтар азық-түлік салығының 50%-ынан босатылды, сондай-ақ 1921-1922 жылдарға берілген несиені төлеу мерзімі ұзартылды, бірыңғай мемлекеттік салық төлемі бойынша жеңілдіктер жасалды.
1921 жылдың наурызындағы мәліметке сенсек, Орал губерниясында тұратын 470028 адамның 446536-сы, яғни 99 пайызы аштыққа ұшырады. 1922 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша Орынбор губерниясында – 437776, Қостанай губерниясында – 252816, Ақтөбе губерниясында – 359326, Орал губерниясында – 277835, Бөкей губерниясында – 100 мың, Адай уезінде 75 мың адам ашаршылыққа ұшырады. Қиналған халыққа жұртты жұмылдырып көмек берген, ажал, аштық, тырнағынан арашалаған Алаш арыстары кейіннен малды құжатсыз үлестірді деген жаламен істі болды. Қызыл коммунистер осылайша «Торғай ісін» бастады. Елдегі ашаршылық жайы сол кездерде ұлт зиялыларын да бейтарап қалдырған жоқ. 1920 жылдары орын алған ашаршылықтың зардабын сол кездегі зиялылардың көбі жазды, олардың арасында Тұрар Рысқұлов та, Мұстафа Шоқай да болды. Соңғы кезде ҰҚК мұрағатынан Мұхтар Әуезовтің 1921 жылы қазақтың тұңғыш құрылтайында сөйлеген сөзі табылды. Мұхаң сондағы сөзінде: «соңғы жылдары ашаршылықтың салдарынан 1 миллион 700 мың қазақ қырылды, оның 700 мыңы – балалар» деген екен. Сол тұста «Правда» газеті Сафаров есімді комиссардың 1 миллион қазақ қырылды деген сөзін келтіреді.
Сағат Жүсіп ағамыздың мәліметтері мен жинаған құжаттарына қарағанда Кеңес Одағы қазақты жойып жіберу үшін жоспарлы түрде жұмыс жасаған. Ашаршылықтан қиналған елді қырды. Оларға жаны ашыған қазақтардың барлығын соттады.
– Біз, көбінесе, ашаршылық жайлы айтқанда, оны 1931-33 жылдар мен 1920 жылдардың аяғында жүр­гізілген кәмпескелеу, зорлап отырықшылдандыру мен ұжымдастырумен байланыстырамыз. Шын мәнін­де, ашаршылық қазақ даласына больше­виктердің үкімет басына келген күндерінен басталды. Билік басына келген әртүрлі саяси қудаланғандар мен соғыстан қашқан солдаттар тыныш жатқан қазақ даласына ойран салды, қазақты атты, асты, тонады. Кеңес үкіметінің шынайы бейнесіне 1917-1919 жылдары Перовск уезін басқа­рған совдептің төрағасы Иосиф Гержодтың басқаруымен жасалғ­ан қанды қырғын айқын дәлел бола алады, – дейді Сағат ағамыз.
Тілеу Көлбаевтың «Ұлт зиялылары ашар­шылық тұсында» мақаласында жарияланған Ілияс Жан­сүгіровтің «Жұт - жетi ағайынды» өлеңiн келтіруді жөн көрдім:
Болғанда ақтабанды шұбырынды,
Қазаққа кесе келiп кiм ұрынды?
Орта жолдан мен келiп килiгiп ем,
Тұмсығы қазағыңның тұжырылды.
Айтпайық, Орал менен Iшкi Ордасын,
Семейдi, Ақмоладай жолдасымен.
Елiн ойран, жерiн шаң топырақ қып,
Қайыршы қылып қойды қатырып, басы, миын».
Алайда, қазақ оқығандарының әр­түрлі жанрдағы жанайқайын еститін құлақ бол­мады, тыңдаусыз қалды. Оның ақы­ры немен аяқталғаны, баршамызға мәлім. Бүгінге дейін Қазақстандағы ұжым­­дастыру науқаны мен ашаршылыққа қарсы бой көтерулер туралы аз жа­зыл­ған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет