1. https://azh.kz/kz/news/view/31166
Қазіргі таңда елде дағдарыс жоқ.
Қазақстанда дағдарыс жоқ. Бұл пікірді орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды, Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тілшінің сұрағына жауап берген Дәленов Қазақстанда 2017 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсімі 4%-ды құрағанын атап өтті. Былтырғы экономикалық ахуалдың жаман болмағанын келесі көрсеткіштерден білуге болады: өндіруші емес өнеркәсіп салаларында 2/3 өсімге қол жеткізілді; барлық ішкі салада алға ілгерілеушілік байқалады; өңдеуші өнеркәсіп салаларында бес жылдық максимум тіркелді; қажетті салаларда да айтарлықтай өсім бар (мәселен фармацевтикада 41,8%); шикізаттық емес және терең өңдеуден өткен тауарлар экспорты ұлғаюда.
Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық экономика министрінің орынбасары айтқандай, мұнай бағасы биыл барреліне 45 доллар деңгейіне жетті."Қазір биылғы бюджет үшін болжамды шынайы бағаны таңдап жатырмыз. Тағы бір жайтты ескеруіміз қажет, экспорт айтарлықтай өсті, әрі қарай да ұлғаятын болады, өнеркәсіп те жақсы дамып келеді, барлық параметр жоғарылады. Нақты таңдалатын күнді анықтап айта алмаймын. Қаржы министрлігі ұсыныстарды жинап жатыр, үкіметте ақылдасып шешкен соң, шешім қабылданады", — дейді Руслан Дәленов.
2. https://www.zakon.kz/video/v/69658.html
Бюджет пен салық заңнамасына түзетулер енгізіліп, бірқатар мемлекеттік бағдарлама қолға алынды. Соның нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің өсімі былтыр 4 пайызды құрады. «Бұл көрсеткіш әлем мен көршілес елдердің өсімінен жоғары. Яғни қазіргі таңда экономикалық дағдарыс жоқ», – деді Руслан Дәленов. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен аталған министрлік өкілдері Қазақстанның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады. Сонымен,«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жолдың» негізінде 4 мың шақырым жол қайта жөнделіп, индустрияландыру картасы аясында 120 жоба жүзеге асырылған. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы» шеңберінде 192 мың кәсіпкерге қаржылай көмек көрсетілді. «Сондықтан еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жақсы деп бағалауға толық негіз бар» деген министрлік мүшелері өзін-өзі басқаруды дамыту жайына да тоқталды.