Қазақстанда құқық жүйесінің болашақта даму бағыттары. Құқықтық идеологияны қалыптастыруға қоғамдағы барлық саяси, əлеуметтік күштер, ұйымдар бəрі бірігіп, үлес қосуы қажет. Əрбір одақ əр жаққа тартса, қоғамда тұрақты бірлік те, сапалы құқықтық идеология да болмайды. Мұндай қоғамның болашағы жоқ деуге болады.
Құқықтық идеологияны қалыптастыру жұмысы жариялы, ашық, демократиялық түрде жүргізіліп, барлық халықты, олардың құрған ұйымдарын қатыстыруға толық мүмкіншілік беру қажет.
Құқықтық идеологияны қалыптастыру процесінде халықтың көпшілігінің мүддесін іс жүзінде асырамыз деп, азшылықтың, жеке адамдардың мақсатына нұқсан келтірілмеуі қажет. Өйткені демократиялық қоғамда жеке адамдардың бостандығы мен құқықтарына шектеу жасауға қатаң тыйым салу қажет.
Құқықтық идеологияның алдындағы сан қырлы мүдде-мақсаттың ең күрделісі, ең маңыздысы — қоғамның саяси-экономикалық жəне Қазақстанның тəуелсіздігін, қорғанысын күшейту. Міне, осы мəселелерге мемлекет, халық, барлық ұйымдар, бірлестіктер, ұжымдар, саяси партиялар бірігіп іс- əрекет жасаулары өте қажет. Мемлекетіміздің тəуелсіздігі мен егемендігі күшеймей, басқа жақсылықтарды күту, болады ғой деп сену — жай қиял.
Сонымен, құқықтық сана халықтың, адамдардың саяси жəне құқықтық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқықтары мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекеттік жəне еңбек тəртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады. Əдебиеттер тізімі Арыстамбаева С. Гносеология как парадигма правого общественного сознания // Евразийское сообщество: общество, политика, культура. — — № 2. — С. 26–46.
Еликбаев Н. Некоторые аспекты правосознания и правовой культуры в новых условиях // Фемида. — 2004. — № 8,9. — Б. 36–50.
Мартышин О.В. Национальная политическая и правовая культура в контексте глобализации // Государство и право. — 2005. — № 4. — С. 16–67.
Махметова Н.У. Соотношение права и морали // Қазақстан кəсіпкері — Профессионал Казахстана. — 2008. — № 1. — С. 45–112.
Автордың аты-жөні, тегі: А.И.Бирманова
Журнал: Қарағанды университетiнiң хабаршысы Жыл: 2010 Қала: Қарағанды Категория: Құқық