«Қазақстандағы ашаршылық: себептері мен салдарлары»



Дата06.02.2022
өлшемі13,38 Kb.
#79705
Байланысты:
Қазақстандағы ашаршылық


«Қазақстандағы ашаршылық: себептері мен салдарлары»
Большевиктер өкіметті басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі дүркін- 20- жылдар басында және 30- жылдар басында жантүршігерлік ашаршылықты бастан өткерді. Осы аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап тоз-тоз болып, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды.
Күштеп ұжымдастыру шаруашылыққа, халықтың тұрмыс- тіршілігіне көп зиян келтірді. Жалпы күн көру мал бағу есебіне болған қазақтар 2-3 жыл ішінде малынан айырылды. 1928 жылда 45 миллион ірі қара мал бар болған болса, 1938 жылда 4,5 миллионы ғана қалды. Малы жоқ тақыр кедейлер көбейді. 1931-33 жылдары Қазақстан халықтары ашаршылыққа ұшырады. Ашаршылық жылдарында сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың 49 ның, тең жартысы, яғни 2 миллионы қырылды. Басқа халықтарда да ашаршылық болды, бірақ ешбір халықтың қазақтардай тең жартысы қырылған емес.
Ашаршылық дегені – миллиондап халықтың өлімі дегені, бұл тыныш кезеңде, соғыссыз, басқасыз, халық үшін өте үлкен апат. Көпшілік кедейлер ауылдан шығып, жан-жаққа тарқап кетті. Ашаршылық әсіресе қалаларда, темір жолдарда, ұзақ ауылдарда қатты болды. Қаладан қалаға көшген халықтың саны бір миллионнан асты. Олардан 400 мың адам қайтып келген, басқалар қайтпады.
1933 жылы Ф.И.Голошекин қызметінен алынып, орнына Л.И.Мирзоян тағайындалды. Бірақ бұл кеш еді. Ұжымдастыру және отырықшыландыру кезінде жәбірленушілер жұмысшы халық және шаруалар болды. Сондықтан олар наразылық білдірді және қарулы көтерілістер жүзеге асты. Жалпы 1929- 1932 жылдар аралығында 400 ге жуық көтерілістер болып өтті. Олардың біріншісі 1929 жылы Сырдария округінің Бостандық районында басталды. Оған қазақ, өзбек , қырғыз шаруаларынан 400 ге жуық адам қатысты. Сол жылы Қостанайда, 1931 жылда Қарқаралы, Шығыс Қазақстанда, 1930 жылда Созақта, Ырғызда, Қарақұмда, Алматыда қозғалыстар болды. Созақта , Ырғызда көтерілісшілер қырғынға ұшырады. Созақта Кеңес үкіметінің әскерлері 316 көтерілісшіні өлтіріп, 276 –ын тұтқынға алды. Үкімет әскерлерінен біреуі де өлмеді, себебі көтерілісшілер қару -жарақсыз болды.
Ф.И.Голошекиннің қызметінен алынуымен ұжымдастыру саясаты да аяқталды. 4-5 жылда 7 мыңнан артық колхоз пайда болды. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын бірлесіп жүргізу, техниканы қолдау арқылы егін және мал көбеюіне алып келді. Мыңдаған жұмысшылар еңбегі нәтижесінде жер көлемі артты, түрлі егін егілді, шаруа көбейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет