1.Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері. 2. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдар» күрестері жылдарында 3. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы. 4.Тұтас Түркістан идеясы және басмашылар қозғалысы
2.Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.
Қазақстандағы азамат соғысы
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері Азамат соғысының ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды
3.Түркістан АССР-інің мемлекеттік-құқықтық дамуындағы 1920 жылғы конституцияның орны мен рөлі
Қазіргі таңда қазақстандық ғылым өзінің дамуының жаңа кезеңінен өтуде. Отандық ғылым саласының қайсысын алсақ та ілгерілеу, даму үрдісін байқаймыз. Соның ішінде тарихи-құқықтық салада да көптеген оң өзгерістерді көреміз. Бұрынғы Кеңестік идеология сарынымен жазылған жəне бағаланған тарихи оқиғалар мен үрдістер, қазіргі таңда өзінің объективтік бағасын алып, түбегейлі зерделенуде. Осы тұста, Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының ажырамас бөлігіне айналған, 1918-1924 ж. аралығында өмір сүрген Кеңестік үлгідегі Түркістан АССР-нің мемлекеттік- құқықтық бет-бейнесін қайта зерделеу мүмкіндігіне иеміз.
Кеңестік Түркістан Республикасының, айтып өткеніміздей, тарих үшін аз ғана уақыт кешкеніне қарамастан еліміздің мемлекеттік-құқықтық болмысында орны бар. Себебі Түркістан АССР-нің құрамына қазіргі Қазақстанның халқы тығыз орналасқан Қызылорда, Жамбыл, ОҚО, Алматы өлкесі (сол кездегі Сырдария жəне Жетісу облыстары) кірген болатын. Кейіннен 1924 жылғы Орта Азия республикаларын межелеу саясатының нəтижесінде Қазақстанның оңтүстік облыстары ҚазАССР-нің құрамына қосылған болатын. Сондықтан да бітім-болмысы біз үшін өте маңызды екені даусыз.
4.Тұтас Түркістан идеясы және басмашылар қозғалысы.
Қазақтың қайсар ұлдарының бірі Мұстафа Шоқай – ұлт азаттығы жолында құрбан болған қайраткер. Рухы биік азат ұлдың жүрегі Алаш деп соқты. Қазақ үшін жан аямай күресті. Ойы да, сөзі де ұлттың бостандығы болған рухы биік азаматтың ХХ ғасырдың басында жазған азат ойлары әлі күнге өз бояуын жоғалтқан жоқ. Қайраткердің әр шығармасынан тың деректерді кездестіруге болады. Бұл еңбегін белгілі зерттеуші ғалым Бақыт Садықованың «Мустафа Чокай» атты кітабынан аударып, қазақ тіліне тәржімалаған Есенкелді Төреқұлов.
1. Басмашылар қозғалысының бастауы
Әр нәрсенің өзіндік тарихы бар. Әрбір сөздің орны да солай. Этимологиялық көзқарас бойынша «басмашы» сөзі түркілердің «basmak» етістігінен пайда болған. Бұл «қысу», «басу», «бұзу» деген мағыналарды береді. Сонымен өзбек тілінде «basmaji» – «басбұзар», «тонаушы», «қылмыскер» деген сөз. Әйткенмен бүгінде бұл өзінің алғашқы мағынасын жоғалтты. Қазіргі кезде бұл сөз Түркістандағы кеңеске қарсы ауқымды қозғалысты білдіреді. Түркістанда бұл «басмашы» сөзі өзінің (кеңестік емес қолдану түрін айтып отырмын) мағынасын жоғалтып, халықтық көтерілістің, кеңестерге қарсы күресте қарулы бас көтеруге белсенді қатысу синониміне ие болды. Ол мұсылмандар әлемінде ерекше маңызы бар арабтардың «musayid» сөзінің мәніне айналды. Қазан төңкерісі «басмашы» (басбұзар) сөзінің қасиетті іс жолындағы күресуші деген мағынаға ие болуына ықпал етті. Кеңес Одағының аумағындағы кеңеске қарсы қозғалыс түрлерімен салыстырғанда ең ықпалдысы Түркістандағы басмашылар қозғалысы болды. Кеңес әскерлерінің Түркістан Қоқан Автономиясы (1918 жылдың ақпаны) үкіметіне қарсы қанды қақтығыс күндерінің жеңілісінен соң да басмашылар қозғалысы ұзақ жылдар бойы көптеген халықтар арасында танымалдығын сақтап қалды. Орталық Азияның әртүрлі аумақтарында уақыт кезеңдерімен шағын көтерілісшілер топтары бой көрсетіп отырды. Қазан «революциясының» он жылдығын мерекелеу қарсаңында Хиуа ханы Саид Асфендиярды тағынан құлатқан бұрынғы хиуалық түркімен көсемі Жунаид хан бандасының пайда болуы кеңес үкіметін біршама әбігерге салды. Көпжылдық қақтығыстан соң кеңес үкіметі Жунаид ханмен келісімге барды. Бірақ, Жунаид ханның бұрынғы жақтастарын қуғынға салып, сонымен қатар олардың кейбіреулерін дарға асқан соң ол қайтадан Кеңестерге қарсы көтеріліс туын көтерді.
Оған қарсы барлық кеңестік Түркістан жұмылдырылды, теміржол бойын Кеңестер «қауіпті аймақ» деп жариялады. Революциялық әскери комитет шақырылып, большевиктерге қарсы қозғалысты басу және басмашыларға қарсы үгіт жұмыстарын жүргізу үшін өткендегідей Төтенше Комиссия құрылды. Кеңестік газеттер Жунаидқа қарсы күрес барысының нәтижесін атап көрсетіп отырды. Бірақ, кеңес өкіметінде қозғалысты толығымен жойып жібергендігі жайында сенім жоқ еді.
Жунаидтың да кез келген басқа құрбашы (атаман) сияқты кеңес әскеріне қарсы өзінің жорығын жаңартуға, қайта бастауға ешқандай мүмкіндігі болмады. Қызыл армияның жазалаушылық қимылдарының нәтижесінде мұсылман тұрғындары арасында көптеген жандар құрбан болды, ал большевиктер болса Орталық Азияда өздерінің әскери жағдайын айтарлықтай нығайтып алды. Алайда, орыс әскерлерінің Орталық Азияны қайта жаулап алуы екі жаққа да өткен ғасырдың екінші жартысында орын алған жағдайдан айтарлықтай көп қырғын келтіргендігін айта кету керек. Түркістан мұсылмандары қарсылық ұйымдастырудың барлық мүмкіндігінен айрылса, ал орыстар оларға үрей туғызуда басымдылық танытты. Осы жағдайда көпшілік мұсылман халқының оморфтық (құрылысы дұрыс түзілмеген формасы) қарсыласу күшінің кенеттен пайда болуы екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден – тәуелсіз халықтың құрылуы кезеңінде ұлттық сананың өсуімен; екіншіден – бұл ең маңыздысы, өзін өзі сақтау түсінігінің күштілігінен. Кеңес өкіметінің «отаршылдық» қаталдығы тарихтағы ерекше және шектен шыққандық болды. Егер мен «Қазан рево люциясының ерлік кезеңдері» деп аталатын уақыттағы большевиктердің Түркістандағы саясатын тек большевиктердің дерек көздері негізінде жазар болсам, онда жағдай одан бетер барлық «отаршылдық» соғыстар тарихындағы ешқайсысына сай келмейтін үрейлі болып көрінер еді. Істің ақиқатына келер болсақ, «империалистік жаулап алушылық» деп аталатын басқыншылық әрекет барысында қырылған барлық адамдар саны кеңестік диктатураның түркістандағы тек алғашқы екі жылында ғана орын алды. Бұл «Пролетариат диктатурасының өкілдері тек орыстар ғана бола алады» деген теорияның практикаға енді енгізіле бастаған кезі еді»
1.Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.[1].Дәл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тәрізді «Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.
Съездің Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.
Достарыңызбен бөлісу: |