Қазақстандағы феминизм



Дата08.02.2022
өлшемі34,32 Kb.
#118065
Байланысты:
қазақстан феминизм


Қазақстандағы феминизм

  • На русском

Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы жылдары отбасыда жасалатын қылмыстық істер саны артуда. 2016 жылы отбасыдағы қылмыстық істер 2,8 пайызға, 2017 жылы 4,7 пайызға өскен. 2015 жылмен салыстырғанда, әйел мен балаға қарсы жасалатын қылмыс 90 пайызға артқан.
Қазақстанда бірнеше феминистік ұйымдар бар. «Феминита» бастамасының негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваның пікірінше, Қазақстанда феминизм жолын таңдамау мүмкін емес, себебі, өзіңді ғана емес, туыстарыңды, құрбыларың мен жақындарыңды да қорғау керек.
Жанар Секербаева. Photo: personal Facebook account
«Мен және менің әріптесім Гүлзада Сержан екеуміз феминистік бастаманы қолға алып, ЛБКТ-әйелдердің (лесбиянкалар, бисексуалдар, квир және трансгендерлі әйелдер) құқығын қорғауды мақсат тұттық. Адам құықығы уникалды екенін есте сақтайық. Бұл дегеніміз, егер біз құқықтық мемлекетте өмір сүрсек, онда заң салтанат құруы тиіс, – дейді Жанар Секербаева – Яғни, ешкім де адамның құқығын оның нәсіліне, жынысына, этникалық белгісіне не басқа да себептермен бұза алмайды деген сөз».
Белсендінің сөзінше, ең өкініштісі шешім қабылдай алатын маңызды саяси және экономикалық позицияларда әйелдер санының аз болуы. Тіпті Қазақстан парламентінің өзі квота санын есептегеннің өзінде әйелдердің 30 пайыз болуы тиіс деген межені бағындыра алмай отыр.
«Демек, бізді, әйелдерді, 14 миллионнан астам халқы бар елде, ал әйелдер сан жағынан мұнда басым екені белгілі, биліктен шеттетін отыр. Біз сияқты патриархалды қоғамда, билігі бар адамдар, жүйені түбегейлі өзгерте алатын адамдармен билікпен бөліспейтіні белгілі», – деп санайды Жанар. 
Феминистер сенімді: Қазақстанда үйде күш көрсету, ұрып-соғу, зорлау, сексуалды бопсалау мен стигматизация, әйел мен еркектің тең емес мүмкіндігі, жалақыларының тең болмауы деңгейі шектен шығып отыр. 
ҮЕҰ «Қазақстанның кризисті орталықтар одағының» мәліметінше, елдегі әрбір үшінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Ұйым өмірде қиын жағдайға тап болған және зорлыққа ұшыраған әйелдерге: соққыға жығылған, сексуалды бопсаланған, психологиялық қысымға алынған қыз-келіншектерге жәрдем береді. Елімізде жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400-ге тарта әйел қаза табады. Белсенділер полиция қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жазылған арыздарды қабылдауға құлықсыз екені туралы айтады. 
Феминист Жанар Секербаеваның ойынша, жұмыс істеп жатқан уақыт ішінде феминистік ұйымдар бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Әйелдерге қарсы ең көп жасалатын қылмыстардың реті мынадай: қорлау, аффект жағдайында денсаулыққа залал келтіру, зорлау, зорлау мақсатында жасалатын ұрып-соғу. Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер өздері куәлерді тауып, көршілерден айғақ жинап, онымен бірге, сотта өзіне зорлық жасағанын дәлледуі керек.
Өзі басынан кешірген зорлық туралы флешмоб бастаған «НемолчиКЗ» ұйымының басшысы Дина Смаилова қазір зорлық құрбандарының құқығын сотта қорғап жүр. Ол ұйымның барлық істері биыл сотта жеңіліс тапқанын, ал полиция әйелдер арызды «ойланбастан, ашумен жазатыны» туралы айтатынын хабарлады. Енді ол БҰҰ-ға шағымданып, әйелдер құқығының шектелуі туралы мәселе көтеретінін жеткізді.
Ол 2016 жылы Женевада БҰҰ адам құқығы бойынша комитеті алдында жасаған бірлескен балама баяндамадан соң, Комитет Қазақстан Республикасының азаматтық және саяси құқықтар бойынша Халықаралық пактісінде мойнына алған міндеттемесін орындау туралы екінші мерзімді баяндамасына өзінің қорытынды ескертпесін жариялағанын жеткізді.
«Замечания усилили и актуализировали вновь предыдущие рекомендации о включении сексуальной ориентации и гендерной идентичности в качестве запрещенных оснований для дискриминации», — говорит Жанар Секербаева.
«Ескертпелер бұрын жасалған ұсыныстарды, яғни сексуалды ориентация мен гендерлі айырмашылық бойынша дискриминация жасауға тыйым салуды енгізу мәселесінің өзектілігін арттырды», – дейді Жанар Секербаева.
Келесі феминист – белгілі қазақстандық блогер Асель Баяндарованың пікірінше, мәселе ғасырлық дәстүрде жатыр. Бұл келіншек феминистік көзқарастарды ұстануымен және Фейсбукте қазақ әйелдерінің құқығы туралы батыл постарымен танымал.
«Қазақстандағы әйелдердің рөлі дәстүрлі көзқараспен жасалған тар сценарлы шеңберде қалып отыр. Қысқаша айтқанда, әйелдер көп көзге түсе бермеуі керек. Жемқорлықтан бастап, қылмыстарға дейін бізде тек күштілер ғана әрекет етеді, сондықтан әйелдерді ұрады, зорлайды, өлтіреді дегенге таңқалудың керегі жоқ. Ал егер әйел сызылған шеңберден аттап кетсе, оны жек көреді, ғайбаттайды және қоғамдық сынға ұшыратады. Мұның себебі қоғамның психологиялық жетілмеуінде болып тұр»,- дейді Асель.
Ислам діні кеңінен қанат жайып келе жатқан Қазақстанда әйелдердің рөлін қабылдау да өзгеруде.
Мұсылман дінін ұстанатын, қазақстандық театр актрисасы, 4 баланың анасы және жар болып отырған Дана Тұрарбек феминизмнің дұрыс еместігін айтады. Оның үстіне, ол мемлекеттің қазақстандық әйелдер мен қыздарға барлық құқықтар мен мүмкіндіктердің беріп отырғанына сенімді.
«Феминизм – бұл әйелдерді қорлау! Иә, көшеге ұятты жеріңнің суретін плакат етіп алып шығу қорлау! Қазақстанда әйелдер құқығы шектелмейді, керісінше, заң әйелдер жағында. Мысалы, ажырасқан кезде негізінен баланы әйелдерге қалдырады, әйелдер ешқашан алимент төлемейді, тіпті әйел үйде отырса да, бұрынғыдай үйде жасалатын қиын жұмыс жоқ. Келісіңізші, кір жуғыш – автомат, ыдыс жуғыш-автомат, күйеу-автомат, жылына 365 күн ақша табады. Ал бала туумен және оны тәрбиелеумен әйел айналысады, себебі, бұл еркектің табиғатында жоқ. Сондықтан қайдағы-жайдағымен айналыспай, білімдеріңізді көтеріп, дамып, қыздарды о бастан дұрыс тәрбиелеңіздер» – дейді дана Тұрарбек.
Жылдың басында әлеуметтік желілерде Қазақстандағы бір мешіттің имамы-мыс еркектер әйелдерді қалай жазалағаны дұрыс деген бағытта уағыз оқып тұрғаны туралы видео кеңінен тарады. Оның сөзінше, ислам діні әйелдерді жазалауға рұқсат береді, оларды ұрғанда сүйегі сынбайтындай етіп сабау қажет.
Онымен бірге, діни адам жас еркектерге үйде қамшы іліп қоюға кеңес берді. Оның ойынша, қамшының түрінің өзі әйелдердің үрейін билетеді.
Алайда қоғам мұндай арандатушы видеоға түрлі пікір білдірді. Еркектердің бір бөлігі оған қолдау білдірсе, басқалары сын айтты. Ал басқа имамдар уағыз оқып, әйелін сабайтын еркектен жаман еркек жоқтығын айтты.
Исламтанушы Азамат Құрмашев та исламның әйелдерге зорлық жасауына қарсы екеніне сенімді.
«Біздің қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық кеңінен етек жайды, оның ішінде түрлі физикалық және эмоционалды қысым да бар. Бірақ, бұл проблемалардың шешімі – феминизм емес. Надандықпен ислам ілімі арқылы күресу керек. Ислам әйелдерге зор құрметпен қарауға бұйырады, олардың құқығын шектеу қатаң жазаланады. Феминизм – кертартпалықтың жолы. Осы жолға түскен мұсылмандардың батылы жетіп, тоқтайды, өз көзқарастарын қайта қарап, дінімен ұштастырады деп үміттенемін» – дейді сарапшы.
Феминизмге, дінге және ғасырлық дәстүрге қарсы күрес жүріп жатқанда, Қазақстандағы әйелдерге қарсы жасалатын зорлық мәселесі өзекті болып тұр. Бірақ Жанар Секербаева әйелдер бірлесе отырып, өздеріне жақсы жағдай жасай алатынына сенімді:
«Әйелдердің құқығын қорғайтын түрлі ұйымдардың бірігіп жатқанын көріп отырмын. Бәріміз қосылғанда ғана біз мықты күш бола аламыз. Қазірше бізбен санаспайды, басқысы келеді, бағынуға мәжбүрлейді. Қазақ әйелінен шыққан тұңғыш журналист, педагог және феминист Нәзипа Құлжанованың сөзін келтіргім келеді: «Азат әйел елді алға сүйрейді». Мен бұған дайынмын, сіз ше?»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет