Қазақстандағы партиялар жүйесі


Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында



бет7/11
Дата07.02.2022
өлшемі268,21 Kb.
#84384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қазақстандағы партиялар жүйесі

Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында

  • Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халкының мүддесі тұрғысынан қоғамдык үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды.
  • 1906 жылы 10 маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдердің жиналысы өтіп, Ә.Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға косылатындығы жөнінде каулы кабылдады («Семипалатинский листок», 1906, 13 маусым). Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік бағдары белгілі дәрежеде ресейлік радикалдық-буржуазиялық партия, кадеттердің қызметімен ұштасты. Бірак осы кезеңдегі қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді.
  • Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін Жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған катаң әскери-отарлық тәртіппен есептесу қажеттігін айтқан Ә.Бөкейханов бастаған топ мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет