Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы
Саясат ғылым-саясат қоғамдық-саяси
өмірдің маңызды бір саласы жөнінде
білім көзі
Саясаттану- саясат туралы, саясаттың
адам және қоғам арасындағы қарымқатынасы туралы ғылым. Саясаттанудың
зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық
салалары жатады. Ол саясат туралы
жалпы, құрама, жинақталған білім береді.
Әбу Насыр Әл-Фараби
• Қазақтың бірінші философы,
әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл
маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби
870-950 жылдары өмір сүрді. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-
тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға
байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық
саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар
Әл-фараби басқаруды
Қайырымды және қайырымсыз деп бөлген.
Білімді, мәдениетті басқару
халықты бақытқа бастайды, олардың ісәрекетін, ерік-қасиетін осы жолға
бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс.
Теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам
басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті
өткір санайды.
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни
аты әлемге әйгілі ақын , философ,
қоғам қайраткері болған. Негізгі еңбегі “Құтадғу
білік” (Құтты білік). “Құтадғу білікте” мемлекетті орталықтандыру, оның
бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол-тек саяси
трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның
қоғамдағы орны мен ролі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, әдетғұрпы
және т.с.с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа,
бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді.
Әділет,ақыл,рақымдылықты жырлайды.Өмірде әділ заңды, еркіндікті
аңсайды.
Махмұд Қашқари
• Махмұд Қашқари түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ат-түрк» («Түркі
сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы.Толық аты жөні Махмұт ибн әл
Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері
қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе
Шу бойындағы)Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан
қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Диуани
лұғат-ат-түрік. Махмуд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының ХІ
ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала
мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән бергені
көрінеді.
• “Диуани лұғат-ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы)” еңбегінің негізгі
идеясы әскери,табиғат, адамгершілік,махаббат, рухтықэтикалық, тұрмыстық
оқиғалар да сөз болады.
Жеті Жарғы
Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының
жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының
негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін"
тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ
қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Шоқан Уәлиханов
(1835-1865)Қазақтың белгілі ойшысы. Ол ғалым. ағартушы-демократ,
саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті
байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның
рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүддесі деп
білді.
Ыбырай Алтынсарин.
Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз. Халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен"
қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған. Тек білім,
ағартушылық қана бұқара халықты билептөстеушілердің қысым қыспағынан
құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған.
1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп
ашқан.
Абай Құнанбаев
Қазақ даласының ғұлама
ойшылы . Ол қазақ халқының
мүддесі үшін күресте достық,
татулық, бірлік- керектігіне
назар аударды. Ол адамның
"ақыл, ғылым, қайрат"
арқылы жоғары дәрежеге
көтеріліп, асқақтайтындай
қоғамның прогрестік дамуын
аңсады.
Достарыңызбен бөлісу: |