Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы.
Саяси ойлар тарихы адамзат санасындағы мемлекет пен биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси тәжірибесі мен осы процеске адамдардың катысуының көрінісі болып табылады.
Саяси ойлар тарихы осы процесі тарихи және саяси салдарға ие тұстары мен сәттерін қарастырады. Ол фактілерді, оқиғаларды жай ғана анықтаумен айналыспайды, керісінше саяси тәжірибені нақты саяси білімдердің категорияларыңда, ұғымдарымен ойларында белгілейді, саяси ілімнің мектептері мен бағыттарының арасындағы даму мен сабақтастық байланыстардың анықтаушы ағымдарын ашып көрсету арқылы саяси өткенді бірізді және жүйелі тұрғыда зерттейді.
Сондықтан саяси ойлар тарихының ғылыми құндылығын мынадан көруге болады:
Біріншіден, ол мемлекет, билік және қоғамдық басқаруды орнатудағы тәжірибені сүзгіден өткізе отырып халықтар
мен елдердіңі саяси тәжірибесін көрсетеді.
Екіншіден, ол бұл тәжірибені адамзат санасында, саяси
білімдер жүйесінің категорияларында, ұғымдарында, түсініктерінде белгілейді.
Үшіншіден, адамзаттың саяси дамуындағы бірізділікті,
саяси ойлардың ортақтығын қадағалайды және саяси дамуды айқындайтын үрдістердің бар екендігін анықтайды
Саяси ойлар тарихының ежелгі кезеңінен біздің заманымызға дейінгі объектісі биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси проблемалары болып қала береді. Ол саяси ойлар дамуының бастапқы кезеңдерінде қарапайымдылығы мен нақты өмірдің негізімен астасып кеткендігіне орай қарапайым және шектеулі болды, ерекше функция ретінде жеке көрініске ие бола қоймады. Бірақ өркениеттің дамуымен, мемлекеттік биліқтің қалыптасуы мен қызмет етуінің күрделенуімен саяси ойдың мазмұны байи түсті. Яғни, саяси ой мемлекеттік-биліктік функцияның орындалуымен, қоғамның құрылымдық күрделенуімен және оның даму проблемасымен байланысты. Алайда, қоғамдағы билік құру проблемасы қанша күрделене түскенімен де саяси ойдың базалық негізі ретінде сақталып қалған өз ядросы болады. Бұл:
биліктің, мемлекеттік биліктің әлеуметтік қажеттілігі,
биліктің заңды болуы; биліктің негізгі функциялары;
билік құрушы субъектінің, оның өкілеттілігінің анықталуы, биліктің шектелуі;
саясаттың, қоғамның саяси өмірінің нормативті негіздері:
билік пен оған бағыныштылардың өзара қарым-қатынасы.
Қоғамды басқаруды ұйымдастырумен байланысты осы және басқа да мөселелер саяси ойдың тұрақты мазмұны болды. Сонымен қатар, саяси ойдың өмір мазмұнына қарай салмақтала түсетіндігін, оны саяси шынайылық пен оның проблемаларының үнемі өзекті етіп отыратындығын ескеру қажет. Саяси ойлардың тарихы туралы мейлінше толық түсінік алу үшін жалпы түрде қысқаша тарихи шолу жасап өтелік. Саяси ойдың даму кезендері адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуының сатмларымен байланысты.
ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына дсйінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.
4. Қазақ қоғамының саяси жүйесі
Қазіргі таңдағы саясаттануда «Саяси жүйе» түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды, билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады. Саяси жүйе қоғамның саяси тыныс-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады.
Саяси жүйе — саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінін нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жйнақтагы ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы төртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді.
Саяси жүйе — саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.
Отандық және шетелдік саяси әдебиеттерде саяси жүйе түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр.
Қоғамның саяси жүйесі жөнінде де бірқатар теориялар бар. Олардың қатарына американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясаттанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матвеевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады. Американдық ғалым Д. Истон саяси жүйе теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Ол саяси жүйені ресурстар мен құндылықтарды бөліп беретін қоғамдық билікті қалыптастырушы және жұмыс істететін механизм деп қарастырады. Тағы бір американдық саясаттанушы Г. Алмонд саяси жүйені бір жағынан, тұрақтылықты қолдау кезінде қоғамдағы жаңғыртуды жүзеге асыруға көрсетілетін қабілеттілік, ал екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипат-тайды. Бұл ретте әрбір элемент бүкіл жүйеге қажетті маңызды қызметтерді атқарады (мемлекет, партия).
Ресейлік саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесін зерттеуде әртүрлі тәсілдерді қолданады.
К.Доичтық теориясы (кибернетикалық теория) саясатты адамдардың алға қойған максатына жету жолындағы қайрат-жігерлерін басқару мен үйлестіру үрдісі ретінде түсіндіреді, яғни саяси жүйені кибернетикалық құрылым ретінде қарастырады.
Американдық әлеуметтанушы Толкотт Парсонс қоғамды күрделі жүйе ретінде қарастырған еді. Оның пікірінше саяси жүйе интеграцияны, ортақ мақсатты талқылап жасау мен таратуды қамтамасыз етуі тиіс екен.
Алайда біздің заманымызда әлем күрделене түсті, ал күтпеген дағдарыстар мен алапат апаттардын кез келген уақытта пайда болатындығы ақиқатқа айналды. Қоғамды дамыту үрдістерінін күрделі екендігін түсіну шиелене түсті, оларды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігі туды. Саяси ұстанымдардың бірі — тұтастықты, бірлікті қамтамасыз ету болғандықтан, саяси жүйе әлеуметтік интеграцияның құралы болуы керек. Ол қоғамдық организмнің құрамдас бөліктерінің қызмет істеуіне әлеуметтік әрқилылықтың теріс әрекет етуіне тосқауыл қоюы тиіс.
«Саяси жүйенің» тұжырымдамасы Ресей мен Қазақстан-қоғамтанушыларының күшімен таяуда ғана жасалынды.
«Саяси жүйе» термині үш ғылыми түсінікті білдіреді: олар — «жүйе», «саясат», «қоғам».
Біріншісі — жүйелік сипаты бар, белгілі бір тұтастықты көздеген қоғамдық көрініске көңіл аударуды мақсат тұтады. Оның құрамындағы элементтер өзара байланысты, бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Жүйе түсінігінің өзі қоршаған ортамен үздіксіз бірлікте болудың кажеттілігін, олардың арасындағы өзара тәуелділікті білдіреді.
«Саяси» деген сез зерттеліп отырған жүйенің сипатын көрсетеді. Сонымен саяси жүйе дегеніміз қоғамдық өмірдің саяси жүйесімен оның тығыз байланыста болатындығын білдіреді. «Қоғам» түсінігі саяси жүйенің деңгейін көрсетеді.
Саяси жүйе - бұл әлеуметтік топтардын қажеттіліктері мен мүдделерін анықтайтын институционалдық білімнің жиынтқ кешені, ол тиісті аймақта жария билікті жүзеге асыру жөніндегі өзара іс-әрекетті қалыптастырады және ұйымдастырады.
Саяси жүйе — аса қажетті механизм. Тек соның тікелей әсер етуі арқылы ғана толық билік пен халықтың егемендігі жүзеге асырылып, қамтамасыз етіледі.
Басқаша айтсақ, саяси жүйе — адамдар қарым-қатынасының тұрақты түрі. Тікелей сонын қатысуы арқылы сол бір қоғам үшін беделді-биліктік шешім қабылданады және жүзеге асырылады. Саясат, саяси қарым-қатынастар, саяси билік атаулының барлығы осы айтылғандардың негізі етіліп алынады. Саясат саяси жүйенің өмір сүруі мен қызмет етуінің негізгі құралы болып саналады.
Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтін жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды. Саяси қызметтің бір түрі болып саналатын саяси жүйе саясат субъектілерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде пайда болатын жағдайлардың мән-мазмұнын ұйымдастырушы ролін атқара-ды. Саяси жүйе саяси үрдістерді реттеудің қалай жүріп жатқанын саяси биліктің құрылуы мен қызмет істеу жағдайын көрсетеді, өндіріс пен мемлекеттік билікті пайдалану негізінде әлеуметтік қатынастар арасында игіліктерді бөледі.
Қоғамның саяси жүйесі бірқатар құрылымдық элементтерден немесе негізгі жүйешелерден тұрады. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар: саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяси тұрғыда қатысу.
Саяси карым-қатынас — бұл саяси және мемлекеттік билікті қалыптастырып құру мен оның қызмет етуін реттеу жөніндегі саяси өмірдегі субъектілер арасындағы қарым-қатынастар. Саяси принциптер мен құқықтық нормалар - қолданылып отырған саяси жүйе шеңберінде саяси қарым-қатынастарды тәртіпке келтіре отырып, оларды реттейді.
Саяси институттар — саяси мекемелер болып саналады, яғни бүкіл саяси жүйенің материалдық негізін құрайды.
Саяси сана — бұл саяси қарым-қатынастар мен мүдделердің көрінісі, белгілі бір түсініктер, идеялар, көзқарастар, теориялар түрінде баға беру: ол әлеуметтік ақиқатты сипаттайды; оқиғаларды сезініп қабылдайды, қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістердің болашақтағы мүмкіндіктерін саралайды.
Саяси мәдениет — саяси танымның, нұсқаулар мен аса құнды бағыт-бағдарлардың, дәстүрлер мен саяси іс-әрекеттер рәміздерінің қоғамға арналған неғұрлым қарапайым үлгілерінің біртұтас жиынтығы. Ол сонымен қатар саяси жүйенін, тұрақтылық факторы секілді рольді де атқарады.
5.Қазақстандағы саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы. Жүсіп Баласағұни,
Қорқыт Ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Фольклор – қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі. Тәуке хан заңдары. «Жеті жарғы» - маңызды саяси құқықтық құжат. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. (Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев). ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқайдың, М.Тынышпаевтың, Х.Досмұхамедовтың, Т.Рысқұловтың, М.Жұмабаевтың, С.Сейфулиннің және т.б. саяси идеялары.
Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.
Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар. Әл-фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөлді. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал, қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды.Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021-1075) аты әлемге әйгілі ақын , философ, қоғам қайраткері болған. Ол туралы мағлұматтарды біз оның өзінің негізгі еңбегі “Құтадғу білік” (Құтты білік) дастанынан білеміз. “Құтадғу білікте мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол-тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен ролі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, дет-ғұрпы және т.с.с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет,ақыл,рақымдылықты жырлайды.Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.
Махмуд Қашғари “Диуани лұғат-ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы)” еңбегінің негізгі идеясы әскери,табиғат, адамгершілік,махаббат, рухтық-этикалық, тұрмыстық оқиғалар да сөз болады. Махмуд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының ХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән бергені көрінеді.
Қожа Ахмет Ясауидің (1093-1157) басты еңбегі “Диуани Хикмет” (“Даналық жайындағы кітап)” көне қыпшақ тілінде жазылған, 4 мың 400 жолдан тұратын әдеби-философиялық мұра. Осы шығармасында ол әділдік, шапағаттық, мейірімділік, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни, Абай айтқандай “бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық” болуға шақырады.