Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау және жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады


Назарбаев Университетінің жоғары білім беру саласындағы тәжірибесі



бет2/2
Дата27.10.2023
өлшемі16,43 Kb.
#188861
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
тезис үлгі

Назарбаев Университетінің жоғары білім беру саласындағы тәжірибесі

Назарбаев Университеті – Қазақстанда жоғары білім беруді реформалаудың көшбасшысы. Университет үздік әлемдік практикаларға сүйене отырып құрған жоғары оқу орнын басқарудың қазіргі заманғы формаларын, инновациялық білім беру бағдарламалары мен жобаларын еліміздің басқа оқу орындарына таратады.


Назарбаев Университетінің тәжірибесі негізінде басқа жоғары оқу орындарында академиялық адалдық пен зерттеу этикасының қағидалары енгізілді. Бұл қағидалардың қажеттілігі 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында да көрсетілген. 2018 жылы қабылданған жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуге мүмкіндік беретін заң жобасын әзірлеуге Назарбаев Университетінің сарапшыларды да қатысты.
Назарбаев Университеті ҚР Білім және ғылым министрлігімен және елдің университеттерімен белсенді қарым-қатынаста. Университет ғалымдары Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін ағылшын тілінде техникалық бейіндегі 10 білім беру бағдарламасын әзірледі. 2013-2017 жылдары НУ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарына жоғары оқу орындарының 300-ден астам топ-менеджері қатысты.
Назарбаев Университеті халықаралық деңгейдегі шараларды да жиі ұйымдастырады. Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумы аясында жоғары білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланады, семинарлар, мастер-кластар, жоғары білім беру саласындағы сарапшылар арасында пікір алмасулар өткізіледі.
Университет білім беру мәселелерінен басқа кітапхана жұмысы, тіркеуші кеңсесінің жұмысы, т.б. бойынша арнайы тренингтер, вебинарлар, воркшоптар өткізіп тұрады. Жыл сайын НУ бизнес-инкубаторы Қазақстанның жас кәсіпкерлеріне стартап жобаларды дамытуға қолдау көрсетеді.
Қорыта келе, Назарбаев Университетінің республикадағы жоғары білім беру саласын дамытуға қосып жатқан үлесі зор екендігі көрінеді. Ол өзінің озық тәжірибесімен халықаралық деңгейде де, ел ішінде жақсы танымал.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет