қызыл
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ҚЫЗЫЛ
КІТАБЫНА
ЕНГІЗІЛГЕН
ЖАНУАРЛАР
Қазақстанның аумағы кең және
табиғи жағдайлар мен
жануарлар дүниесінің ауқымы
өте үлкен. Бірақ, өкінішке орай,
браконьерлік және адамдардың
тіршілік ету ортасындағы тым
белсенділігінен көптеген жануар
түрлері толықтай жойылу
қаупіне ұшырады. Бүгінде
Қазақстанның Қызыл кітабына
40 жануар кірген. Жоғалу, саны
азаюына байланысты оларды
бірнеше санатқа бөлген.
Қарақұйрық
Қарақұйрық сирек кездесіп тұр. Кейбір аудандарда саны
азайып, мекендейтін жерлері тарылуда. Олар бекітілген
төбешік құмда, шақпатасты және сазбалшықты шөлдерде,
ойлы-қырлы құрғақ аңғарларда, сексеуіл, жүзгін, теріскен
басқан тоғайларда немесе тастақты, құмды, сазды топырақты
шөлді аймақтарда мекендейді. 1930 жылдардың ортасында
Қазақстанда қарақұйрықтардың саны 200 мыңға жуық болған.
Соның ішінде Үстіртте және Маңғышлақта 100 мың басқа
дейін жеткен. Қазір Қазақстанда жалпы саны 30-50 мың бас.
Алтай тауының арқары елімізде толықтай жойылу қаупіне
ұшыраған жануар. Қазақстанда 50-60 бас шамасындай бар.
Олар теңіз деңгейінен 800-3000 метр биіктікте мекендейді.
Алтай арқарын Шығыс Қазақстан облысының аумағынан,
Күршім жотасының оңтүстік сілемінен, Қалмақшы өзенінің
жоғары ағысындағы биік таулы шоқылардан, сондай-ақ
Бұқтырма көлінің солтүстік-шығыс беткейлерінен кездестіруге
болады.
Алтай арқары
Қызыл қасқыр Қазақстан аумағында жойылып кеткен түр.
Қызыл кітапқа енген бұл жыртқыш Тянь-Шань мен Алтайдың
биік жоталарында тараған. Қызыл қасқыр негізінен таудың
жоғарғы белдеуінің жартасты шатқалдарында, субальпі және
альпі шалғындықтарда, сырттар, үстірт тәрізді таулы далалы
және орманды учаскелерде, әсіресе теңіз деңгейінен 2500-4000
м биіктікте мекендейді. Қасқырдың бұл түрі барлық жерде өте
сирек кездеседі. Соңғы 40 жылда республика аумағында осы
жануардың бірде-бір кездесуі тіркелмеген.
Қызыл қасқыр
Барыс саны мен таралуы азайып бара жатқан, сирек
кездесетін түр. Қазақстан, Тянь-Шань, Қаржантау мен Өгем,
Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей, Кетмен, Жоңғар
Алатауының шеткi сілемдері, Алтын Емел, Шолақ, Maнтай
және Қайқан, сондай-ақ Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік
жотала
Достарыңызбен бөлісу: |