«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсы бойынша тарихшы емес мамандық студенттеріне арналған тест тапсырмалары:
1.Тарих ғылымының міндетіне жатады:
2. Қазақ мемлекетінің тарихындағы басқару формасы:
3. Тарих ғылымының дәстүрлі дерек қоры:
4. Тәуелсіз Қазақстан тарихы кезеңінің негізге алынатын құжаттық қоры:
5. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихындағы ұлттық мемлекеттік құрылым:
6. Ұлттық тарихты, мемлекеттіліктің қалыптасуын тану және насихаттау мақсатында жарияланған мемлекеттік қолдау шаралары:
7. XX ғ. басында Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаты:
8. Ресейдегі 1905-1907 жылғы революция кезінде жергілікті әкімшілік билікке қарсы шаруалар қозғалысы болған облыстардың бірі:
9. I дүниежүзілік соғыс ауыртпалығына қарсы ереуіл өткен кен орындарының бірі:
10. Жетісудағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс басшыларының бірі:
11. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде ымыраластық тактикасын ұстану арқылы халықты қантөгістен аман сақтауға тырысқан зиялылар өкілі:
12. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қозғаушы күші:
13. Төмендегілердің ішінен 1905 жылы Орал қаласында өткен бірінші жалпықазақ съезіне қатысқанын білесіз:
14. ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан халқының өсу көрсеткішін анықтаңыз:
15. 1911 жылы Хан Ордасында (Бөкей Ордасы) жарық көрген «Қазақстан» газетінің редакторларының бірі:
16. Қазақ АКСР-ң алғашқы астанасы:
17. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы өздерінің саяси партияларын құру үшін негізге алған басты бағыттары:
18. 1916 жылы қыркүйекте басталған ұлт-азаттық көтерілістің алғашқы шарпыған ауданы:
19. 1916 жылы Семей және Ақмола облыстары бойынша жұмысшы қазақтарының наразылық ошағы:
20. 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілістің нәтижесі мен тағылымы:
21. 1906 жылы тамызда өткен ІІІ жалпы мұсылмандық съезінде халыққа білім беру ісі бойынша жасалған бағдарламалар:
22. Қазақ тілінде Уфа, Қазан қалаларында жарық көрген, теріс көзқараста деп сыналған белгілі мақала:
23. ХХ ғасырдың бас кезінде мектептерде бастауыш білім қалыптастыруда оқулық, хрестоматия шығарған:
24. Қазақстанда бастауыш училищелер жанынан қол еңбегі оқытылатын сыныптар ашылған аумақтар:
25. ХХ ғасырдың басында салауаттылық және халықтық оқуларды ұйымдастыру жөніндегі қоғамдардың ашылуын қолдаған Семейдегі Ресей географиялық қоғамының мүшесі:
26. 1898 жылы Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның көлдерін зерттеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізген ғалым:
27. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ халқының қоғамдық-экономикалық өмірі туралы елеулі зерттеу жүргізген:
28. Қазақ зиялысы М. Сералин үзбей оқып, жарияланымдарына талдау жасап отырған демократиялық басылымдардың бірі:
29. 1884-1885 жылдары «Хан тәңірі» таулар тобын және оған жапсарлас жатқан аудандарды зерттеу қажет екендігі туралы ұсыныс білдіріп, оны қолдаған кім:
30. ХХ ғасырдың басында діни және зайырлы мазмұндағы кітаптарды таратуды үлкен рөл атқарған баспаханалардың бірі:
31. Қазақстанда қазақ тіліндегі жарық көрген ең алғашқы басылым:
32. 1911 жылы шыққан «Айқап» журналындағы «Бізге нестеу керек?» атты мақалада көтерілген басты мәселе:
33. 1913 жылдан бастап жарық көрген «Қазақ» газетінде негізгі идеялық-теориялық салмақты көтерген ғалымдардың бірі:
34. «Қазақ» газетінде 200-дей мақала жариялаған А.Байтұрсыновтың газеттің маңызы туралы халық арасында кеңінен тараған қанатты сөзі:
35. «Қазақ газеті» беттерінде ұлттық зиялылар ерекше назар аударған мәселелер:
36. Ақын С. Торайғыровтың «Таныстыру» атты поэмасында «күн», «ай», «таң» деп аталған қайраткерлер:
37. Қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналған А. Байтұрсыновтың еңбегі:
38. Алғашқы Қырғыз (қазақ) және мұсылман комитеттері құрылған қалалар:
39. «Қара жұмыс істейтіндер одағын» ұйымдастыру мен нығайтуға және оны жергілікті халық арасында большевиктердің тірегіне айналдыруда үлкен рөл атқарған:
40. «Шура-Ислами» басшыларының арасында өздерінің саяси белсенділіктерімен көзге түскен:
41. 1917 жылы 2-5 тамызда Ташкентте қазақ депутаттары кеңестерінің бірінші өлкелік съезіне қатысуға жіберілген облыстар:
42. «Жас қазақ» ұйымының құрамындағы коммунистік партияның мүшелері болған белсенділер:
43. Қазақстан облыстарында 1917 жылы Құрылтай жиналысына сайлау ісі бойынша комиссиялар құрылып, комиссия құрамына кіргендер:
44. «Үш жүз» партиясының жетекшілері:
45. 1917 жылы наурызда Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А.Ахтямовтың шақыруымен Петроградтағы мұсылмандар кеңесіне қатысқан қазақ өкілі:
46. Қос үкімет кезеңінде либералдық-ұлттық демократиялық қозғалыс барысында Уақытша үкіметтің комиссарлары қызметін атқарған:
47. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен І Бүкілқазақ съезінде қазақ зиялылары қарастырған мемлекеттік басқару жүйесі:
48. 1920 жылы Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі көтерілісшілер шеруінің ұраны:
49. 1921 жылғы ақпанда «Сібір шаруалары одағы» бастаған көтерілістің қамтыған аудандары:
50. ХХ ғасырдың 20 жылдары Кеңес өкіметінің күштеу саясатына қарсы халық наразылығы нәтижесінде құрылған халықтық армияларының бірі:
51. 1921 жылғы тамыздан бастап аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілген губерниялар:
52. Қазақстанда ХХ ғасырдың 20 жылдары болған ашаршылық кезеңдері:
53. 1921 жылдың екінші жартысындағы уездік ауылдар мен селолардағы ахуал:
54. 1922 жылдың көктеміне қарай республика бойынша ашыққандарға көмек көрсету үшін ұйымдастырылған шаралар мен аумақтар:
55. 1930 жылы 2 қаңтарда БК (б) П Қазөлкомның өткізген жабық отырысында баяндаған Ф.И.Голощекиннің хабарламасы:
56. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы экономикалық кеңістіктің Қазақстандағы үш бағытының бірі:
57. 1928 жылы 27 тамызда қабылданған «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет негізінде:
58. 1937 жылы Қазақ АКСР-ң одақтық республика бойынша қайта құрылуының маңызы:
59. БК(б)П ОК-нің іс жүзінде жергілікті жерлерде тәртіпті күшейтуге жабық нұсқаулар берілген жылдары:
60. 1932 жылғы 14 желтоқсанда БК (б) П ОК мен Халық комиссарлар кеңесінің астық дайындау туралы қаулысы қабылданған аймақтардың бірі:
61. 1932 жылы 7 тамызда «Мемлекеттік кәсіпорындардың колхоздар мен коорпоративтердің және қоғамдық меншіктің мүліктерін қорғау туралы» заң қабылданғаннан кейінгі енгізілген жалпы тәртіп:
62. 1929 жылы күзде Сырдария округі, Бостандық ауданының Ұзын, Піскем, Жаңақырғыз қыстақтарында шаруалар көтерілісін ұйымдастырушы:
63. КСРО-дағы қоныс аударылғандардың, яғни жер аударылғандардың ең көп шоғарланған аумақтары:
64. 1930 жылы ақпандағы Ырғыз ауданының солтүстік-батыс бөлігінде орын алған халық толқуының басты сипаты:
65. 1932 жылы 5 сәуірдегі Маңғыстау көтерілісін ұйымдастырып, қуғын-сүргінге ұшырағандар:
66. 1929-1931 жылдары Қытай жеріне өтіп кеткен шекаралас аудандар:
67. ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің нәтижелері:
68. 1922 жылы ірі дирмендер іске қосылған қалалар:
69. Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқаруына берілген тресттің бірі:
70. Индустрияландыру барысында ашылған қорғасын кенті:
71. 1939 жылы КСРО бойынша өңделмеген мыстың 16,2%-ын өндірген комбинат:
72. 1930-1935 жылдары ашылып, еліміздің мұнай өнеркәсібінің тез дамуына үлес қосқан кен орындарының бірі:
73. Индустрияландыру уақытындағы бесжылдық ішінде теміржол салудың негізгі бағыттарының бірі:
74. 1926-1937 жылдары Қазақстан халық шаруашылығының индустрия саласындағы жұмысшылар мен қызметшілер санының өсу еселігі:
75. «Жұмысшы және шаруа үкіметінің Баспасөз туралы декретін орындамағаны, жұмысшы және шаруа үкіметін құлатуға шақырғаны..., фактілерді бұрмалау жолымен лаң таратқаны үшін» тәркіленген баспаханалар:
76. 1925 жылы Ә.Қашаубаевтың Парижде орындаған әні:
77. «Амангелді» көркем фильмінің рөлінде ойнаған ең таңдаулы театр әртістері:
78. Мәскеу түбіндегі ұрыста ерлік көрсеткен, кейін Кеңес Одағының батыры атанған қазақ жауынгері:
79. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың атақты батыр қыздарының бірі:
80. Украинаны азат ету кезінде өз үлестерін қосқан дивизиялар:
81. Соғыс жылдарында жарық көрген туындылардың бірі:
82. ҰлыОтан соғысына қатысқан ақын-жазушы:
83. Ұлы Отан соғысы жылдарында ашылған жоғары оқу орны:
84. Соғыстан кейінгі жылдары феодалдық-рулық құрылымды ерекше дәріптегені үшін айыпталып, қамауға алуға және сотқа тартылуға дейін әр түрлі қудалауға ұшыраған:
85. Қазақ КСР Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімі бойынша тарихшы Е.Б.Бекмахановқа берілген жаза:
86. Кеңес халқының фашизмге қарсы қаҺармандық күресі туралы түсірілген көркем фильм:
87. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанға депортацияланған халықтар:
88. Соғыс жылдарындағы еңбек колонналарының құрамы:
89. 1952 жылы қарашада Қазақстан Компартиясы ОҚ Бюросы қабылдаған қаулылар негізінде «Идеялық-саяси қате жіберілген кітаптарды жою» туралы шешіміне орай, кітапханалар мен сауда жүйесінен жойылған кітап:
90. 1941 жылы құрылған Бірлескен Орталық көркем фильмдер киностудиясының негізгі құрамы:
91. Ұлы Отан соғысында Мурманск іргесіндегі алыс шептерде дұшпанды ішке жібермей, өздері көз жұмғанша шайқасқан пулеметшілер:
92. Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми еңбектері Кеңестік идеология тұрғысынан сынға ілініп, жалған айыптар тағылған тұлғалардың бірі:
93. 1934 жылы 22 қыркүйекте шаңырақ көтерген «Қазақ тау-кен металлургия» институты ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары:
94. Қазақ диалектология ғылымының негізін салушылардың бірі, тілтанушы-түрколог С.А.Аманжоловтың ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары:
95. 1946-1960 жылдары аралығында ашылған жоғары оқу орны:
96. С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің соғыстан кейінгі жылдарда басынан өткерген қиындықтары:
97. Соғыстан кейінгі жылдардағы тұңғыш оркестрлік шығарма:
98. Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағы ерекше назарға алған басым бағыттар:
99. 1946 ж. маусымда Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуына көмек көрсеткен орыс ғалымдары:
100. Cоғыстан кейінгі жылдары Кеңес үкіметі «Халықтық демократиялық бағыттағы дамушы мемлекеттерге азық-түлік көмегін жасау үшін он мыңдағын вагондармен астық жөнелтіп отырды:
101. 1947-1949 жылдары 6,5 млн гектарға ұлғаюы тиіс астық себілетін аудандар:
102. 1946 жылы күзде аштыққа ұшыраған колхозшылардың астық ұрлағаны үшін тағылған айып пен жаза:
103. 1950 жылдары әділетсіз айыптауға ұшыраған қазақ зиялылары:
104. Қазақстан комсомолы салынуын қамқорлыққа алған ірі кәсіпорындар бірі:
105. 1950 жылдары Қазақстанда салынған тері илейтін зауыт:
106. ХХ ғасырдың 50 жылдары КСРО да әскери өндіріс инфрақұрылымын дамыту мақсатында салынған ірі өнеркәсіп кешендері:
107. ХХ ғасырдағы маңызды кезеңдердің бірі «Қырғи-қабақ соғысқа» себеп болған өзара бақталас билеушілердің бірі:
108. ХХ ғасырдың 40-50 жылдары «Тарихқа жаңаша қараудың жолдарын қарастыра алмағаны үшін» айыпталған басылымның бірі:
109. ХХ ғасырдың 40-50 жылдары мемлекеттік идеологиялық саясатты жүзеге асыруға бағытталған К (б)П ОК қаулылары:
110. 50 жылдары шығармаларында отарлау саясатын батыл сынағаны үшін феодалдық керітартпа, буржуазиялық-ұлтшыл туындылар деп айыпталған ақындардың бірі:
111. Кеңестік идеологияға қарсы деген айыптар тағылып интелигенцияны қудалау орын алған шара:
112. ХХ ғасыр 40-жылдардың аяғында «Космополит» деген айып тағылған ғылым саласы:
113. 1948 жылы 30-қарашадағы Қазақ КСР ҒА Президиумының шешімімен мемлекетке қарсы деп танылған бағыт:
114. Соғыстан кейінгі жылдары «Формализммен» күрес амалы жүргізілген сала:
115. 1939 жылы құрылған Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі:
116. Ұлттық әдебиет пен драма театрының қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан алғашқы қойылған опера:
117. 1959 жылы тамызда құрылған Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігі құрамына кірген ведомства:
118. КОКП ОК 1965 жылғы қыркүйектегі Пленумында көтерілген маңызды мәселелер бірі:
119. Сегізінші бесжылдықта 1966-1970 жылдары ең жоғары өсу индексіне қол жеткізген салалар бірі:
120. 1965-1985 жылдары Қазақстанның металлургиясын дамытуға себепкер болған өндіріс орындары:
121. Тың игерудің зардаптарының бірі:
122. Тоқырау жылдары қазақтардың үлес салмағы басым болған сала:
123. 1960-жылдардың ішінде тоқыма фабрикаcы салынған қала:
124. Ауыл шаруашылығында И.Худенко енгізуге тырысқан басқарудың жаңа түрлері:
125. Қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдерді бейнелеп, бірегей жеке тұлғаларды өз шығармаларында кейіптеген жазушылар бірі:
126. Семей полигонының зардаптары тиген қалалардың бірі:
127. 1980 жылдары экологиялық дағдарыс шиеленіскен әкімшілік облыс:
128. О.Сүлейменовтың шығармасы:
129. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары Қазақстанда жұмыс жасаған ірі өнеркәсіп орындарының жалпы саны:
130. Кеңестік Қазақстанда астықпен ең бірінші импорттық операциялар жүргізілген жыл:
131. КОКП ОК-ң 1964 жылғы қазан айындағы Пленумында Н.С.Хрущевты орнынан алу туралы төңкерісті ұйымдастырушылардың бірі:
132. 1960 жылдары Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» жастар ұйымының белсенді мүшелері:
133. 1960-80 жылдар аралығында құрылған Қазақстандық жастар ұйымы:
134. Кеңестік кезеңде Қазақстандық жастар ұйымдарын құрып, үкіметке өз талаптарын жеткізе білген және сол үшін айыпталған белсенділерінің бірі:
135. Партиялық биліктің әлеуметтік және ұлттық саясатына байланысты наразылықтар орын алған қалалардың бірі:
136. Кеңестік Қазақстанда орналасқан, зиянды экологиялық күйзеліс тудырған әскери ядролық сынақ полигоны:
137. Қазақ кино өнерінің дарынды режисеры Шәкен Аймановтың түсірген фильмдерінде өздерінің тұңғыш бас рөлдерін ойнаған талантты актер:
138. 1980 жылдардың ортасында КСРО да электр энергиясын алу үшін жұмсалатын шикізат айтарлықтай қымбаттады:
139. Тоқырау жылдарында өнеркәсіптің басқа салаларына қарағанда 1,3 есе көбейген өндіру саласы:
140. 1987-1989 жылдары КСРО дағы әлемдік тәжірибе әлеуметке бағдарланған нарық, ұдайы өндірісті нарықтық жолмен өзгерту бағытындағы жаңа идея:
141. 1980 жылдардың ортасында КСРО астық импортының көлемі бойынша дүниежүзінде І орында тұрды, осы кезеңде астық сатып алу туралы ұзақ мерзімдік келісімге қол қойған мемлекет:
142. 1986 жылы мұнайдың әлемдік бағасы бірден құлдырап түсті, бұл жағдай Кеңестер Одағына едәуір әсерін тигізді:
143. Қайта құру саясаты жылдарында жұмыспен қамту және кадр мәселесіншешу үшін ерекше негізге алынған сектор:
144. Қазақстандағы қайта құру дәуірінің бөліну кезеңдері:
145. 80 жылдардың соңында Қазақстан халық саны бойынша төртінші орында тұрды, ал оның алдында тұрды:
146. Қазақстандағы қайта құру саясатының әлеуметтік бағыттарының бірі:
147. 1964-1986 жж. Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы болған Д.А.Қонаев:
148. 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы демократиялық жастар қозғалысының нәтижелері:
149. 1987 жылдың шілдесінде Венгрияда Қ.Рысқұлбековке рақымшылық беру жөнінде А.А.Громыконың атына жазылған хатқа қол қойған жазушылардың бірі:
150. Демократиялық жастар қозғалысының өкілі Қ.Рысқұлбековты қорғап, оған қолдау көрсеткен шет елдік зиялылар:
151. Ақын Мұхтар Шахановтың бастамасымен Балқаш пен Арал мәселелері жөнінде құрылған комитетпен бірлесе жұмыс жасаған ұйым:
152. 1979-1989 жылдары Ауған соғысына қатысқан қазақстандық Кеңес әскерлері туралы мағлұмат:
153. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылғаннан кейін полигондардағы сынақтарды тоқтатуды ұйғарған алғашқы мемлекет:
154. 1985-1991 жылдары КСРО үкіметінің шетелдерге қарызы 103 млрд долларға өсті, ал жалпы елдің жағдайы
155. 1989 жылы КСРО нарықтық экономикаға өту кезеңінің жоспарлы басқару элементтерін сақтаған тұжырымдамасын ұсынған авторлардың бірі:
156. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесі Президиумының 1990 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысы бойынша 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына берілген баға:
157. Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде аталған КСРО-ның ыдырауының маңызды факторлары:
158. 1990 жылдардың аяғында жалпы білім беретін 8610 мектептің ішінде қазақ тілінде жұмыс істегендерінің саны:
159. «Фестивальдар қаласы» атанған Алматыда тәуелсіздік жылдары өткізілген маңызды шаралар:
160. Тәуелсіздік кезеңі жәдігерлерінің екінші тобының «Халық перзенттеріне» теңестірілгендер:
161. Кескіндемеші Ж.Әбдірахмановтың картиналарын сатып алған елдер:
162. 1995 жылы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған ҚР Конституциясы 20 бабында:
163. Жалпыұлттық ақпараттық БАҚ-тарға ең алдымен күн сайын таратылатын басылымдар:
164. Жалпы Республикалық мәндегі журналдар:
165.1998 жылдан бастап акционерлік қоғамдарға айналдырылған баспалар:
166. Республиканың ақпараттық өрісіндегі коммерциялық арналар тізімі:
167. 2009 жылдан республикада қазақ тілінде шығатын жалпы газет сандары:
168. 1991 жылдың желтоқсан айында маңызды саяси кездесулер өткен қалалар:
169. 1993 жылы 15 қарашада Республиканың саяси өміріндегі оқиға:
170. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми түрде тіркелген саяси партияны атаңыз:
171. 1993 жылдары қызмет еткен қоғамдық қозғалыстардың ішіндегі танымалы:
172. 2003 жылы 28 мамырдан 29 мамырға дейін Мәскеуде өткен ШЫҰ саммитінде қарастырылған мәселе:
173. 1993 жылы 2 ақпанда бастау алған Еуропалық Одақ пен Қазақстанның ынтымақтастығына дәлел болды:
174. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа дәлел болатын факт:
175. Қазақстанның мемлекеттік Ата заң бойынша халықаралық саясаттағы негізгі ұстанымдары:
176. 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы ықпалдастық және сенім шаралары туралы бастамасының мәні:
177. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 1994 жылдың басты оқиғасы:
178. Әлемдік ынтымақтастық кеңесі бойынша екі жақты ынтымақтастық мекемелер:
179. Қазақстан Республикасы мен Францияның өзара қатынастардағы басты ұстанымдары:
180. Жапонияның Қазақстанға қолдау көрсеткен жобаларының бірі:
181. Қазіргі кезеңдегі ҚР Үкіметінің БҰҰ-мен ынтымақтастығындағы басты назардағы саласы:
182. Қытай мен Қазақстан арасындағы халықаралық мәртебе берілген пункт:
183. 1991 жылы 25-27 қазанда С.А.Терещенко бастаған Қазақстан делегациясының Моңғолияға барған сапарында қарастырылған мәселелер:
184. 1991 жылы қол жеткізген Ұлттық қаржы саласындағы Қазақстан Республикасының үлкен жетістігі:
185. 2012 жылдан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік келісімінен күтілетін нәтиже:
186. «Нанн-Лугар бағдарламасы» шеңберінде АҚШ-тың Семей полигонындағы халықтарға көмек көрсетудегі басты міндеттері:
187. 1991 жылы тамыздағы бүлік КСРО құлағаннан кейін Қазақстанға алғаш келген жоғары лауазымды мейман:
188. 1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достықпен ынтымақтастық туралы» декларацияның маңыздылығы:
189. 1992 жылғы халықтар достығы мен қоғамның бірігуін нығайтуда үлкен орын алған оқиға:
190. 2002 ж. 4 маусымда Алматыда Азия кеңесінің бірінші Саммитінің шешімі:
191. Қазақстан мүше болып енген халықаралық ұйым ЮНИСЕФ :
192. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы:
193. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жақын және алыс шетелдерге жасалған экспедициялар нәтижесінде қазақ тарихы мен этнографиясына қатысты мұралар әкелінді:
194. Қазақстан Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті:
195. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан:
196. Қоғамдағы идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы саналады:
197. Ресейдің аграрлық саладағы өзгерістердің жаңа кезеңі:
198. 1906 жылы Ресей үкіметінің төрағасы болып тағайындалды:
199. Бірінші орыс революциясының басталуына түрткі болған оқиға:
200. XX ғасыр басында ұлттық интелегенция көшбасшысы:
201. Қазақстанда 1925-1933 жылдар кімнің есімімен байланысты:
202. XX ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық жазуының реформаторы деп кімнің есімімен байланыстырамыз:
203. Қазақстанда Кеңес үкіметі толық орнады:
204. Д.А. Қонаев билікте болған жылдар:
205. Орынбор-Ташкент жолының ұзындығы:
206. Кеңес үкіметі орнады:
207. XX ғасыр басында ұлттық интелегенция көшбасшыларының бірі:
208. Бірінші Мемлекеттік Думаға Торғай облысынан сайланды:
209. 1905 жылы 11-18 қазанда либерал демократтардың құрылтай съезі болды:
210. Алаш партиясы ұсынған үміткерлерге сайлаушылардың Жетісу округі бойынша:
211. Смолныйда Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі ашылды:
212. КСРО-ның құрылуы туралы шартқа қол қойылды:
213. Қазақ өлкесінде жер-су реформалары жүргізілді:
214. Индустрияландыру кезіндегі ең ірі құрылыстың бірі:
215. КСРО-ның құлауының басты себептері:
216. Қазақстанда өмір сүретін ұлт өкілдерінің саны:
217. 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды:
218. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны Елтаңбаның авторлары:
219. Қазақстан Республикасының Конституциясының неше бөлімнен тұрады:
220. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясындағы алғашқы басымдық:
221. Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей жарлығымен 1997 жыл аталды:
222. Қазақстан халықаралық беделді ұйымдардың белсенді мүшесі болды:
223. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өткізілді:
224. 1985-1991 жылдардағы қайта құрудың негізгі бағыты:
225. 1990 жылдардың басында Қазақстанда пайда болған саяси қозғалыс:
226. Желтоқсан оқиғасында қаза болған қазақтың жас демократы:
227. 1988 ж. қараша – 1989 ж. мамыр айлары аралығында КСРО-дан бөлініп, өз егемендіктерін алған мемлекеттердің бірі:
228. Ұлт болып ұжымдасудың, ел болып топтасудың үш негізгі тұғырының бірі:
229. Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттілікке ие:
230. 2000 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны делимитациялау шаралары бойынша екі ел басшыларының Мәскеуде кездесуінде басты бағыттар туралы келісім жасалды:
231. Қазақ халқының бес арысы ақталды:
232. О.Сүлейменов пен М.Шаханов жетекшілері болды:
233. КСРО өмір сүрді:
234. 1990 ж. егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива көтерген елдер:
235.1991 ж. 8 желтоқсанда Минск қаласында кездескен елдер:
236. 1991 ж. 21 желтоқсанда 11 республика өкілдері ТМД жөніндегі шартқа қол қойды:
237. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды:
238. 1991 ж. 12 желтоқсанда Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болды:
239. 1993 ж. 28 қаңтардағы Конституция:
240. 1999 жылы республикадағы саяси партиялар саны:
241. Елтаңбасының авторларын атаңыз:
242. Қазақстанда нарықтық экономиканың екінші кезеңі:
243. Қазақстан Республикасы Әнұранының авторлары:
244. Беловеж кездесуі болды:
245. Нарықтық экономиканың бірінші кезеңінде жекешеленділген нысан саны:
246. «Ұлы бетбұрыс» мақаласын жазды:
247. 1923 ж. 22 қарашада қабылданды:
248. «Яш Туркестан» журналын шығарды:
249. Мұсылмандар бюросының төрағасы:
250. 1917 жылы Түркістан автономиясын ұйымдастырды:
251. Ақмолаға ең алғашқы Мелитополь станок зауыты көшіп келді:
252. С.С.Макаров Қазақстандағы ең алғашқы көмір комбайнын ойлап тапты:
253. Соғыс жылдары «Қазақстан мұнай» ұжымы жұмыс істеді:
254. «Қазақ КСР тарихы» жарық көрді:
255. «Араб, Иран, Қытай мәдениеттерін жоғары қойды» деген мағынадағы кінә тағылды:
256. Едіге батырға алғысөз жазғаны үшін «ұлтшыл» атанды:
257. 1954 ж. республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді:
258. Кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталған жыл:
259. 1956 ж. алғаш рет миллиард пұт астық жинап, Ленин орденімен марапатталды:
260. Тың игеру жылдарында жүздеген совхоз орталықтары салынды:
261. 1954-1962 жж. Европалық аудандардан Қазақстанға көшіріліп әкелінген тұрғындар саны:
262. Қырғи-қабақ соғыс өршіді:
263. Мойынты-Шу темір жол торабы пайдалануға берілді:
264. 1950 ж. басынан бастап ... :
265.1959 ж. түсті металлургияның барлық кәсіпорындары қарамағына берілді:
266. Шапшаң нейтронға негізделген дүниежүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді:
267. О.Исмағұловтың идеялық тұрғыдан зиянды деп танылған еңбегі:
268. Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды:
269. Бактериологиялық қарулар сынау полигоны жүргізілді:
270.1986 ж. республикада жоғары оқу орындарының саны жетті:
271. 1976 ж. генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды:
272. 1985 ж. КОКП Орталық Комитетінің пленумында Бас хатшы болып сайланды:
273. Желтоқсан оқиғасына байланысты жоғары оқу орындарынан шығарылған студенттердің саны:
274. «Қайта құру» бағытын айқындады:
275. «КСРО халық депутаттарын сайлау» туралы заңы қабылданды:
276. «Қарқаралы петициясына» қол қойған адам саны:
277. ІІ Мемлекеттік Думаға қазақ даласынан қатысқан депутаттар:
278. ІІ Мемлекеттік Думаға Семей облысынан сайланған депутат:
279. І дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын өндірген акционерлік қоғамдар:
280. 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарды тыл жұмыстарына алу туралы жарлық себеп болған көтеріліс:
281. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Қытайға қашқан қазақтар мен қырғыздар саны:
282. 1916 жылғы 9 қыркүйекте Боралдай асуында дарға асылды:
283. 1916 жылы 21 қарашада Торғай уезінде «Хан» болып сайланған:
284. 1916 жылғы көтерілісшілердің рухани көсемі:
285. А.Иманов Торғай қаласын қоршады:
286. Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясын дайындады:
287. 1918 ж. Наурызда Оралдан Мәскеуге барып В.И.Ленинмен және И.В.Сталинмен кездесіп, екінші қырғыз-қазақ съезінің қаулысын табыс етті:
288. 1918 ж. 1 сәуірінде РКФСР жедел хат жолдап, Алашорда өкіметін тез арада мойындауын талап еткен:
289. Телефон арқылы сұхбаттасудағы И.Сталиннің сөзі қазақ тіліне аударылып жарияланған газет:
290. Өздерін «Қырғыз (қазақ) соцалистік партиясы» деп атаған партия:
291. Алаш бағдарламасының жобасы тұрды:
292. Алашорданың қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді
293. И.В. Лениннен Орынбордағы Дутов авантюрасының тамырын жою туралы көмек сұрады:
294. Өзін «Түркістандық Ленин» атаған:
295. Азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім қабылданды:
296. «ҚазАСР-нің көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларын жерге орналастыру және отырықшыландыру туралы» қаулы қабылданды:
297. Жер-су реформасы жүргізілді:
298. «Жер кодексі» қабылданды:
299. Индустрияландыру қабылданған съезд:
300. Түркістан-Сібір темір жолын салу туралы шешім қабылданды:
301. 1933 жылы қарашада іске қосылды:
302. Қарағанды көмір бассейнін басқарды:
303. «Ұлы бетбұрыс» мақаласы жарияланды:
304. «Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы» арнайы қаулысы қабылданды:
305. 1993 жылы Қазақстан мен Үндістан арасында келісім жасалды:
306. ҚР сыртқы істер министрлігінің Жарғысында көрсетілген бағыт:
307. Хрущев билік құрған жылдарға берілген баға:
308. XX ғ. 50-жылдар ортасында Қазақстанның солтүстігінде тілдік және демографиялық ахуалды өзгерткен процесс:
309. 1917 жылы Қазан төңкерісі қарсаңына дейінгі халықтан тартып алынған жер көлемі:
310. 1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына шақырып, бастама көтерген аудан:
311. 1998 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді:
312. Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:
313. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:
314. Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:
315. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер:
316. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді:
317. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды:
318. 1991 жылы желтоқсанның 13-күні Орта Азия республикалары мен Қазақстанның басшылары бас қосқан қала:
319. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды:
320. 1970 жылдардан бастап экологиялық апаттық аймақ:
321. «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтар жариялады:
322. «Сауатсыздықты жою» қоғамы ұйымдастырылды:
323. «Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» шешім қабылданды:
324. Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты:
325. Ұлы Отан соғысы аяқталды:
326. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада:
327. Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы:
328. КСРО өмір сүрген жылдар:
329. 1917 жылы құрылған тұңғыш мұсылман партиясы:
330. 1916 жылы Қарашақ болысының ханы болып сайланған:
331. Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған:
332. Мәскеу үшін болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316-шы атқыштар дивизиясы марапатталды:
333. Түркісіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті:
334. Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институт ашылды:
335. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда жоғары оқу орындар саны:
336. Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды:
337. 1991 жыл 8 желтоқсан... :
338. Кеңес Одағы Ауғанстандағы басқыншы әскерін алып кетуді аяқтады:
339. 1960 жылы Павлодардағы машина зауытының негізінде құрылған зауыт:
340. Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім!» өлеңін жазды:
341. Мәскеу түбінде генерал-майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия:
342. 1931-33 жылдары республиканың 6,2 млн халқының аштықтан қырылғандары:
343. Капустин Яр атом полигоны орналасқан облыс:
344. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы:
345. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» прозалық шығармаларының авторы:
346. 1964-1989 жылдар аралығында 343 жерастылық жарылыс болған полигон:
347. 1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, күшін жойғанын жариялаған шарт:
348. Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қаласы:
349. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы құрылды:
350. Лаңкестіктің құрбаны болған, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы:
351. 1919 жылы «Төңкеріс және қазақтар» деген мақала жазған қазақ зиялысы:
352. Торғайдағы көтеріліс сардарбегі Амангелді Имановтың серігі, мерген:
353. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерісшілер жазалаушы отрядын таландап, басып алған жәрмеңке:
354. 1958 жылдың жазында әлеуметтік саясатқа қарсы ашық наразылық көрсеткен қала:
355. Азамат соғысы жылдарында Солтүстік Жетісуда ерекше қаталдық көрсеткен атаман:
356. КСРО конституциясы қабылданды:
357. 1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер:
358. 1972 жылы салынған электр станциясы:
359. 25 жылға бас еркіндігінен айырылып, ірі ғалымдардың араласуымен Е.Бекмаханов ақталды:
360. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру басталды:
361. Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының батыр атағын алды:
362. Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды:
363. «Берлин операциясы» басталды:
364. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс Министрі:
365. «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» басшылары 1998 жылы бас қосқан қала:
366. 1992 жыл 2 наурыз ... :
367. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар саны:
368. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сипаты:
369. 1960 жылы Қазақстан КП ОК Бірінші хатшысы:
370. 1960-1970 жылдары Қазақстанда пайда болған баспалар:
371. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған «Атаманның ақыры» кинофильмінің қоюшы-режиссері:
372. 1989 жылдың 28 ақпанында бой көтерген антиядролық, экологиялық қозғалыс:
373. Астананың туған күні болып белгіленді:
374. 1991 жылы Қазақстанда өрекпіген саяси ахуалдың қалыптасуына жел берген дисседент жазушы А.Солженицынның мақаласы:
375. 1991 жыл 21 желтоқсан ... :
376. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі:
377. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Нұрлан Қияшев хан болып сайланған болыс:
378. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды:
379. 1960 ж.о. - 1980 ж.о. дейінгі мерзім аталды:
380. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жаза тартқан адамдардың саны:
381. КСРО-да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам жасалды:
382. Қырық жылдан астам Қазақстан өкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған:
383. КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты:
384. 1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады:
385. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы:
386. «Жасақшы Савицкийді өлтірді» деп айып тағылған, жас демократ, ақын:
387. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендердің саны:
388. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар:
389. Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айып:
390. «Қазақ КСР-індегі Тілдер туралы Қазақ КСР-нің Заңы» қабылданды:
391. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезінде дені студент және жұмысшы жастар жиналған алаңның қазіргі атауы:
392. 1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды:
393. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ:
394. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған жазушы әрі ғалым:
395. Ф.И.Голощекин ұсынған идея:
396. И.М.Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңір:
397. Түркісіб темір жолы жалғастырды:
398. Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі:
399. 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны:
400. Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс:
401. Түркісіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға:
402. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады», - деп күйінішпен жазды:
403. Қатардағы жұмысшыдан, Түркісіб темір жолының бастығына дейін көтерілді:
404. 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды:
405. Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев (Бесеудің хаты) ашық хатты жазды:
406. Қазақстанда 1931-1933 жылдары халықтың аштықтан қырылғандары:
407. 1931-1933 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны:
408. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада:
409. Ұжымдастырудан бұрын республикада 40,5 млн. мал болса, ұжымдастырудан кейін болды:
410. 1931-32 жылдары Шұбартау ауданында мемлекетке етке өткізілген малдың мөлшері:
411. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ұжымдастырылған болса, 1931 жылы:
412. Қазақстанда 1930-32 жылдары аштықтан, түрлі індеттерден қырылған халықтың мөлшері:
413. 1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінді:
414.1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшірілді:
415. Қызылорда және Алматы облыстарына қоныс аударушы корейлерден тұратын ұжымшарлар саны:
416.1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аударушы корейлерден тұратын 57 ұжымшар құрылды:
417. Ұжымдстыру жылдары республика аумағындағы толқулар мен көтерілістер саны:
418. Ұжымдастыруға қарсылық ошағы Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырыған:
419. Ұжымдастыру жылдарында республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен халық саны:
420. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды:
421. Орталық комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды негізінен аяқтауға белгіледі:
422. Лаңкестік жаппай сипат алды:
423. 1931 жылы Қарағанды облысының, Осакаров ауданында негізінен пайда болды:
424. 101 мың қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары:
425. 1930 жылы Қазақ АКСР БМСБ атуға үкім шығарды:
426. Қазақ КСР-інің Конституциясы қабылданды:
427. 1938 жылы маусымда Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің сайлауы болып, сайланған депутаттар саны:
428. 1938 ж. маусымда болған Қазақ КСР Жоғары Кеңесі сайлауында сайланған қазақ депутаттарының саны:
429. 15 жастан 50 жасқа дейінгі жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді:
430. Республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біріңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады:
431. С.М Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды:
432. Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры ашылды:
433. Қызылордада корей театры ашылды:
434. «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасап шығарды:
435. А.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды:
436. 1934 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды:
437. А.В Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді:
438. Қ.И Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілді:
439. Қазақ ғылым академиясы ашылды:
440. Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институт 1928 ашылып, оған кейін есімі берілді:
441. ХХ ғасырдың ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы «Бесеудің хаты» кімге жазылды:
442. 1931-33 жылдары аштықтан 0,4 млн. қырылғандар:
443. Ұлы Отан соғысына қатысты мерзім:
444. Германияның қауырт соғыс жоспары аталды:
445. Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген, екі мәрте Кеңес Одағының батыры:
446. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық халық Қаһарманы:
447.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны:
448. Н.Назарбаевтың үкімімен, Б.Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді:
449. Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді:
450. Ленинград үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры:
451. Генерал-майор И.В Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты:
452. Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының батыр атағын алды:
453. Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты:
454. Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді:
455. Ж.Шаяхметов қай жылы Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды:
456. 1951-1960 жж дейінгі аралыќта республикадаєы комсомол мүшелерінің саны:
457. 1955 жылы төртініші сайланған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің құрамында болды:
458. 1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің авторларының бірі:
459. Тарихшы Е.Бекмаханов ұлттық тұрғыда еңбек жазғаны үшін сотталды:
460. 25 жылға бас еркіндігінен айырылып, 1954 жылы ақталып шыққан ғалым:
461. Тың игерушілер барар жеріне дейін тегін көшірілді және әр отбасына көрсетілді:
462.Тың игеру жүргізілген облыстар:
463.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды:
464. Карточка жүйесі жойылды:
465. Соғыстан кейінгі жылдарда ақша реформасы жүргізілді:
466. Сталин қайтыс болды:
467. 1946 жылы маусымда құрылды:
468. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тұңғыш Президенті:
469. Минералды шикізаттар мен кен орындарының табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Лениндік сыйлық берілген ғалымдардың бірі:
470. Қазақстанда 1961 жылы шаңырақ көтерген институт:
471. Қазақстанда 1958 жылы құрылған институт:
472. «Қазақ КСР тарихының » екі томдығы жарияланды:
473. Соғыстан кейінгі жылдары көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген:
474. «КСРО-да социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті» деген партиялық тұжырым қабылданды:
475. М.Әуезов «Абай» романының екі кітабын жазып бітірді:
476. 1959 жылы шығармасы әдебиет пен өнер саласында Лениндік сыйлыққа ұсынылған қазақ жазушысы:
477. КОКП XX съезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер:
478. 1949 жылы қоюшылары мен орындаушыларының бір тобы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған опера:
479. 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Біржан-Сара»
операсының авторы, белгілі сазгер:
480. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда симфониялық кемел туындыларын дүниеге әкелген композиторлар:
481. Тоқырау жылдары КСРО-дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттің бірі:
482. 1970 жылдардың соңына қарай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталған мемлекет:
483. 1979 ж. 16 маусымда жастардың Неміс автономиясын құруға наразылық шеруі болған қала:
484. Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ өткізілген жыл:
485. О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған еңбегі:
486. 1965 ж. өзінің алғашқы мұнайын берген кен орны:
487. ХХ ғ. 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған:
488. 1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі:
489. 1967 ж. Л.И.Брежнев КСРО-да төмендегідей қоғам орнады деп мәлімдеді:
490.1975 ж. Алматыда шыққан «АзиЯ» кітабының авторы:
491. 1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына енгізілмек болған облыстар:
492. 1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның себебі:
493. ХХ ғасырдың 60-шы жылы республика партиясының бірінші хатшылығына келді:
494. 1960 жылдардың ішінде айналасына алғашқыда 800 студентті біріктірген ұйым:
495. 1960 жылдардың ІІ жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастаған түбек:
496. Республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығы:
497. Батыс Қазақстандағы атом полигоны :
498. Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым саласы:
499. Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы:
500. Хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты жазған жазушы:
Достарыңызбен бөлісу: |