Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні Қабылдаған: Кумганбаев Ж. Ж орындаған: Бақберген Дилназ Сәуірбекқызы Жалпы журналистика 101 топ



Дата24.02.2022
өлшемі51,96 Kb.
#133057
Байланысты:
ҚҚЗТ Бақберген Дилназ СӨЖ1 Журналистика


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультеті

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні


Қабылдаған: Кумганбаев Ж.Ж
Орындаған: Бақберген Дилназ Сәуірбекқызы
Жалпы журналистика 101 топ


СОӨЖ. 1 СӨЖ қабылдау.
1 СӨЖ. "Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат" деректер бойынша контент- талдау дайындау.
Голощекиннің құйтырқы әрекеттері қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқтала салысымен ауыр сынақ болып күтіп тұрды. Бұл жылдар қазақ халқы үшін өте ауыр әрі ұзаққа созылған қиын-қыстау кезеңдер еді. Көктем мен жаңбырдың болмауы, құрғақшылықтың залалы, қыста қардың болмауы ашаршылық нәубетін әкелді. Ашаршылық тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, аграрлық сектордың, ауылшарушылығының да артта қалуында. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, ашаршылық Кеңес Өкіметі жүргізген ,халық, әсіресе ауылшаруашылығына қатты соққы болып тиген, әскери коммунизм саясатының нәтижесіндегі экономикалық жағдайларға да байланысты туындаған. Қазақстанның біршама аудандары ашаршылықтың құрсауында қалды. Қостанай, Орал, Орынбор, Ақтөбе губернияларында себілген астық құрғақшылық салдарынан шықпай қалды, егер шықса жаздың ыстығынан қурап қалып отырған. Сөйтіп, қайғы-қасірет әкелген 1921-1922 жылдардағы аштық нәубеті 30-шы жылдары жалғасын тапқан. Соның салдарынан халықтың тең жартысы қырылды. Шет елдерге кеткен көпшілік қазақ ұзақ уақыт бойы туған елдеріне оралмай, еріксіз сол жақта қалуға мәжбүр болды. Бұл қасірет санада ұзақ сақталып қалды. 1921-1922жылдардағы ашаршылық мәселесін жазу барысында мұрағат деректері, сол кездерде шығып тұрған мерзімді баспасөз материалдары өз үлестерін қосты. “Айқап”, “Қызыл Қазақстан” журналдары мен “Қазақ”, “Ақ жол”, “Қазақ тілі”және т.б газеттері аштық мәселесін айқын түрде жазып, күресі жолдарын ұсынған көлемді мақалалар мен статистикалық материаллары және партия мен үкіметтің осы жайлы қаулыларын жариялап отырды. Ұлт зиялыларының жанайқайы осы баспасөз беттерінде басылып отырған. Азамат соғысы халықтың азық-түлік салғыртымен жаныштап, маңдай термен тапқан азығын күшпен тартып алу саясатын жүзеге асырды. Азық-түлік салғырты ”әскери коммунизмі” тұсында 1919 жылғы қаңтардан 1921жылдың мамырына дейін жүргізіліп, шаруалар өзіне аз ғана азық қалдырып, қалғанын мемлекетке өткізуге тиіс болды. Ауылшарушылық өнімдерін өндірудің қысқаруы және Қызыл Армияны жабдықтау халықтың шамына тиген еді. 1922 жылдың 1ақпанына дейін арнайы түрде 2000000адамның тіркелгендігі, оның ішінде Ақтөбе-374215, Қостанайда-409203, Оралда-439721, Адай уезінде-13000 адамға жеткен. Жұмысы жоқ, тамақ таба алмай ашыққандардың арасында тонаушылық өрбіді. Пұт немесе тезек үшін бір-бірін өлтірді.
Қорыта айтқанда, 1921-22жылдары орын алған ашаршылық ел экономикасына үлкен күйзеліс әкелді, демография ақсады. Қаншама қазақтар аштықтан қырылып, көмусіз қалды, өзге жаққа көшіп кетті. Ашаршылық мәселесі Қазақ республикасына оңай тиген жоқ. Астық пен шөптің шықпай қалуы мен мал шаруашылығының азаюына алып келді.
1931-33жылдардағы ашаршылық.
Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен саламыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Қазақстанда ХХ ғасыр ірі тарихымен оқиғалармен ерекшеленеді. 1931-1933 жылдары республикалық 6,5миллион халқының 2,1миллионы қырылып қалды. Аштықтан, үкімет орындарының тарапынан болған қуғын-сүргіннен қашып, 1миллион адам шет елдерге өтіп кетті. Қазақ жерінде ашаршылық салдарынан демографиялық ахуал күрт төмендеп кеткен болатын. Оның айқын көрінісі ретінде тарих беттерінде қалған 1931-1933жылдары қазақ халқының басына төнген ең бір қасіретті Ұлы жұт кесірінен күні бүгінге дейін қазақ халқы өз жерінде демографиясы жағынан азшылыққа ұшырады. Ресейлік ғалымдар отаршылықтың болу себебі ауа-райының қолайсыздығынан, құрғақшылық болып егіннің шықпай қалғанынан немесе жұқпалы аурулардың тез таралуынан деген сынды сылтаулар іздейді. Ашаршылық кезінде қаншама қазақ қыршынынан қиылды. Оған дәлел мұрағат қойнауында сақталған көптеген ресми құжаттар. Белгілі демограф ғалым М.Тәтімовтің есептеуінше “1931-1933жж ашаршылық Қазақстанда өмір сүрген 2,5млн адамның, соның ішінде 2,3млн қазақтардың және 200мың келімсектердің қайтыс болғаны анықталды. Осы жылдар аумағын қамтыған ашаршылықтың қазақ үшін алатын орны зор. Әдейілеп ұйымдастырған ашаршылықта Украина мен Қазақстанның көп жапа шеккені тарихтан белгілі. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды. Голощекин қазақ даласындағы жағдайды білу үшін өз шабармандарын елді мекендерге жіберіп отырған. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған бір шабарман көрген-білгенін айтады. Ол болып жатқан қазақ жеріндегі сұмдықты баяндап береді.
«Ауылдарды аралаған кезінде ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестіргенін тітркене айтады. Әйелдері жоқшылыққа, аштыққа төзімділеу келеді. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, қарындары ашқаны соншалық бірнеше мәрте қайнатып жеп қояды. Тамақтың орнына жартылай өңделген терілер де жейді. Тіпті иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестіргенін де айтады. Оныншы ауылдан келе жатқан жолында елсіз жапаннан екі жасөспірімді көргенін, олардың қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатқанын баяндаған. Аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйелдердің оған қарай жақын келіп, оған ит атып беруін өтінгенін толығымен хабар етеді».
Голощекиннің құйтырқы әрекеттері қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Келтірілген деректерден байқағанымыздай, шаруашылықты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық ауқымы жағынан жан шошытарлықтай болды. Малдан жұрдай болған қыр халқы өздеріне тән еттен айырылды. Балықшылық, аңшылық және басқа жиын-терім жағдайды түзей алмады. Егін шықпағандықтан ауылда астық болмады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет