«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз



бет19/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз

Ауыл шаруашылығын социалистік негізде қайта құру асығыс әрі күш қолданумен жүзеге асырылғандықтан халықты үлкен қасіретке ұшыратты. Шаруаға қарсы күш қолданудың алғашқы ірі науқаны 1928 жылы байлар мен жартылай феодалдардың малын, мүлік-мүккәмәлін тәркілеумен, өздерін жер аударумен жүзеге асырылды. 1929 жылы ол барлық жеке шаруа қожалықтарын ұжымшарларға біріктіруге ұласты. Бұл үшін қажетті қаржылық, материалдық-техникалық ресурстар болмағанына, еріктілік ұстанымы бұзылғанына қарамастан Мәскеудің өктемдігін, жоспар қуушылығын басшылыққа алған Голощекиндік басшылық пен жергілікті шолақбелсенділер көшпелі қазақ ауылындағы жеке меншік малды аты бар да заты жоқ ұжымшарларға жинағанына қоса, сан түрлі салық салумен халықты азық-түліксіз қалдырды. Ұжымшарға алынған малдың қора-қопсысы, жем-шөбі даярланбаған еді. Күштеп отырықшылдырғандықтан көшуден қалған ұжымшар мүшелері тұратын үй де болмады. Мал жаппай қырылып, 1931-1932 жылдары Қазақстан ауыл-селосын аштық жайлады. Осының салдарынан 2 млн- дай қазақ, 250 мыңдай басқа ұлт өкілдері аштан өлді.


Атақты ағылшын-америкалық ғалым Р. Конквест «Жатва скорби» атты өзінің кітабында ұжымдастыруды «қазақтарға шексіз қиянатпен жасалған адамзат трагедиясы» деп атады.
Зорлық пен әділетсіздікке шыдамаған шаруалар жер-жерлерде кеңес өкіметіне қарсы көтеріліске шықты, көрші елдер мен республикаларға (Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, т.б.) көшіп кетті.
Күшпен ұжымдастыру аграрлық экономиканы да тұралатып тастады. 1928-1932 жылдар аралығында ірі қара мал басы – 6,5 млн-нан 1,0 млн-ға, қой-ешкі – 18,6 млн-нан 1,4 млн-ға, жылқы – 3,6 млн-нан 0,4 млн-ға, түйе – 1,0 млн-нан 36 мың басқа дейін кеміді.

  1. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз

1920-40 жылдары Қазақстанда Сталиндық-Голощекиндiк қатал әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе қалыптасқанына қарамастан қазақ зиялыларының алдынғы қатарлы өкiлдерi ұлт мүддесi үшiн күрестi жалғастыра бердi.


Қазақ халқының ұлттық тәуелсiздiгi үшiн Алаш қайраткерлерi қажырлы күрес жүргiздi. Алаш қайраткерлерiн Кеңес үкiметi құғын сүргiнге ұшыратқан соң күрескерлердiң келесi легi тарих сахнасына келдi. Қазақ халқының ұлт мүддесi үшiн күрестi С.Қожанов, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов және т.б. қайраткерлер жалғастырды.
С.Қожанов 20 жылдары патша үкiметi орыс шаруалары мен кулактарына тартып берген қазақ жерлерiн иесiне қайтару үшiн күресiп ұлтшыл, ²қожановшыл² деген ат алып қудаланды.
С.Садуақасов 30-жылдары қазақ байларын қанаушы деп тәркiлеуге қарсы болып, оларды экономикалық әдiстермен қыспақтау, коммунистiк идеяны түсiндiру арқылы социализм жолына өткiзуге болатынын дәлелдеп ұлтшыл, ²садуақасовшыл² деген ат алып қудаланды.
Т.Рысқұлов РСФСР үкiметi төрағасының орынбасары қызметiн атқара жүрiп отызыншы жылдары ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға көмек ұйымдастыруға көп күш жұмсады, екiншiден ол үкiмет басшыларына хат жазып қазақ халқының ашаршылыққа ұшырауына әкеп соққан қателiктер мен бұрмалаушылықтарды әшкерлеп оларды түзетудi талап еттi.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргiн 1929 жылдан басталды. Осы жылы Қазақстанның бiрiншi басшысы И.Голощекин Алаш қайраткерлерiне Кеңес үкiметiнiң кешiрiм жасағанына қарамастан олардың бiр тобын, 1932 жылы екiншi тобын соттатып жiбердi, оларға буржуазияшыл-ұлтшыл, контреволюционерлер деген айып тағылды.
Бүкiл Кеңес одағы сияқты Қазақстанда да жаппай саяси қуғын-сүргiн 1937-38 жылдары жүрiлдi. Отызыншы жылдардан қалыптса бастаған әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе, ел өмiрiнде жүзеге асырылған өзгерiстер кезiнде жiберiлген бұрмалаушылықтар мен қателiктер қарсыластарды, оппозицияны туғызбай қоймады. Бұл Сталиннiң жеке билiгiне қауiп төндiрдi. Сталин олардан құтулудың жолын iздедi. Осы жылдары Сталин Кеңес Одағы социализмге қарай iлгерiлген сайын тап күресi күшейе бердi деген қағида ұсынды. Осы кезде Кеңес Одағында қанаушы тапқа жатқызуға болатындар түгел жойылған едi. Қоғам тек жұмысшы, шаруа, интелигенциядан құралды. Сондықтан тап күресi күшеюi мүмкiн емес едi, бiрақ халық Сталинның айтқанына сендi. Екiншi жағынан халықаралық жағдай шиеленiсiп Кеңес Одағына қарсы күштер бас көтере бастады, осындай жағдайда тәртiптi қатайтып, демократияны шектеуге тура келдi. Сталин аталған жағдайларды жаппай саяси репрессия жүргiзуге пайдаланды. Адал коммунистер, қайраткерлерге халық жауы, шет ел тыңшысы деген жала жабылды. Жаппай репрессия жүргiзушi КГБ ұйымдары. Олар заң бұзды, үштiк дегендердi құрып айыпталғандардың тағдырын соттан тыс шештi. Кеңес Одағында бiрнеше он миллиондаған адамға саясти қылмыс тағылды.
Қазақстанда 110 мыңдай адамға бұржуазияшыл-ұлтшыл, шет ел тыңшысы деген айып тағылып, сотталды. Олардың iшiнде Алаш қайраткерлерi партия, кеңес ұйымдарының басшы қызметкерлерi, ақын-жазушылар, ғалымдар және т.б. болды.



  1. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарларының өзара байланысын табыңыз

Таптық мүдде үстем болған КСРО-да ұлттық факторды кажетті деңгейде бағаламау орын алды. Мемлекет басшылығында ұлттық мәселені шешетін бағдарлама мен стратегия болған жоқ. Басты бағыт пен көзқарастардан ала құлалық танылды. Батыл әрекет, оң шешім жасалмады.


Ұлтаралық кикілжіңдерді реттеудің жүйесіздігі елдегі өкіметтің әлсіздігін көрсетті. Салиқалы ұлт саясатын жүргізу түбегейлі теориялық тұғырнаманы, қалыптасқан саяси ахуалды теориялық тұрғыдан жан-жақты пайымдауды қажет етті. Бұл – бір сәтте бола қоймаған, 70-80 жылдарға тұтас созылған ғылыми-технологиялық, стратегиялық жеңілістің салдары. Бұл күйреудің талай себептерін табуға болады.
Қазақстан «100 ұлттың планетасы» деп дәріптелгенімен, ұлт мәселесінің ішкі қарама-қайшылықтары қордалана берді. Ұлттардың әр түрлі мәдени және діни айырмашылықтары біртұтас кеңес халқын қалыптастыруда назардан тыс қалды. КСРО-ның құрылған кезінен бастап өз құрамына «алынған» ұлттар мен ұлыс өкілдерін «кеңес халқына» айналдыру үшін коммунистік партия бар күш-жігерін жұмсады. Әр ұлттың қайталанбас ерекшеліктері интернационалдық бағыт пен көлеңкесінде қалғандықтан да қарама - қайшылықтар туындады. Сөйтіп, кеңес қоғамының саяси жүйесінде дағдарыс белгілері айқын көріне бастады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет