«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты сипаттаңыз



бет31/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы

1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты сипаттаңыз

Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды.
1954-1962 ж.ж. жасанды миграциялық шаралар нәтижесінде халық саны күрт артты. Қоғамдық өмірді демократияландыру үрдісі басталды. Шетке кеткен отандастарымыз елге қайта оралуға мүмкіндік алды. КХР дан КСРО ға 350 000 адам келсе, Қазақстанға оның 200 000 келді. Бұл үрдіс 1963 жылы тоқтатылды.

  1. «Жылымылық» жылдарындағы экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформаларды ашып жазыңыз

1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.


Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді. Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет