Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен бағдарламалық сұрақтар 1 аралық бақылау сұрақтары 2020-2021 оқу жылы



Дата07.02.2022
өлшемі21,37 Kb.
#83859
Байланысты:
Рк История


Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен бағдарламалық сұрақтар
1 аралық бақылау сұрақтары
2020-2021 оқу жылы


  1. Ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандыру ісі, экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі. Қоныс аударушыларға жасалған қолдау

  2. 1905-1907 жж. революцияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси дамуға ықпалы

  3. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстан аумағында патша үкіметі жүзеге асырған қоныстандыру саясатының келеңсіз салдары

  4. Қазақстанды толық егемендігінен айыруға әкелген оның аумағындағы тарихи үрдістердің барысына сараптама жасаңыз.

  5. Патша үкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты: мақсаты, барысы, нәтижелері

  6. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері: көшпелі шаруашылықтағы өзгерістер, егіншілік, өнеркәсіп, сауданың дамуы

  7. Патша үкіметінің миграциялық саясатының көшпенді өркениетке тигізген әсері

  8. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы патша үкіметінің аграрлық саясаты – Қазақстандағы революциялық бас көтерулердің негізгі алғы шарттарының бірі болғандығын дәлелдеңіз.

  9. Қазақстандағы Ресей империясы саясатының жер мәселесіндегі отаршылдық сипаты

  10. ХХ ғ. басындағы патша үкіметінің Қазақстанға қоныстандыру саясаты: қажеттілігі, даму барысы және нәтижелері

  11. ХІХ-ХХ ғғ. басында орыс зиялыларының қазақтардың тарихы, мәдениеті мен тұрмысын зерттеуге қосқан үлесі

  12. Бірінші орыс революциясы (1905-1907 жж.) қазақ халқының саяси санасының өсуіне ықпал еткендігін дәлелдеңіз.

  13. Абай мұрасының әлемдік мәдениеттегі маңызы

  14. Бірінші жалпы қазақ съезінің тарихи маңызы

  15. ІІ Мемлекеттік Думада мұсылман фракциясынан Б. Қаратаевтың сөйлеген сөзінің маңызы

  16. Қазақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы

  17. Ұлт зиялылары: қалыптасуы, қоғамдық қызметі (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов,)

  18. Ұлт зиялылары: қалыптасуы, қоғамдық қызметі (М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердіұлы)

  19. ХХ ғасыр басындағы қазақ ағартушылары: А.Байтұрсынов, М. Дулатов

  20. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы

  21. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының халықтың ой-өрісін көтеруге тиізген ықпалы

  22. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

  23. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы

  24. 1917-1920 жж. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар («Алаш», «Үш жүз»)

  25. 1917 жылдың шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы

  26. Алаш зиялыларының ұлт бостандығы жолындағы мақсат-міндеттері

  27. Алаш зиялыларының ағартушылық қызметі

  28. М. Тынышбаевтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі

  29. Ш. Құдайбердіұлы – ақын, философ, тарихшы, қоғам қайраткері

  30. Ә. Бөкейхановтың Алаш автономиясын құрудағы рөлі

  31. Х. Досмұхамедовтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі

  32. А. Байтұрсынұлы – «Қазақ» газетінің редакторы, тіл білімінің негізін салушы ғалым, ақын

  33. Қазақ мәдениетінде үлкен орын алатын «Айқап» журналының басты тақырыптары

  34. «Қазақ» газеті – Алаш идеясының үні болғандығын дәлелдеңіз.

  35. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске қатысты қазақ зиялыларының саяси көзқарастарындағы ортақтық пен өзгешеліктерді талдаңыз.

  36. Ақпан төңкерісінен (1917 ж.) кейін қазақ жерінде ұйымдар мен үйірмелердің көптеп құрылу себептері

  37. Уақытша үкіметке (1917 ж.) қызмет етуге келіскен зиялылардың көзқарастары

  38. «Алаш» және «Үш жүз» (1917 ж.) партияларының мақсаттары

  39. 1917 ж. «Алаш» партиясының қызметі

  40. Қазақстандағы (1917-1940 жж.) мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы

  41. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан

  42. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі. Қазақ АКСР-нің құрылуы. Қазақ АКСР-нің құрамына қазақ жерлерінің бірігуі (1924 ж.)

  43. Орынборда өткен жалпы қазақ съезінің (1917 ж. шілде) күн тәртібінде қаралған мәселелер

  44. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық жүйе

  45. 1917 жылғы Орынбордағы екінші жалпы қазақ съезінің қорытындысы

  46. Алаш қозғалысының Қазақстан тарихындағы орны

  47. Алаш зиялыларының ресми ақталуы

  48. 1920-30 жж. Қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары мен мәдени мекемелер

  49. ХХ ғ. 20-30 жж. ғылым мен халыққа білім беру қызметі

  50. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан мәдениетінің даму ерекшеліктері

  51. 1917 ж. Қазақстан аумағында Кеңес өкіметі қандай жолдармен орнағандығын саралаңыз.

  52. Қазан төңкерісі қарсаңында Қазақстанда болған саяси партиялар, олардың мақсаттары мен міндеттері

  53. Кеңес өкіметі орнаған алғашқы күннен бастап жүзеге асырылған іс-шаралар

  54. 1917 ж. жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері қабылдаған «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясының» мазмұнын ашып көрсетіңіз.

  55. Азамат соғысы жылдарында «әскери коммунизм» саясатын енгізу себептері, барысы, нәтижесі

  56. 1917 ж. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау жолдары

  57. 1918-1920 жж. азамат соғысы және әскери коммунизм саясатының Қазақ өлкесіндегі экономикалық жағдайға тигізген әсері

  58. 1921-1922 жж. аштықтың негізгі себептері

  59. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің аумақтық құрылымына енген жерлер

  60. ҚазАКСР-і құрылған кездегі (1920 ж.) халқының санын, аумағын 1924 жылмен салыстырыңыз. Айырмашылықтың себебін анықтаңыз.

  61. 1921 ж. жер-су реформасының жүзеге асырылу барысы, мазмұны және тарихи маңызы

  62. «Қосшы» ұйымы және оның қызметі

  63. 1929-1931 жж. Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің себептері мен барысы

  64. Қазақстандағы ХХ ғ. 20-30 жж. жүзеге асырылған ұжымдастырудың мақсаты мен жүргізілу барысы

  65. Қазақтар үшін ұжымдастырудың – «орасан зор адам қайғысына» әкелгендігіне мысалдар келтіріңіз.

  66. Күштеп ұжымдастыруға қарсы Қазақстанда болған көтерілістер (ХХ ғ. 20-30 жж.)

  67. ХХ ғ. 20-30 жж. бай шаруашылығын тәркілеудің саяси-экономикалық салдары

  68. ХХ ғ. 20-30 жж. көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылығын отырықшылыққа күштеп көшіру

  69. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері

  70. «Кіші Қазан» идеясы және оның салдары

  71. ХХ ғ. 20-30 жж. меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы

  72. 1930-жж. басындағы ашаршылықтың демографияға әсері

  73. 1930-1940 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныстандыру КСРО-ның әкімшіл-әміршіл саясаты

  74. Қазақстанда ұжымдастыруды жүргізудің мақсаты, әдістері және нәтижелері

  75. ХХ ғ. 20-30 жж. бай-кулактарды жою саясаты – орта шаруаларға жасалған зорлық-зомбылық болғандығын негіздеңіз.

  76. Қазақстанда индустрияландыруды жүргізудің қажеттігі, ерекшеліктері (1920-1940 жж.)

  77. Индустрияландыру жылдарында Қазақстан – КСРО-ның шикізат базасына айналғандығын дәлелдеңіз (1920-1940 жж.).

  78. Индустрияландыру жылдары Қазақстанда «кадр жетіспейді» деген сылтауды ұран еткен Кеңес үкіметі бұл мәселені қалай шешкендігін дәлелдейтін мысалдар келтіріңіз.

  79. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны (1920-1930 жж.)

  80. Индустрияландыру жылдарында салынған алып құрылыстар (1920-1940 жж.)

  81. Индустрияландыру жылдарында жұмысшы табының қалыптасу үрдісі (1920-1940 жж.)

  82. Қазақстанның соғыс қарсаңындағы қоғамдық-саяси өмірі. Қазақ КСР-нің құрылуы, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін.

  83. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы мәдени құрылыстың негізгі бағыттары. Мәскеудегі Қазақстан әдебиеті мен өнерінің он күндігі – ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі (1936 ж.)

  84. Ұлы Отан соғысының басталуы (1941-1945 жж.). Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу

  85. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі

  86. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері – ата-баба қаһармандығының дәстүрлі жалғасы болғандығына мысалдар келтіріңіз.

  87. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастардағы ерліктері

  88. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерліктері

  89. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ауыр жағдайға байланысты бейбіт өмірге бейімделу қиыншылықтары

  90. КСРО-ның фашистер уақытша басып алған аумақтарындағы партизан қозғалысына қазақстандықтардың қатысуы

  91. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың Брест, Сталинград, Курск шайқастарындағы ерліктері

  92. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қазақстан – КСРО-ның халық шаруашылығын қалпына келтіруді қамтамасыз еткен ірі базасы болғандығын негіздеңіз.

  93. Қазақстандықтардың майданға және неміс-фашист басқыншыларынан азат етілген аудандарға көмегі

  94. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың Мәскеу үшін шайқастағы ерліктері

  95. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы Еңбек ерлерінің ерліктері

  96. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Кеңес Одағының Батыры» атағын екі мәрте алған қазақстандық батырлардың ерліктері

  97. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар

  98. Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлік көрсеткен қазақ қыздары

  99. 1940-1950 жж. қазақ ұлт зиялыларының саяси қуғын-сүргінге негізсіз ұшырау себептері

  100. Мәдениетте біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алу (1940-1950 жж. қуғын-сүргін) себептері

  101. Е. Бекмахановтың К.Қасымұлы басшылығымен болған ұлт-азаттық көтерілісті зерттегені үшін негізсіз айыпталу себептері

  102. Қазақстан КП ОК «ҚазКСР ҒА Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысы (1947 ж.) және оның салдары

  103. Ермұхан Бекмахановтың қазақ тарихын дамытуға қосқан үлесі

  104. Е. Бекмахановтың «ХIХ ғ. 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты ғылыми еңбегі үшін айыпталу себебі

  105. ХХ ғ. 40-50 жж. қуғын-сүргіннің саяси мағынасын анықтаңыз.

  106. КОКП-ның ХХ-съезі – КСРО тарихында, соның ішінде ҚазКСР тарихында бетбұрыс кезең болғандығын ашып көрсетіңіз.

  107. Кеңес Одағы Коммустік партиясының ХХ съезі. Жеке басқа табынушылықты айыптау

  108. 1946-1965 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай мен әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшеліктері

  109. 1945-1965 жж. Қазақстан білімі мен ғылымы дамуының негізгі бағыттары

  110. Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Партияның ХХ съезі. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан

  111. 1946-1953 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің ерекшеліктері

  112. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, демографиялық зардаптары

  113. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық ұтымсыз жақтарын ашып көрсетіңіз.

  114. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің әлеуметтік тиімсіздігін ашып көрсетіңіз.

  115. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: мақсаты, қорытындылары

  116. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің салдары

  117. 1940-1950жж. ұлт зиялыларына қарсы қуғын-сүргін

  118. Қазақстанның мәдениеті (1945-1965 жж.)

  119. 1946-1965 жж. республиканың қоғамдық-саяси өмірі

  120. 1965-1985 жж. Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытудағы қайшылықтар мен қиыншылықтар

  121. 1965-1985 жж. Республика өнеркәсібінің дамуы

  122. 1971-1985 жж. “тоқырау” кезеңіндегі Қазақстан

  123. Д.А. Қонаевтың кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі

  124. ХХ ғ.70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер: себептері мен салдары

  125. 1965-1985 жж. Кеңес үкіметінің мәдениет, ғылым, білім саласындағы ұстанымы – ұлт республикаларының ерекшеліктері мен қажеттілігін ескермеу болғандығын ашып көрсетіңіз.

  126. О. Сүлейменовтың қазақ әдебиетін дамытуға қосқан үлесі. «Аз и Я» кітабының негізсіз қудалану себептері

  127. 1965-1985 жж. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің экстенсивті сипаты

  128. ХХ ғ. 70-80 жж. басындағы республика экономикасы мен қоғамдық-саяси өміріндегі әкімшіл-әміршіл жүйе құбылыстарының кеңінен өріс алу себептері мен салдары

  129. Қазақстандағы «қайта құру» саясатының (1985-1991 жж.) ерекшеліктері

  130. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. «Қайта құру» кезеңіндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер

  131. Қазақ тілінің қолдану аясының тарылу себептері, ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты

  132. Қазақ КСР-дегі «Тілдер туралы Заңның» (1989 ж. 22 қыркүйек) қабылдануы

  133. Қазақстандағы тілдер дамуының проблемалары мен болашағы

  134. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілін дамыту саясаты

  135. 1965-1991 жж. Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуындағы жетістіктер мен проблемалар

  136. Қазақстандағы Желтоқсан (1986 ж.) оқиғалары: шығу себептері, барысы және нәтижелері

  137. Кеңес Одағының ыдырауы. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) құрылуы. Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Заңның қабылдануы

  138. КСРО-ның күйреу себептерін ашып көрсетіңіз.

  139. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тәуелсіздік туралы Заңның қабылдануы

  140. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының тарихи маңызы

  141. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық сынақ полигоны

  142. Арал теңізі мәселесінің әлемдік деңгейдегі проблемаға айналуы

  143. Арал қасіреті: тарих және қазіргі заман

  144. Қазақстандағы экология: жай-күйі және проблемалары. Қазақстандағы экологиялық қозғалыстардың қалыптасуы және дамуы

  145. «Невада-Семей» ядролық сынақтарға қарсы қозғалысының пайда болу тарихы және қызметі

  146. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы

  147. Қазақстан егемендігінің жариялануына байланысты экономикадағы түбегейлі өзгерістер

  148. ҚР рәміздері – ту, елтаңба, әнұранға сипаттама беріп, рәміздердің патриотизмді дамытудағы рөлі мен маңызын ашып көрсетіңіз.

  149. ҚР мемлекеттік рәміздерін сипаттаңыз.

  150. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің мәнін ашып көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет