«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан



Дата03.06.2022
өлшемі73,13 Kb.
#145795
түріБағдарламасы
Байланысты:
МЕК сұрақтары (2022)
343151, Нұрмахан Назерке ТКиП 21 -11 психол, фил.7

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ»
пәнінен мемлекеттік емтихан



  1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны.

  2. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі және басты мәселелерінің өзектілігін айқындаңыз.

  3. «Туған жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысындағы жастар бойында Отансүйгіштікті дамытудың маңызы.

  4. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз.

  5. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы, тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары.

  6. Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктерінің отарлық сипаты.

  7. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттеріне ықпалы. «Алаш» қозғалысының қызметі: тарихы мен тағлымы.

  8. Кеңестік кезеңдегі партиялық принциптің – мәдениетке, ғылым мен білімге, ұлт мәселесіне тигізген зардаптарын айшықтаңыз.

  9. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918 жж.). 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілістің себебі, барысы негізгі кезеңдері. Көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы.

  10. 1905 жылғы қазақ зиялыларының Думадағы қызметі. 1917 ж. шілдедегі Жалпықазақ сьезінің Алаш партиясын құру туралы шешімі. Алаш қозғалысының 100 жылдығы: ұлттық идея ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу эволюциясы.

  11. Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы (Түркістан және Алашорда автономиялары): мәні мен мазмұны.

  12. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңестік биліктің орнауы. Ресей халықтарының құқықтық декларациясы ( 15 қараша, 2017 ж).

  13. Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясатқа көшудің (ЖЭС) әлеуметтік-экономикалық негіздері (наурыз, 1921 ж.).

  14. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстанды ұжымдастыру мен индустрияландырудың жолдары мен әдістері: барысы мен ерекшелігі.

  15. Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру, «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тиым салынуы.

  16. Қазақстандағы «тоқырау жылдары»: әлеуметтік, қоғамдық, рухани саладағы өзгерістер мен экологиялық мәселелер.

  17. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай (1946-1953 жж.). Е. Бекмаханов және т.б. қазақ интеллигенттерінің авторитарлық жүйе құрбанына айналу себептері туралы баяндаңыз.

  18. Әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтар: ұлт саясатындағы әділетсіздік, Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту.

  19. 1986 ж. желтоқсан көтерілісі: себептері, барысы, салдары және тарихи маңызы.

  20. Ұлттық сананы оятуда мерзімді басылымның атқаратын рөлі. («Айқап» журналы, «Қазақ газеті», «Бірлік туы» газеті т.б.).

  21. XX ғ.бас кезіндегі қоныс аударып келгендерге жасалған қолдау. Аграрлық қатынастардың шиеленісуі. Қазақ жерін экспедициялық зерттеудің мақсаты.

  22. Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар.

  23. Большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» саяси партияларының қоғамда атқарған қызметтерінің ерекшелігі.

  24. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығына тигізген зардаптары.

  25. Қазақ жеріндегі XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. бас кезіндегі патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген аграрлық және қоныстандыру саясатының нәтижелері мен отарлық сипаты.

  26. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары (1937-1938 жж. жазалау лагерлері: ГУЛаг», «СтепЛаг», «КарЛаг», «Алжир» т.б.).

  27. ХХ ғ. басында қалыптасқан қазақ қоғамындағы саяси ойдың дамуы ерекшелігін сипаттаңыз.

  28. Кеңес өкіметінің білім, ғылым саласын реформалаудағы қайшылықтары, сауатсыздықпен күрес, қазақ тілінің араб алфавитінен латын және кириллицаға көшірілуінің салдары.

  29. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшудің әлеуметтік-экономикалық саяси негіздері. Жер-су реформасын (1921 ж.) жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктер.

  30. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.

  31. Қазақ АКСР және Түркістан Республикасының құрылуы, қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

  32. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының күйреуі. Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістер. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. (1932-1933 жж.).

  33. 1920-1930 жж. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстарға салыстырмалы талдау жасаңыз.

  34. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қайраткерлері еңбектерінің тарихи құндылығы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н. Бөкейхановтың 150 жылдық және елімізде Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толу мерейтойының атап өтілуінің барысы мен маңызы.

  35. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында жекелеген ұлттарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару саясаты: кезеңдері мен салдарына талдау жасаңыз.

  36. Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық жылдарындағы» Қазақстандағы қоғамдық өзгерістер.

  37. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы және тылдағы ерліктері және оларды әдеби шығармалар негізінде талдаңыз (1941-1945 жж.).

  38. Соғыс жылдарындағы тылдағы еңбеккерлер. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.

  39. Соғыстан кейінгі бейбіт құрылысқа көшудің ауыртпалықтары. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары.

  40. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. жоғарғы, арнаулы орта, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі.

  41. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Тың және тыңайған жерлерді игерудің әлеуметтік-экономикалық салдары мен этнодемографиялық құрылымға әсерін, табыстары мен зардаптарын салыстыра баяндаңыз (1953-1964 жж.).

  42. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз.

  43. ХХ ғ. 60-70 – ші жылдардағы қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі («Жас тұлпар», «ЕСЕП»).

  44. Тоқырау жылдарындағы (1970-1985 жж.) Қазақстандағы саяси-экономикалық және әлеуметтік қатынастарына талдау жасаңыз.

  45. 1993 ж. ҚР Ұлттық валютасының енгізілуінің тарихи маңызы мен Тәуелсіз Қазақстан экономикасына ықпалын талдаңыз.

  46. 1998 жыл - Ұлт тарихы жылы. Ресей империясының Қазақстанды жаулап алу тарихын зерттеудегі жаңа көзқарастар мен зерттеулер.

  47. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары. Соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамаларын талдаңыз.

  48. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз.

  49. 1989 ж. Тіл туралы Заңның қабылдануы мен оның маңызы. Қазақ тілінің бүгіні мен болашағына сараптамалық талдау жасаңыз.

  50. Астананың Ақмола (1998 жылдан бастап Астана, 20 наурыз, 2019 жылдан бастап Нұр-сұлтан) қаласына көшірілуінің себептерін анықтап, тарихи маңызын ашыңыз.

  51. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны. Қазақстан заманауи сыртқы саясатының көпбағыттылығы: белсенді, сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясатты жүзеге асыру жолдары.

  52. Экологиялық дағдарыстар: Арал қасіреті, Семей ядролық сынақтың қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы.

  53. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуының тарихи маңызын айшықтаңыз.

  54. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау. Қазақстанда Парламентаризмнің даму ерекшеліктерін талдаңыз.

  55. ҚР ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігі мәселесін айшықтаңыз.

  56. ҚР нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері: экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертудегі реформалар, қиыншылықтары мен жетістіктерін сипаттаңыз.

  57. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуінің тарихи маңызын ашыңыз.

  58. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтар: Қазақстан – әлем мойындаған ел. SWOT талдау жасаңыз.

  59. Заманауи Қазақстандағы әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару (кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамту, жастарды қолдау, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы, денсаулық сақтау мен спорт дамыту).

  60. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) атқаратын қызметін анықтап, ұлтаралық келісім мен демократияны нығайтудың Қазақстандық моделінің ерекшелігі туралы баяндаңыз.

  61. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері мен экономикалық тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештік сипатына талдау жасаңыз.

  62. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының Ұлы Дала тарихымен сабақтастығын сипаттаңыз.

  63. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ).

  64. Қазіргі білім жүйесінің мазмұнын жаңарту жолы. Президенттің «Интеллектуалды ұлт - 2020» бағдарламасы және оның маңызын айшықтаңыз.

  65. Тәуелсіз Қазақстан тұсында қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерліктерінің жаңа көзқарас негізінде зерделенуі мен бағалануының мәнін ашыңыз.

  66. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы басты міндеттерге талдау жасаңыз (14.12.2012 ж.).

  67. ҚР Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығы, қорытындылары мен тарихи маңызын айшықтаңыз (2010 ж.).

  68. Тәуелсіз Қазақстан шаруашылығындағы жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мәселесі мен даму кезеңдерінің негізгі бағыттарын көрсетіңіз.

  69. 2009 және 2021 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз.

  70. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз.

  71. Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.

  72. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар.

  73. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі реформалар. Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттерін талдаңыз.

  74. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» (31.01.2017 ж.). Жолдауының тарихи маңызын сипаттаңыз.

  75. Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы. Жастарды мемлекеттік қолдау шаралары.

  76. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер мен бағыттар және олардың орындалу барысын талдаңыз. (12 сәуір, 2017 ж.)

  77. «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атты кезекті ХХІV сессияда қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызын талдаңыз, құндылықтарын баяндаңыз.

  78. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз (2015-2019 жж.).

  79. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар барысы мен нәтижесі туралы талдаңыз.

  80. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. ҚР-ның Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК, 1992 ж.) ұйымдастыру бойынша бастамасын талдаңыз.

  81. Өзара сенімді нығайту жөніндегі бастамалар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері шешімдеріне талдаңыз (2003 ж. I-ші съезі, 2006 ж. 12-13 қыркүйектегі ІІ съезі, 2009 ж. 1-2 шілдедегі ІІІ съезі.).

  82. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразия идеясы. Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының қызметінің басталуы. Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына кірудегі перспективалары туралы талдаңыз.

  83. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз.

  84. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәні.

  85. Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы ретіндегі қоғамдық саяси қызметіне сипаттама беріңіз.

  86. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуының тарихи маңызын ашыңыз.

  87. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және оның маңызын талдаңыз.

  88. Президенттік басқару институтының қалыптасуы. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылымның мемлекеттілік тұжырым­дама­сы.

  89. Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003ж., 2006ж., 2009ж. сьездеріндегі қабылдаған шешімдерді салыстырып, маңызын анықтаңыз.

  90. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз (2015-2019 жж.). ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызын ашыңыз.

  91. ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы». Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің біртұтастық тұжырымдамасы.

  92. Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері. Мамандарды даярлаудың үш деңгейлі жүйесі.

  93. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы мәселесін түсіндіріңіз.

  94. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы басты міндеттерге талдау жасаңыз (14.12.2012 ж.).

  95. Қазақстан Республикасының Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығы (2010 ж.).

  96. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайларында қабылдаған шешімдерді салыстыру жолымен маңызын анықтаңыз. (1992 ж., 2002 ж., 2005 ж., 2011 ж.).

  97. Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым - Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбатындағы басты мәселелер (25 10.2014 жыл).

  98. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы: басымдықтары мен маңызды кешенді міндеттерін айқындаңыз.

  99. «Қазақстан республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң. Жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін шаралар барысы. 2019 жыл «Жастар жылы»: маңызын баяндаңыз.

  100. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз.

  101. ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. «Нұр Отан» (Аманат) партиясының әлеуметтік-саяси жетекші рөлі.

  102. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» (21.11.2018 ж.) атты мақаласына талдау жасаңыз.

  103. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы: басымдықтары мен маңызды кешенді міндеттерін айқындаңыз. (16.03.2022.)

  104. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелер. (01.09.2021.)

  105. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы дамудың жоспарлары. (01.09.2020.)

  106. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен сайлауалды бағдарламаларына талдау жасаңыз. (02.09.2019.)

  107. ҚР-дағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз (1990-2022).

  108. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының мәні және маңыздылығы.

  109. 2019 жылдың наурыз айындағы Елбасы мәлімдемесінен кейінгі жоғары биліктегі өзгерістер. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаев қызметі.

  110. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнатудағы шаралар. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-ның даму үрдістері.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет