Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл
10
Дәрістің мазмұны:  

еліміздегі ұлттық тарихтың ақтаңдақ беттерін жою

бағытындағы іс-шаралар мен «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың

маңызы және Елбасының осы бағыттағы еңбегі қарастырылады.

1.     Қазақ   тарих   ғылымы   да,   өзге   қоғамдық   ғылымдар   секілді,   ХХІ

ғасырда тың бағытта зерттеулер жүргізу арқылы жаңа серпіліске ие болды.

Оның   себебі   еліміздің   тәуелсіз   ел   болуымен,   өзіндік   саяси   дамуымыздың

бағыт-бағдарын анықтап, халқымыздың ертеңі үшін жаңаша ізденістерге жол

ашылуы,   қоғамда   орын   алған   терең   демократиялық   бетбұрыстармен

байланысты.   Қазақ   тарихының   ғылыми   зерттелуі,   оған   атсалысқан

тарихшылар, өлкетанушылар, шежірешілердің қиын-қыстау жанпида еңбегі. 

Кеңестік   жүйе   заманында   қазақ   тарихы   біртұтас   КСРО   тарихы

оқулығының құрамында шағын бетін ғана құрады. Жалпы алғанда, ол біртұтас

орыс халқы тарихының құрамдас бөлігіне айналды. Кеңестік тарихта алдыңғы

рөл «алып империяны біріктіруші», «құраушы», «бастаушы» деген айдармен

орыс   халқына   берілді.   Ал   өзге   ұлттар   тарихы   солардың   көзімен   қаралып,

қатаң цензурамен КСРО тарихына енгізілді.

КСРО   ыдырап,   тәуелсіз   Қазақстан   Республикасы   жарияланған   тұста

қазақ   тарихшыларының   алдында   зерттеудің   жаңа   мүмкіндіктері   ашылып,

шынайы ұлттық тарихымызды жазуға түрен салынды.

Өткен   ғасырдың   90-жылдарынан   М.   Қозыбаев,   К.   Нұрпейіс,   М.Х.

Асылбеков,   К.Л.   Есмағамбетов,   З.А.   Алдамжар,   Ж.Қ.   Қасымбаев,   М.Х.

Әбжанов,   М.   Қойгелдиев,   Т.   Омарбековтер   өздерінің   жаңа   ойларымен

көпшілікке   танылды.   Олар   көтерген   ұлт   зиялыларының   тағдыры,   кеңестік

билік   кезеңіндегі   Қазақстан,   түрлі   репрессиялар   тарихы   өз   оқырмандарына

жетті. Сонымен қатар 90-жылдардың басынан бастап «арнайы қоймаларда»

сақталып   келген   ұлт   зиялылары   -   С.   Асфендияров,   М.   Тынышпаев,   Ә.

Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Шоқай, Т. Шонанұлы, Қ. Кемеңгерұлы, А.

Байтұрсынұлы   т.б.   шығармалары   қолымызға   тиді.   Тарихшылар,

қоғамтанушылар   өткен   өмірімізге   жаңа   қырынан   қарауға   мүмкіндік   алды.

82



Бұрын   ғылыми   айналысқа   енбеген   ата-шежіремізді   тануға   ерекше   ден

қойылды.   Сөйтіп,   Әбілғазы   Қосымұлының   «Түрік   шежіресі»,   Шәкәрім

Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», Шоқанның,

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Мұхамеджан Тынышпаевтың шежірелік жинақтары

халқымен   қауышты.   Ал   Елбасымыздың   1998   жылды   «Халық   бірлігі   және

ұлттық   тарих   жылы»   деп   жариялауы,   арнайы   «Қазақстан   Республикасында

тарихи   сананы   қалыптастырудың   тұжырымдамасы»   тарихшыларға   жаңа

бағыт-бағдар   сілтеді.   Тұжырымдаманың   басты   қағидалары   тарихшы,

профессор   Х.   Әбжанов   пікірінше,   «бұдан   былай   Қазақстан   тарихы,

біріншіден,   әлемдік   тарихтың   құрамдас   бөлігі,   екіншіден,   шығыс   әлемінің

құрамдас бөлігі, үшіншіден, Ислам әлемінің құрамдас бөлігі, ал одан кейін

Ресей   империясы   мен   Кеңестер   Одағындағы   кезеңдер   ретінде   анықталды».

Тұжырымдама   мен   тарих   жылының   мақсат-міндетін   зор   түсіністікпен

қабылдаған   тарихшылар   өткен   өміріміздің   күрделі   кезеңдерін   жаңа

ұстанымдар   тұрғысынан   саралауға   белсене   кірісті.   Жаңа   ХХІ   ғасыр   қазақ

тарихын   танудағы   түбегейлі   бетбұрыс   кезеңін   құрайды.   Ол   мынадан

байқалады:   біріншіден,   тарихшыларымыз   белгілі   бір   тақырып   аясында

ешкімге жалтақтамай-ақ қолда бар деректер негізінде жаңаша пайымдаулар

жасай бастады. Көп жағдайда олар қазақ-орыс қатынастарын саралауға және

қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына қатысты болды. Екіншіден, қазақстандық

тарихшылар қазақ тарихына назар аударған алыс шетелдік тарихшылардың

еңбектерімен,   өзіндік   пікірлерімен   таныса   бастады.   Олар   жаппай   барлық

еңбектерде көрініс тапты. Мұның өзі сол кезге дейінгі қалыптасқан тек қана

орыс   зерттеушілері   еңбектерін   пайдалануды   біртіндеп   ығыстырып,   балама

пікірлерге   бастама   жол   салынды.   Үшіншіден,   мемлекетіміз   қабылдаған

«Мәдени   мұра»   бағдарламасы   Қазақстанға   Қытай,   Иран,   Араб,   Америка,

Еуропа   елдерінен   көптеген   құнды   деректерді   әкеліп   қана   қоймай,   оны

қазақшаға аудару қолға алынды.

Бұл   Қазақстанның   тарихи   ғылымының   дамуына   игі   әсерін   тигізді.

Республика тарихының мәселелері бойынша дереккөздер мен монографиялық

зерттеулер   жарық   көріп,   бірқатар   конференциялар   өтті.   Н.Ә.   Назарбаевтың

1999   жылы   жарық   көріп,   маңызды   оқиғаға   айналған   «Тарих   толқынында»

атты   еңбегінде   тарихи   үдеріс   ұлттық   рухтың,   ұлттық   идеяның   дамуы

тоғысында   қаралып,   ұлттық   және   мемлекеттік   сәйкестіктің   қалыптасуы

мәселелері айқындалған. 

Сөйтіп, Қазақстанның қазіргі  заман тарихы дербес пән ретінде жоғары

білікті   мамандар   даярлау  ісінің   оқу   жоспарында   құрметті   орын   алады.   Ол

төменгі   курстарда   оқытылып,   студенттердің   мемлекеттік   емтихан

тапсыруымен аяқталады. 

Отандық   тарихтың   жоғары   оқу   орындарында   оқытылатын   курсы   кез

келген   білікті   маманның   орта   мектепте   алған   білімдерінің   жалғасы   іспетті

және   басқа   пәндермен   қатар,   іргелі   білім   қорының   қалыптасуына   септігін

тигізеді.

83



2

.

  Тәуелсіздіктің   алғашқы   күндерінен-ақ   мемлекет   тарих   ғылымның

дамуына   және   ел   азаматтарының   тарихи   санасының   қалыптасуына   елеулі

назар   аударып   келеді.   Жаңа   жалпы   мемлекеттік   идеялар   іздеу   –   қазіргі

Қазақстан мен тарихи ғылымы үшін күн тәртібінде тұрған міндет. Қазақстан

халқына арнаған 2003 жылғы Жолдауында Елбасы республикамыздың мәдени

мұрасын   зерттеудің   арнаулы   бағдарламасын   әзірлеуге,   тарихи-мәдени   және

сәулет ескерткіштерін қайта жасауға, ұлттық әдебиет пен жазуды жинақтап

қорытуға   тапсырма   берді.   Қазақстан   Республикасының   Президенті   Н.Ә.

Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени

мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Нәтижесінде,

2004 жылдан бері қарай «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама кезең-

кезеңмен,   яғни   2004-2006,   2007-2008,   2009-2011   жылдарға   бөлініп,   келесі

бағыттар:   тарих   пен   археология   ескерткіштерін   жүйелеу,   сақтау,   қалпына

келтіру бойынша жұмыс істей бастады.

Аталған   бағдарлама   аясында   отыздан   астам   ескі   қала   мен   басқа   да

қоныстардың,   қорғандар   мен   өзге   де   нысандардың   қазба   жұмыстары

жүргізілді.   Олардың   қатарында:   Ақмола   облысында   –   Бұзықты,   Алматы

облысында -   Қойлық пен Талғар, Атырау облысында – Сарайшық, Шығыс

Қазақстанда – Берел–Шілікті, Жамбыл облысында – Мерке мен Жайсаң, Батыс

Қазақстанда   –   Жайық   пен   Қараоба,   сондай–ақ   Қарағанды   облысында   –

Тоқтыауыл, Айбас пен Кент, Қостанай облысында – Бестамақ, Қызылордада –

Рабат, Маңғыстауда – Тоқсанбай, Павлодар облысында Шілдерті, Солтүстік

Қазақстанда   –   Ботай,   Оңтүстік   Қазақстанда   –   Сауран   мен   Сейтек   бар.

Шетелдік жобалар – Сұлтан Әз–Зәкір Бейбарыстың Дамаскідегі кесенесі мен

тарихи–мәдени орталықтың құрылысы табысты іске асты.

Бағдарлама қабылданғаннан кейінгі төрт жылда тарих пен мәдениеттің

51   ескерткіші   қайта   жаңғыртылып,   Қазақстан   аумағындағы   39   қалашық,

қоныс, тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер

жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне

15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы,

өнері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5 000-ға жуық қолжазбалар мен

баспалық   басылымдар   табылды.   Тек   Қытайға   жасалған   ғылыми

экспедицияның   барысында   Қазақстанның     тарихы   мен   мәдениетіне

байланысты   бұрын   зерттелмеген   маньчжур   тіліндегі   3 мың,   қытай   тіліндегі

300,   шағатай   тіліндегі   60,   ойрат  тіліндегі   70   дерек   табылды.   Ұлттық   және

әлемдік   ғылыми   ой-сананың,   мәдениет   пен   әдебиет   басылымдарының

фольклортану,   әдебиеттану   мен   өнертану,   философия,   тарих   ғылымы,

саясаттану,   тіл   білімі   сияқты   16   бағыты   бойынша   бірнеше   жүз   томды

құрайтын   кітаптар   шығарылды.   100   томдық   «Бабалар   сөзінің»   51     томы,

«Қазақ   философиясының»   16   томдығы,   «Әлемдік   философияның»   18

томдығы,   «Баласағұн»   қалашығы,   Отырар,   Орхон   ескерткіштерінің   толық

атласы   жасалды.   «Қазақстанның   электрондық   кітапханасы»   және   «Мәдени

мұра»   ғаламтор   –   порталдары   жасалды.   Қазір   «Мәдени   мұра»

84



бағдарламасының   2007-2009   жылдарға   арналған   екінші   кезеңі   аяқталып,

үшінші кезең бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.  

Қазақ   тілінде   бірыңғай   әлемдік   көркем   ойды   қалыптастыруға

бағытталған   кітап   басып   шығару   ісіне   ерекше   назар   аударылды.   Маңызды

басылымдардың   арасынан:   «Қазақ   фольклорын»,   «Дүниежүзілік   әдебиеттің

таңдамалы   шығармаларын»,   «Қазақ   музыкасының   антологиясын»,   «Ұлттық

философия мұрасын» және басқаларын атай аламыз. 

3. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2013 жылы

тарихи   зерттеулердің   «Тарих   ағынындағы   халық»   деп   аталатын   арнаулы

бағдарламасы   әзірленді.   Оның   басты   мақсаттары   –   алдыңғы   қатарлы

әдістемелер негізінде Қазақстаның тарихи ғылымының сапалы өркендеуі үшін

жағдай туғызу; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиектерін кеңейту; ұлттың

жаңа   тарихи   дүниетанымын   қалыптастыру;   Қазақстанның   қазіргі   заман

тарихының кейінгі екі онжылдығын жете ұғыну. 

Бұның   дәлелі   ретінде   Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік

хатшысы М. Тәжиннің 2013 жылғы маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық университеті қабырғасында сөйлеген сөзін келтіруге болады.

Қазақстанның   тарихи   ғылымының   ары   қарай   даумының   басымдық

берілетін бағыттары төмендегідей тұжырымдалған. 

Ұлттық тарих қоғамдық ғылымдар арасында орталық буын болуға тиіс. 

Қазақстан   тарихының   жалпылама   тұжырымдамасын   сапалы   жаңа

деңгейде   жасау   қажет.   Ол   дүниежүзілік   тарихпен   тығыз   ұштастырылып,

жаһандық тарихи үдерістерде, олардың өзара байланыстары жүйесінде және

ғылыми мерзімді басылымдарда Қазақстанның орнын айқын көрсетуге тиіс. 

Қазақстан   жайында   өзімізде   және   шетелде   сақталған   барша   тарихи

материалдарды   жинауға,   жүйелеуге   және   жіктеуге   жоғары   дәрежеде   көңіл

бөлу қажет. 

Тарихи   артефактілердің   (бұл   жаңа   тарихқа   да   қатысты)   шетелдегі

барлық   қоймаларын   егжей-тегжейлі   зерттеп,   сонымен   қатар   тарихи

материалдардың   елімізге   әкелінуі   немесе   мүмкін   болса,   ғалымдар   мен   кең

бұқараның   кейіннен   қол   жеткізуін   қамтамасыз   ету   үшін   олардың

көшірмелерін алу мүмкіндігі туралы мәселені де жете ойластыру керек.

Басым   міндеттер   қатарында   Орталық   Азияның   көшпелі   өркениетін

зерттеп,  білу  тұр,   себебі  қазіргі  таңда  оның  мұрагері   ретінде  қазақ  этносы

танылады.

Күн   тәртібіне   Қазақстан   тарихы   бойынша   сапалы   оқулықтар   әзірлеп,

баспадан шығару мәселесі өткір қойылып отыр.

Көріп отырғанымыздай, басты назар шын мәнінде, ұлттық тарихты әрі

қарай дамыту мәселесіне аударылып отыр, ол түсінікті де. Ғылыми ілімнің

жеке   саласы   ретінде   ХХ   ғасырдың   ортасында   қалыптаса   отырып,

Қазақстанның тарихи ғылымы сол ғасырдың соңындағы тектоника сипатында

күшейе түскен, ұлттың өзін-өзі түсінуінің қызу үдерісі – КСРО тараған тұста

жаңа мүмкіндіктерге ие болды. 

85



Бақылау сұрақтары:

1) Отан   тарихының   «ақтаңдақ   беттерін»   анықтауда   қандай   мақсат-міндеттерді

жүзеге асыру көзделіп отыр?

2) «Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі кезеңдері мен бағыттары қандай?

3) Н.Ә. Назарбаевтың «Халық тарих толқынында» бағдарламасының жастарды

тарихи отаншылдыққа тәрбиелеудегі рөлін көрсетіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет