Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет34/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Тарих керек файл

«қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе

болып саналады»

-деп айтып, Қазақстанның сыртқы қатынастар саласындағы

бүгінгі басымдықтарының жетекші саласын көрсетіп берді. 

Қазақстан, жағрафиялық жағына байланысты, ең алдымен Ресей және

Қытай сияқты көрші мемлекеттерімен ынтымақтасуда. Әсірес, Қытаймен екі

ел   арасындағы   қатынас   жылдан-жылға   жақсарып   келеді.   Айталық,   2016

жылдың қыркүйек айында Қытай жерінде болған G20 Саммитінің шешімімен

Инвестициялық   бағдарлама   жүзеге   асырылатын   2015-2019   жылдары

87



аралығында   біздің   елде   395,5   мың   жұмыс   орны   ашылатын   болды.   Оның

ішінде жалпы құны 23 млрд. долларды құрайтын 25 жоба бойынша қазіргі

уақытта   келісімге   қол   қойылды.   Таяу   болашақта   Қытайдан   біздің   елге

бұлардан бөлек тағы да 20-дан аса өндіріс орындарын көшіріп әкелу жобалары

бар.   Бұл  жобалардың  Қазақстанның  «Нұрлы  жол»  инфрақұрылымдық  даму

бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы арасындағы

синергия үшін негіз қалары сөзсіз. Рессей мен екі арадағы ынтымақтастыққа

келсек,   Н.Ә.Назарбаев   пен   Ресей   Президенті   В.Путин  2005   ж.   18  қаңтарда

Қазақстан   -   Ресей   мемлекеттік   шекарасы   туралы   шартқа   қол   қойды.   Осы

құжат   бойынша   екі   ел   үшін   де   айрықша   маңызы   бар   шекара   мәселесі

халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты... 

Қазақстан   ежелден   этностық   туыс   елдер   -   Әзірбайжан,   Қырғызстан,

Түркіменістанмен   жан-жақты   байланыстар   жасап   келеді.   Қазақстанның

Түркиямен   қатынастары   ерекше   жақсы   жолға   қойылған.   Сондай-ақ,

Қазақстанмен   терең   тарихи   тамырластығы   бар   Үндістан,   Иран   сияқты

елдермен қатынастың болашағы зор болмақ.

Бүгін Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Айталық, 1992

жылғы   2   наурызда   Қазақстан   Республикасы   БҰҰ-ға   мүшелікке   бірауыздан

қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 ж. күзде өткен 47-сессиясында

Президент   Н.Ә.   Назарбаев   сөз   сөйлеп,   Қазақстанның   Таулы   Қарабақ   пен

Тәжікстандағы   қақтығыстарды   реттеуге   айтарлықтай   үлес   қосқандығы

баяндалды. Дүние жүзілік қауымдастық бұны барынша жылы қабылдады. 

Қазақстан

 

1996 жылы 26 сәуірде дүниеге келіп, шекаралары шектесіп

жатқан   5   мемлекетті   біріктіретін  

Шанхай   бестігінің  

мүшесі   ретінде,   оның

құрылған күнінен бастап,

 

айтарлықтай белсенділік көрсетуде



.

 

Қазақстанның   дамыған   Батыс   державаларымен   қатынастары.

Қазақстан   үшін   республика   экономикасына   айтарлықтай   инвестиция   беріп

отырған   Америка   Құрама   Штаттарымен   іскерлік   қатынастар   орнатудың

маңызы зор. АҚШ Қазақстанның мәдениеті мен білім саласын дамытуға да

қол ұшын беруде. “Болашақ” бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер

АҚШ,   Англия,   Франция,   Германияның   оқу   орындарында   білімдерін

жетілдіруде. Бұл елдермен де достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік

туралы   шарт   жасалынды.   Н.Ә.   Назарбаев   жаңа   Еуропаға   арналған   Париж

хартиясына   қол   қойды.   Қазақстан   Венгриямен,   Болгариямен,   Чехиямен,

Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатты.

Қуатты   әскери-саяси   ұйымдармен   қатынастар.

  НАТО-ның   Еуропа

және   ТМД   елдеріне   жәрдемдесуге,   аймақтық   қақтығыстардың   алдын   алуға

мүмкіндіктері көп. Осыған орай Қазақстан, НАТО-мен байланысты кеңейту

шараларын   іздестіруде.   Қазақстанның   Оңтүстік-Шығыс   Азияда   АСЕАН

(Оңтүстік-Шығыс   Азия   елдерінің   ассоциациясы)   мемлекеттерімен   және

Монғолиямен қатынастары да жолға қойылып келеді.

2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы

істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымының 2010

жылғы   төрағасы   болып   сайланды.   Қазақстан,   Прибалтиканы   қоса   алғанда,

88



ТМД-нің ішінде осынау беделді халықаралық ұйымды басқару құрметіне ие

болған  бірінші  ел.  Қазақстанның  төрағалығы  сенім,  дәстүр,   ашықтық  және

төзімділік   сияқты   ұстанымдарға   негізделіп,   Қазақстан   дипломатиясының

жеңісімен аяқталды. Еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесі 2011 жылы

Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИКҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне

(СІМК) төрағалық ету мәртебесіне ие болумен де көрінді. 



Дәрістің   осы   бөлімшесін   қорыта   келгенде   айтарымыз,  

Қазақстан

Орталық   Азияның   көшбасшысына,   халықаралық   лаңкестікке,   есірткінің

жайылуы   мен   ядролық   қарудың   таралуына   жол   бермейтін   мемлекетке

айналды.   Тәуелсіздік   жылдарындағы   Қазақстан   әлемдік   қауымдастықтың

толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде кең қолдау

тапты.   Бүгінде   жаңа   саяси   бағыт   -   «Қазақстан-2050»   Стратегиясын

қабылдаған   Қазақстан   Республикасы,  



геосаяси   жағдайдағы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет