Қазақстанның Қазіргі заман тарихы


дәріс. Әлеуметтік – экономикалық және рухани «тоқырау»



Pdf көрінісі
бет13/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл

7 дәріс. Әлеуметтік – экономикалық және рухани «тоқырау»

1. 1965-1966 жж. экономикалық  реформалар және оның нәтижесі. 

2. Қазақстан өнеркәсібінің дамуы мен қиыншылықтары.

3. Этнодемографиялық үрдістегі  келеңсіздіктер мен жетістіктер. 

          

Дәрістің мақсаты:  

ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы экономикалық

құлдырау,   шаруашылық   реформалардың   халық   шаруашылығы   дамуына

ықпалы мен  этнодемографиялық жағдайға талдау жасау.



Дәрістің мазмұны:  

1960  жылдардағы реформалардың нәтижелері мен

Қазақстан   өнеркәсібінің   даму   деңгейі   талданып,   республиканың

этнодемографиялық ахуалы қарастырылады.

1

.

  1960-шы   жылдардың   бас   кезінде   ауыл   шаруашылығының   жағдайы

қайта нашарлап, өзінің өсу деңгейін тоқтатқан болатын. Тың игеру барысында

жіберілген кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз, 1966

жылдың мамыр пленумдарында ашық айтылып, оларды жоюдың шаралары

белгіленді.   Ауыл   шаруашылығының   берік   негізін   жасау,   жоспарлауды

жақсарту,   колхоздар   мен   совхоздарда   шаруашылық   есепті   енгізу,   еңбекті

материалдық және моральдік ынталандыру міндеттері қойылды. 

1966-1970 жж. республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5 млрд сом

қаржы   бөлінді.     Осының   арқасында   8-ші   бесжылдықта   ауыл   шаруашылық

өнімі   54%   өсіп,   Қазақстан   Кеңестер   Одағының   өзіндік   ерекше   ауыл

шаруашылық ауданына айналды. Оның үлесіне Одақтағы ауыл шаруашылығы

өнімінің 11% тиді.   Мемлекеттік қорға республикадан әрбір 4-ші тонна жүн,

12-ші тонна ет және 5-ші тонна

 

астық түсті. Ауыл шаруашылығына жұмсаған



мемлекет   шығыны   өскенмен   қайтарымы   аз   болды.   Еңбекшілердің   еңбек

ақысы   мен   халықтың   табысы   өскенімен,   ауылшаруашылығы   мен   өнеркәсіп

саласы   қоғамды   қажетті   тауармен,   азық-түлікпен,   сервистік   қызметпен

қамтамасыз ете алмады. Осындай жағдайдың негізінде тапшылық (дефицит),

39



тамыр-таныстық,   ұзын-сонар   кезектер   сол   кезеңнің   күнделікті   көрінісіне,

дағдыға айналды.

Қарастырылып отырған кезеңдегі өнеркәсіптегі жағдайға келер болсақ,

50-ші   жылдардың   екінші   жартысынан   кейінгі   жылдардағы   Қазақстанның

индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жылы өткен КОКП-ның XX

съезінде   қабылданған   халық   шаруашылығын   дамытудың   6-шы   бесжылдық,

1959   жылы   XXI   съезде   қабылданған   1959-1965   жылдарға   арналған

жетіжылдық   және   1966   жылы   ХХII   съезде   қабылданған   8-ші   бесжылдық

жоспарлармен белгіленді. 60-шы жылдардың өзінде ғана 700-дей кәсіпорын

қатарға   қосылды.   Оның   ішінде   Жезқазған   байыту   комбинаты,   Өскемен   су-

электр   станциясы,   Бұқтырма   су-электр   станциясының   бірінші   кезегі,

Қарағанды-2   жылу   электр   станциясы,   Соколов-Сарыбай   кен   байыту

комбинаты,   Павлодар   трактор   зауыты,   Алматы   мақта-мата   комбинаты,

Жамбыл   былғары   аяқ-киім   комбинаты   және   т.б.   болды.   «Қазақсельмаш»

зауыты ауылшаруашылық машиналары бөлшектерін шығара бастады. 

И.  Сталин   қайтыс   болғаннан   кейін   Н.  Хрушев   тұсында   «қырғи-қабақ

соғыс»   өршіп,   жеңіл   және   тамақ   өндіріс   салаларына   тежеу   жасалынып,

шикізат   пен   отын   өндірілетін   салалар   жедел   қарқынмен   дамығандықтан,

халықтың материалдық жағдайы төмен қалпында қала берді. 

Республикада 200-дей жаңа өндіріс орындары салынды.

 

Қазақстаннан



орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол құрылысы жедел қарқынмен дамып,

1953   жылы   Мойынты   -   Шу   темір   жол   торабы   пайдалануға   берілді.   Сібір,

Оңтүстік Қазакстан мен Орта Азияны байланыстырған  Павлодар темір  жолы

ашылды.  Ал   Қазақстанның

 

мұнайлы аудандарын игеруге байланысты Батыс



Қазақстанда   Мақат-Ақтау,  Ақтау-Жетібай-Өзен,   Атырау-Астрахань,   Бейнеу-

Қоңырат   секілді   темір   жол   жүйелері   салынды.   Халық   шаруашылығын

дамытуда темір жол транспортымен бірге республикада автомобиль, құбыр,

әуе, су жолдары да негізгі рөл атқарды. Республикада 60-шы жылдары құбыр

транспорты Маңғыстау түбегінің мұнай байлығын игеруге байланысты Өзен-

Жетібай-Шевченко, Өзен-Атырау-Куйбышев мұнай құбырлары іске қосылды.

Транспорттағы   бұл   нәтижелерге   қарамастан   Қазақстанда   сол   уақытта   жол

қатынасымен қамтылудың жеткіліксіздігі байқалды.

Өнеркәсіптегі прогресс Қазақстандағы индустрия саласында жұмысшы

табының өсуіне мүмкіндік жасады. 1970 жылы 3,4 млн жұмысшы болды, бұл

1940 жылдан 5 есе көп еді.  Бірақта экономикалық реформалардың сәтсіздігі

қоғамның   әлеуметтік   құрамына   және   тұрмыс   жағдайына   өз   әсерін   тигізді.

Жергілікті ұлт өкілдерінен маман жұмысшы кадрларын даярлауға қамқорлық

жасалмағандықтан,   1957-1973   жылдар   жұмысшылар   арасында   қазақтардың

алатын   үлесі   17,4%-тен,   11,7%-ке   дейін   төмендеді.   1970   жылдың   басында

қазақтар тек мұнай және газ саласында ғана басым болды.

Осыған қарамастан республикада машина жасау жеткіліксіз қарқынмен

дамыды, өнеркәсіп өндірісінде оның үлес салмағы 1961 жылы - 10,4%, 1970

жылы   -   10,6   %   дейін   ғана   өсті.   Республиканың   машина,   кұрал-жабдықтар

жөніндегі құрамының 72 % басқа республикалардан әкелу арқылы шешілді.

40



60-шы   жылдары   халык   шаруашылығын   әміршіл-әкімшілдік,   бюрократтық

жолмен   басшылық   жасаудың   тиімсіз   екендігі   сезіліп,   елдің   сол   кездегі

басшылығы   оны   кайта   қарауға   талпыныс   жасады.   1959   жылы   түсті

металлургияның   барлық   кәсіпорындары   Қазақстанның   қарамағына   берілді.

КОКП   ОК   1965   жылғы   қыркүйек   пленумында   экономикадағы   әкімшілдік

айыпталып,   өндіріс   басшылығын   салалық   принцип   бойынша   ұйымдастыру

қажет  деп табылып, өндірістің сапалары  бойынша одақтық,  республикалық

және   жалпыодақтық   министрліктер   кұру   жөнінде   шешім   қабылданады.

Өндіріс орындарына біршама өзіндік еркіңдік беріліп, жаңаша жоспарлау мен

экономикалық ынталандыруға көше бастады. Халық шаруашылық кеңестері

жойылып, жаңадан құрылған министрліктердің қызмет ауқымы кеңейді. Әр

министрлік өз саласын қаржыландыру, басқару, шикізат пен жабдықты бөлу,

өнім сапасын қадағалау және т.б. күрделі міндеттерді атқарды.

2.   Бұл реформаның нәтижесі жоғары  болды.  Сегізінші бесжылдықта

(1966-1970 жж.) халық шаруашылығы жоспарлы экономикаға көшкен кезден

бері алғаш рет ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Сегізінші бесжылдықта өндіріс

күші жоғарғы карқынмен дамыды. Қазақстан Одақ бойынша көмір өндіруден,

қорғасын қорытудан алға шықты. Мұнай өндіру, химия өнеркәсібінің маңызы

артты.   Кен   орындары   көптеп   ашылып,   жаңа   өнеркәсіп   аудандары   ашылды.

Бесжылдықтың соңына қарай 445 ірі өнеркәсіп орындары мен цехтар ашылып,

зауыттар  мен  фабрикалар   қайта  жабдықталды.  Қазақстанда  минералды  тұз,

синтетикалық   каучук,   химия   өндірістері   кеңейді.   Қаратау   бассейніндегі

фосфорит   қоры,   КСРО-дағы   сары   фосфор   мен   тыңайтқыш   шығаратын   ірі

орталыққа   айналды.   Қарағанды   металл   зауытының   Одақ   бойынша   маңызы

өсті.   Ол   жоғарғы   сапалы   шойын,   мыс   өндірді.   Республика   хром  өндіруден

бірінші   орынға,   темір   және   марганец   өнімдерін   өндіруден   үшінші   орынға

көтерілді.   Машина   жасау   өнімін   өндіру   1,6   рет,   соның   ішінде   ауыл

шаруашылығы   машиналарын   өндіру   2   есе   артты.   Республикадағы   трактор

жасау саласының негізі болған Павлодар трактор зауыты іске косылды.

Жеңіл   өнеркәсіп   салалары   да   біршама   дамыды.   Қазақстан   жеңіл

өнеркәсібі 1970 жылы Одақ бойынша өндірілген барлық өнімнің 16%-ін берді.

Осыларға   қарамастан   60-шы   жылдардың   2-ші   жартысындағы

экономикалық реформалар сәтсіз аяқталды.   

1965 ж. басталған экономикалық

реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді.

Тоғызыншы   бесжылдықта   жоспарлау   жүйесі   бойынша   Қазақстанда   1578

кәсіпорын   жұмыс   істеді.   Тоталитарлық   жүйе   оның   өмір   сүріп   отырған

экономикалық   құрылымының   шеңберінен   шығуына   жол   бермеді.   Осының

салдарынан 1970 ж. басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің

тиімділігін   арттыруға   бағытталған   идеялары   бұрмаланды.   Көптеген

кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, өз өнімдерінің бағасын қолдан

жоғарлату   жолына   түсті.   Бағаның   өсуі   есебінен   алынған   пайда   жалақыны

көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өсімділігінің өсуін басып озды,

41



мұның өзі 1970 ж. бас. инфляция процестердің басталуының себебі болды, бұл

экономиканың   дамуына   теріс   ықпал   жасады.   Реформаның   сәтсіздікке

ұшырауының   негізгі   себебі   саяси   саладағы   демократияландыру   процесінің

тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана

шектеліп,   қоғамның   саяси   құрылымына,   меншік   қатынасына   соқпады,

мемлекеттік   меншіктің   монополиясын   сақтады,   нарықтық   қатынастарды

теріске шығарды. 70 ж. басында реформаны жүргізу тоқтатылды.

КОКП   ОК-нің   бірінші   хатшысы   Л.И.   Брежнев   басқарған   басшылық

өткеннен сабақ алмады. Осының салдарынан ауыл шаруашылығына, өндіріске

қатысты қаулы-қарарлар бұрынғысынша әкімшіл-әміршіл сипатта қала берді.

Қабылданған қаулылар іс жүзінде кеңес атқару комитеттері мен шаруашылық

ұйымдарының   атқаратын   міндеттерін   облыстық,   аудандық   және   бастауыш

партия  ұйымдарына  жүктеп,  өндіріс   орындары,  колхоздар   мен  совхоздарды

өзіндік   еркіндіктен   айырды.   Реформалар   кредиттік-қаржылық   жүйемен

материалдық-техникалық   жабдықтаумен   байланыстырылмады.   Осылардың

салдарынан   бір   жағынан   Қазақстанның   экономикасының   қуаты   арта   түссе,

екінші жағынан оның орталыққа тәуелділігі күшейе түсті.

XX   ғасырда   Қазақстан   күрделі   демографиялық   дамуды   бастан   кешті.

Ғасыр   басында   қазақ   даласы   тұрғындарының   негізі   көшпелі   мал

шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында

ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.   Қазақ халқы талай

«тар жол – тайғақ кешулерге» душар болды.   Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі

және   одан   кейінгі   кезеңдердегі   тарихи   жағдайларға   тікелей   байланысты.

Патша үкіметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру

саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы

мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922

жылдардағы,   1931-1933   жылдардағы     ашаршылықтар     мен   1941-1945

жылдардағы   Ұлы  Отан   соғысының   зардаптары,   өңдірістің   ірі  «алыптарын»

тұрғызу   мақсатында   республикаға   жан-жақтан   мыңдаған   жұмысшылар   мен

мамандардың   әкелінуі,   тың   және   тыңайған   жерлерді   игеру,  «комсомолдық

бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық

ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. 

3.   Әлеуметтік-саяси,   экономикалық   үрдістер   республика   халқының

құрамында,   оның   табиғи   қозғалысы,   көші-қон   процестері,   әлеуметтік

құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс

сипатында   көрінді.     Мысалы,   1937   жылы   республика   халқы   1926   жылғы

санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар – 1,7 есе, украиндар –

1,6 есе, өзбектер – 1,9 есе, қырғыздар – 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері – 1,6 есе

кемісе,   елге   сырттан   қоныс   аудару   саясатының   пәрменді   жүргізілуіне

байланысты орыстар – 1,5 есе, немістер – 1,6 есе, татарлар – 1,1 есе көбейген.

КСРО-дағы   халық   санының   жоспарланған   деңгейден   11   миллионға

кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары

42



жүргізген   саясатының   демографиялық   дағдарыстарға   әкелгенінен   хабардар

етті. Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті.

1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, кеңес өкіметінің

сыналап   жүргізген   көші-қон   саясатының   нәтижесінде,   қазақтардың   өз

жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де

құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті. Айта кететін бір жайт: 1950-

жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-

1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен

табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар жасалыңды.

Он   жылдық   білім   енгізілді,   жалақы   мөлшері   өсті,   ауруханалар   салынды,

тұрғын   үйлер   салу   қолға   алыңды   («хрущевтық   үйлер»),   екіқабат  әйелдерге

жағдай   жасалып,   балалы   әйелдерге   берілетін   жәрдемақы   енгізілді,   тегін

дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. Міне, осы

жағдайлар 1960-1982 жылдары Қазақстандағы «демографиялық жарылысқа»

мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығыңда өсім

берді.


Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да

негізінен сырттан көшіп келушілер есебінен өсіп, 1897 ж. 4147,7 мыңнан 1989

ж.   16464,4   мыңға   жетіп,   осы   92   жылда   4   есеге   жуық   көбейген.   Қазақстан

халқының 81,7%-ы қазақ, 10,9% - орыс, 1,9%-ы украин, 1,3%-ы татар, 1,3%-ы

ұйғыр, 0,7%-ы өзбек болса, 1914 ж. қазақтар үлесі 58,8 %, орыстар 29,6 %-ға,

өзге  ұлттар   11,6   %   болып,   ұлттық   арасалмақта   қазақтар   үлесінің   төмендеу

үрдісі   басталды.   1939-1959   жж.   көші-қон   үдерісінің   нәтижесінде   1959   ж.

санақта   тарихи   отанында   азшылыққа   айналу   үрдісінің   төменгі   мөлшеріне

жетті   –   29,7%.   Қазақтар   өз   отанында   азшылық   ұлтқа   айналды.   Соның

ішінде осы   көрсеткіштің   1959-1989   жж.   ерекшелігін   талдасақ,

 

1959-1970



жылдары   Қазақстанға   сырттан   келушілердің   көші-қоны   аздап   саябырлай

бастады. 



 

Сырттан қазақтардың келуі оқиғалары осы кезеңде орын алды. Бұл

кезеңде қазақтардың табиғи өсімін көтерген «демографиялық жарылыс» деп

тарихта   аты   қалған   туу   көрсеткіштерінің   күрт   өсуі   тұрғылықты   ұлттың

мөлшерін 2,9 пунктке ғана көтерді. Қазақ жеріндегі қазақтар үлесі 1970 ж.

32,6%-ға жетіп, халық құрамында азшылық ұлт мәртебесін жоя алмады.

Кеңестік   жүйенің   алғашқы   қырық   жылы   ішінде   республика   халқы

механикалық   қозғалыс   негізінде   өссе,   ендігі   өсім   табиғи   қозғалыс   арқылы

жүзеге асырылды. 1955-1970  жж.  Қазақстан  халқы  8,3  млн-нан  13,2  млн-ға

өсті немесе 15 жыл ішінде 5,5 млн-ға көбейген. Қала халқының өсу қарқыны

тіпті жоғары- 15 жылда екі есеге, 3 365 мыңнан 6 725 мыңға немесе 199,7 % -

өскен. 1970-1989 ж аралығындағы табиғи өсім 12,9 % ға көбейген. 1989 ж.

санақ   бойынша   қазақтар-   37,7   %,   орыстар-   37,8     %,   украиндар   –   5,4   %,

немістер – 5,8 %, өзбектер – 2,7 %, басқа ұлттар – 10,6 % болған.

1959-1979   жж.   қазақ   халқының   демографиялық   тарихында   «алтын

кезең» деп бағаланады. Бұл кезеңнің ішінде XX ғ. бірнеше демографиялық

апатты   кезеңдерден   кейінгі   жағымды   құбылыс   –   1958-1962-жж.

демографиялық «жарылыс» орын алды. Осы жылдары республика тарихында

43



табиғи өсім ең жоғары көрсеткіштерге жетті: 1960 ж. дүниеге 371,8 мың сәби,

әрбір 1000 адамға шаққанда 37,2 сәби, ал ең көп сәби туылған 1961 ж. 377

мың   сәби   келген,   әрбір   мың   адамға   шаққанда   36   сәби,   табиғи   өсімде   осы

жиырма   жыл   ішіндегі   ең   нәтижелі   жыл   болды.   Осы   екі   санақ   аралығында

республика халқы 1959 ж. – 9 294 741 адамнан 1970 ж. – 13 008 726 адамға

жетіп,  халықтың  жалпы   саны  3 713  985  адамға   өскен,  өсім  39,9%  құраған.

Қазақ этносы осы кезенде 1446,9 мың адамға, яғни 51,9%-ға өскен, орташа

жылдық   өсімі   131   532   адам,   ал   республика   тұрғындары   табиғи   өсімнің

есебінен   жылына   258   мың   адамға   өсіп   отырған,   республикадағы   үлестік

салмағы 1959 ж. - 30%, 1970 ж. - 32,5% құрайтын қазақтар, осы он жылда

республика тұрғындарының жалпы өсімінің 38,96%-ын берсе, қалған этностар

61,04%-дық өсім берген, әрине бұл республика көлемінде қазақ этносының

санының   және   үлестік   салмағының   тез   өсуіне   жайлы   демографиялық

ахуалдың   туындауына   жол   ашты.   Болашақтағы   қазақ   халқының

демографиялық   өсу   әлеуетінің   негізі   1950-1960   жж.   демографиялық   дүмпу

кезінде қаланды деп пайымдауға толық негіз бар.

Одан кейінгі 1970-1991 жж. көші-қонның ерекшелігі сонда, ХХ ғ. өн

бойында  сырттан  келуші көші-қоншылардың  қозғалысы  осы  уақытқа  дейін

ішке   бағытталса,   1968-ж.   бастап   Қазақстанға   өзге   республикалардан

келушілер саны азайды. Бұл 1970 ж. санақта көрінді.   Осы кезді сонау ХІХ ғ.

ортасынан   Қазақстанға   қарай   ағылған   көші-қонның   бағыты   кері   бұрылу

межесі деп алуға болады. Оған себеп болған факторлар – ұлттық сана сезімнің

оянуы, халық шаруашылығында ұлттық мамандар үлесінің өсе бастауы және

т.б.     Бұл   кезеңде   Қазақстан   халқының   демографиялық   мінез-құлқында   да

өзгерістер жүрді.

 

Көп балалы отбасыдан аз балалыққа өту, бала тууды сандық

жағынан реттеуге негізделген бағыт осы кезеңнен бастау алды.

Қазақтар   1959-1979   жж.   2   502   мың   адамға   көбейген   (89,8   %),   ал

республика   халқының   жалпы   өсімі   58%.   Яғни,   осы   жиырма   жылда   табиғи

өсімнің негізгі салмағы қазақ этносы есебінен жүзеге асқан деп пайымдауға

болады.

Қазақ   этносының   1959-1989   жж.   туылғандары   1999   ж.   20-40   жас

аралығындағылар   республика   халқының   2   709,2   мың   адамы   (34   %),   өз

кезегінде   20   жасқа   дейінгі   3   504,5   мың   адамның   (43,9   %)   ата-аналары,

барлығы республика қазақтарының 77,9 %-ы 40 жасқа дейінгі азаматтар қазақ

этносының сандық және сапалық өсуінің қайнар көзі болды.

Қазақстанның демографиялық дамуы бүкіл әлем халқының дамуының

негізгі   үрдістерімен   сәйкес   келеді.   Қазақ   халқының   демографиялық   дамуы

қоғамдық   дамудың   дәстүрлі   кезеңіндегі   әлеуметтік-экономикалық,   саяси

қатынастардың нақты әсеріне ұшырады. Қазақ халқының қоғамдық дамуының

дәстүрлі кезеңіне туудың да, өлімнің де жоғары көрсеткіштері сәйкес келеді.

Қазақстан   ХХ   ғ.   90-жылдарынан   кейін   бала   санын   шектеу   негізінде   аз

балалық   кезеңге аяқ  басты.   Яғни,   жеделдетілген  әлеуметтік-демографиялық

даму   тұжырымдамасын   қазақтардың   тарихи   өсіп-өну,   даму   тәжірбиесінде

көруге болады

.

44



Бақылау сұрақтары:

1) Шаруашылық реформалардың негізгі жаңалығын атаңыз.

2) Өндірістегі прогрессивтік өзгерістерді атап көрсетіңіз.

3) 1960-1970 жж. демографиялық өсудің негізгі себептерін атаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет