Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл

Дәрістің   мақсаты:

  патшалық   Ресейдің   қазақ   өлкесіне   қоныс   аудару

саясатының   мақсаты,   кезеңдері,   әдістеріне   талдау  жасау    және   оның   казақ

қоғамына тигізген салдарын ашып  көрсету. 



Дәрістің   мазмұны:

  патшалық   Ресейдің   өлкені   отарлаудағы   басты

құралының бірі – Қазақстанға Ресей шаруаларын қоныс аудару қозғалысының

барысы,   кезеңдері   және   оның   әлеуметтік-экономикалық,   демографиялық

салдарлары қарастырылады.

1.

 

Патша үкіметінің XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда

жүзеге   асырған   әкімшілік   реформалары   қазақ   елінің   саяси   тәуелсіздігін

біржола жойғанымен, бұл  реформалар көп ұзамай-ақ патшалық әкімшіліктің

қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге әлі де

болса   әлсіз   екендігін   көрсетіп   берді.   Мұны   жақсы   түсінген   патшалық

әкімшілік XIX ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды

отарлаудың «ең сенімді» жолына түсті. Ол Орталық Ресей шаруаларын қазақ

жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше

кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару

саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады. 

I кезең XIX ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы

13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.

II   кезең   XIX   ғасырдың   90-жылдарынан   1905   жылға   дейінгі   уақыт

аралығын қамтиды.

III кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.

Қазақстанға   ресей     шаруаларын   қоныстандыру   XIX   ғасырдың   70-

жылдарының   соңы   80-жылдардан   бастап   қарқынды   жүргізілді.   Қоныс

аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен

анықталып,   патша   үкіметі   өз   еркімен   қоныс   аударғандар   жағдайын   реттеу

мақсатына   бірқатар   жеке   заң-актілермен,   нұсқаулар   қабылдады.   Онда

көзделген мақсат – қоныс аударуды үкімет өз қадағауларына алып, оған көмек

көрсету   болды.   Оған   алдын   ала   дайындық   шаралары   жасалды.   Мәселен,

Жетісу   облысы   әскери   губернаторы   Колпаковский   бастамасы   бойынша

Жетісуға   шаруалардың   қоныс   аударуы   туралы   «Уақытша   ереже»   әзірленді.

Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. «Уақытша

ереже» бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру,

15   жылға   алым-салық   және   түрлі   міндеткерліктерден   босату,   100   сом

мөлшерінде көмек беру және басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс

аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы

13



жаңа ережелер XIX ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа

келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер мөлшері

аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған:

«Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже» бойынша 10

десятина   (ерлерге)   жер   беру,   қоныс   аударушыларды   алым-салық   және

міндеткерліктен 5 жылға босату, кейінгі жылдары алымды тек жартылай төлеу

жеңілдіктері сақталды.

Арнайы ереже 1889 жылғы 13 шілдеде қабыданды. Онда қоныс аудару

тек Ішкі істер министрлігі және Мемлекеттік мүлік министрлігі арқылы алдын

ала   шешілуі   қажет   делінген.   Тиісті   үлестік   мөлшері   жергілікті   өкімет

құзырына   берілді.   «Ережеде»   шаруалардың   қоныс   аударып,   тұрақтайдын

аудандары   нақты   анықталып   көрсетіледі:   Жетісу,   Ақмола   және   Семей

облыстарының аумағына ресейдің европолық аудандарынан көшкен  шаруалар

көптеп   қоныстануы   белгіленді.   Атамекенінен   қоныс   аударған   шаруаларға

қажетінше жерді үлестіру кеңінен жүргізілді. Тек 1885 жылды қоса алғанда,

Ақмола   облысы   қазақтары   жерінен   251779   десятина   мөлшерінде   тартып

алынды.   Онда   10 740   ер   адамы   бар   24   қоныс   аударушылар   бөлімшесі

(учаскелері)  құрылған  еді.   Семей  облысы   бойынша  33 064  десятина   егістік

жер   жергілікті   тұрғындар   иелігінен   алынды.   Жетісу   облысынан   12   жылда

(1868-1880 жж.) 3324 отбасы қоныс аударып, оның 2099 селолық құрылымға

біріксе, 1225 отбасы қалаларда тұрақтанды.

1889 жылғы Заң күші Торғай және Орал облыстарына да таралды. Заң

қоныс   аудару   мәселесін   үкімет   құзырында   қалдырды,   қоныс   аударушылар

үшін арнайы рұқсат қағаз қажет болды. Түйіндеп айтсақ, патша өкіметі орыс

шаруаларының еркінше қоныс аударуын қадағалап, реттеуді көздеді. Алайда

шаруаладың өз еркінше қоныс аударуы ретсіз қозғалыс боп қала берді.

2.     Патша   үкіметі   өзінің   қоныс   аудару   саясатын   қарқынды   жүргізуді

көздеп, 1892-1893 жж. Ұлы Сібір темір жол құрылысын бастады. Қазақтар

жерін   экономикалық   игеру   мақсатында   «артық»,   «бос»   жатқан   жерді

анықтайтын   түрлі   экспедиция   құрылып,   жедел   жұмысқа   кіріскен   еді.

Комиссиялар   алдында   қойылған   талап   біреу   –   барынша   көп   мөлшерде

қазақтар   жерінен     «бос»,   «артық»   деген   жерді   анықтау   арқылы

қоныстанушылар «қорын» толықтыру болды. Сондай-ақ, жергілікті әкімшілік

басқару жүйесін қалыптастыруға үлкен назар аударылды. Нәтижесінде XIX

ғасыр   соңына   қоныс   аударушылар   басқармасының   орталықтандырылған

біртұтас   жүйесі   құрылды.   Транссібір   темір   жолы   қазақ   жерінің   солтүстік

өлкесі  арқылы   жүргізілді.   Ақмола  облысы   әкімшілігіне  қараған  осы   өңірде

құрылған   5   уездің   3   уезінен   160   мың   келімсек   орыс-украин   шаруаларын

қоныстандыру үшін 2241503 десятина жер бөлінді. Мұнда, экономист Ф.А.

Щербина   басшылығымен   «қоныстанушылар   қорын»   жасау   үшін   арнайы

статистикалық   экспедиция   жасақталды.   Арнайы   экспедиция   1896-1902

жылдарда   Ақмола,   Торғай   және   Семей   облыстарының   12   уезін   қамтып,

қазақтардың   мал   шаруашылығының     қажетті   пайдаланылатын   «нормасын»

«187 десятина жер 24 мал басына жеткілікті» - деп анықтады. Зерттелген 8

14



уездің жергілікті қазақтарға тиесілі жер мөлшері – 51 %, қалған 49 % жері

«қоныс   аударушылар   қорында»   қалды.   Экспедиция   жұмысы   нәтижесімен

қанағаттанбаған   патшалық   әкімшілік   қазақтар   пайдалануындағы   жер

«нормасын»   азайтып,   «артық»   деген   жерді   қосымша   анықтау   арқылы

жоғарыда   аталған   уездер   бойынша   «қоныстанушылар   қорын»     63   %   дейін

көбейтті.   Қоныс   аударушылар   қатары   жылма-жыл   артып,   олар   тұрақтанған

жерде мыңдаған қоныстар пайда болды. Қазақстанның солтүстік, батыс және

шығысында жаңа келіп қоныстанған орыс және украин шаруларымен қоса,

орыс-казак   станицалары   салынды.   Мәселен,   Ақмола,   Торғай   және   Орал

облыстарында   тұрғын   қазақтармен   салыстырғанда,   келімсек   орыс-казактар

және орыс,  украин шарулар есебінен  жалпы халық  саны өсті. 1897 жылғы

жалпы ресейлік халық санағы бойынша, тек бір Ақмола обылысында орыс

тұрғындарының көрсеткіші 33 % жеткен.

Қазақстанның оңтүстігінде 14 мыңдай ресейден қоныс аударған шарулар

және әскери адам қоныстанды. XX ғасырдың 80-жылдарында мұнда 5 уезд

және   80-нен   астам   елді   мекен   пайда   болды.   Патшалық   үкіметтің   жедел

қарқында жүргізілген қоныс аудару саясаты нәтижесінде келімсек ресейден

келген     шаруларға   ең   шұрайлы   жайылымдық,   егістік,   су   көздеріне   бай,

орманды   жерлер   берілді.   Тұрғылықты   қазақтар   болса,   сусыз,   малға   тиімсіз

аймақтарға   зорлықпен,   түрлі   амал-айламен   қоныстарынан   көтеріле   көшуге

мәжбүр   болды.   Қоныс   аудару   салдарынан   жергілікті   тұрғын   саны   азайып,

демографиялық ахуал күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 1897 ж. санақ

бойынша 87%-ке дейін азайды. Келімсек орыс және украиндардың саны 532,7

мыңға, татарлар - 55,4 мыңға, өзбектер - 73,5 мыңға, ұйғырлар - 56 мыңға

артқан. Бұл сандық көрсеткіштер жаңа XX ғасырда ұлғая түсті.

Патша   үкіметі   1901   жылы   Жарлық   шығарды,   онда   жеке   адамдарға

қазыналақ жерлерден үлестік жер бөліп беруге рұқсат етілді. Қазақтар жері

қазыналық   деп   есептелді   және     1867-1868   жылдар   реформасына   сәйкес

мемлекеттік меншік болып жарияланған болатын. 1904 жылы Қоныс аудару

басқармасы құрылып, оған орталық Ресейден шаруаларды қоныс аударту ісін

қадағалау толығымен жүктелген еді.

1904 жылы 6 маусымда шыққан енді бір заңда «село тұрғындары мен

мещан- егіншілердің өз еркімен қоныс аудару туралы» делінген. Бұл аталған

заңдық күші бар құжаттардың барлығы қазақ халқын өз ата-қонысы болған

туған   жерінен   ығыстырылуға,   тұрмыс   ауыртпалығын   бастан   кешуге,

мәжбүрлікке душар етті.

3. Жоғарыда қоныс аудару саясатының үшінші кезеңі 1906-1916 жылдар

екені туралы айтып өттік. Бұл кезеңді кейде «Столыпин аграрлық реформасы»

деп   те   атайды.   1905-1907   жылдардағы   орыс   революциясының   басты

міндеттерінің бірі жер (аграрлық) мәселе болатын. Жеңіліске ұшыраған орыс

революциясы   бұл   мәселені   түпкілікті   шеше   алмады.   Сондықтан   да,   патша

өкіметі бұл мәселені реформа жасау арқылы шешуге ұмтылды. Помещиктік

жер   иеленуді   сақтай   отырып,   аграрлық   мәселедегі   дағдарыстың   себептерін

15



жою   мақсатында   Ресейдің   ауыл   шаруашылығы   министрі   Столыпиннің

аграрлық реформасы қабылданды.

Столыпин   реформасы   селолық   қауымды   ыдыратуға   және   патша

өкіметінің   деревнядағы   тірегі   болып   табылатын   жаңа   қауым   –   кулактарды

қалыптастыруға   бағытталды.   Помещиктік   жер   иеленудің   мұртын   да   бұзбай

бұл   шараны   жүзеге   асыру   үшін   жаңа   жерлер   қажет   болды.   Сондықтан   да

Столыпин   реформасын   жүзеге   асыру   үшін   қазақ   өлкесіне   ресейден

шаруаларды қоныс  аударудың жаңа толқыны басталды.

1906 жылдан 1913 жылға дейін Ақмола, Торғай, Семей облыстарына 430

мың   шаруашылық   қоныстанды.   Столыпиннің   аграрлық   саясаты   орталық

аудандардағы   шаруалар   толқуын   болдырмауды   және   шығыс   аудандарға,

әсіресе, Қазақстанға қоныс аударған шаруалар арасынан өзінің жер саясатын

және отарлық мүддесін одан әрі тереңдету үшін кулак топтары арқылы тірек

табуды   да   ойлады.   1917   жылы   қазан   төңкерісінің   қарсаңында   Қазақстанды

жергілікті халықтан тартып алынған жалпы жер көлемі 45 млн. десятинадан

асты.   Патша   өкіметінің   қоныс   аудару   саясатының   нәтижесінде   қазақ

шаруаларының   күйзелісі   мен   отарлық   езгі   бұрынғыдан   да   күшейіп,   жер

мәселесінің дағдарысы тереңдей түсті.

Осы   арада   айта   кеткен   орынды,   XІX   ғасырдың   соңында   Қазақстанға

Ресей     шаруаларымен   қатар   ұйғырлар   мен   дүнгендер   де   қоныс   аударды.

Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында

болды.   1881   жылы   12   ақпанда   Қытай   мен   Ресей   арасында  «Петербург

шартына» қол қойылды. Шарттағы 17 баптың алғашқылары келісімнің мәнін

жан-жақты   ашып   көрсетті.   Мысалы,   шарттың   3-бабында:   «Іле   аймағының

тұрғындарына   Қытай   қоластындағы   мекендерінде   қалу   немесе   Ресей

жерлеріне   көшіп,   Ресей   азаматтығын   қабылдау   ұсынылады»   -   деп

қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы

патша   үкіметінің   көздеген   мақсаты   -   оны   жергілікті   халықтың   ұлт-азаттық

көтерілісіне   қарсы   қолшоқпар   ретінде   пайдалануды   көздеді.   Бұл   мәселе

бойынша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды   Шелек және Іле

өзенінінің   аралығында   орналастыру   туралы   шешім   қабылданды.   Ұйғырлар

мен   дүнгендердің   Жетісуға   қоныс   аударуы   1881-1883   жылдар   аралығында

жүзеге асырылып, 1884 жылдың басында 45373 ұйғыр отбасы қоныс аударды,

оның 24628 ер адам болса, 20745 әйелдер болды. Сонымен қатар, Қазақстанға

5055 дүнген қоныс аударды. 

Қоныстанушылардан   жаңадан   5   болыс:   Жаркент,  Ақсу-Чарын   (қазіргі

Ұйғыр   ауданы),   Малыбай   (Шелек   ауданы),   Қорам   (Шелек   ауданы),   Қарасу

(Еңбекшіқазақ   ауданы),   Кетпен   болыстары   құрылды   (қазіргі   Жаркент

ауданында).   Жаңа   құрылған   болыстың   басшысы   болып   сол   бұрынғы   Іле

аймағында болған басшылар сайланды.

Сонымен,   қорыта   айтқанда,   ресей   шаруаларын   қазақ   өлкесіне

қоныстандыра   отырып,   қазақ   халқын   шаруашылыққа   жарамды   жерлерінен

айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы әкімшілік жүйесінің жаңа жағдайға

байланысты одан әрі жетілдіріп, нығая түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің

16



құрамды   бөлігі   қазақтарды   мәдениетінен,   тілінен,   дінінен   айыру   т.б.

шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат алғандығын байқаймыз.

Бақылау сұрақтары:

1) XІX   ғ.   соңы   мен   XX   ғасырдың   басында   Қазақстанда   патша   өкіметінің

аграрлық саясатының ерекшіліктері ретінде не сипаттайды?

2) Қоныс аудару мекемелеріне қандай міндеттер жүктелді?

3) Столыпиннің аграрлық саясатының қазақ қоғамына тигізген салдары қандай

болды?    





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет