Желтоқсан құрбандары.
Ата-бабамыздан аманат болып қалған өз жерімізді өзіміз басқаруымыз үшін, тәуелсіздік жолында қазақтың біртуар жастары қыршынынан қиылып, қасық қанын төккен жоқ па? Талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен "Құйын — 86" деген атпен танымал желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп, жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні еді. Желтоқсан оқиғасы туралы Н.Х.Берешев: "Топты алаңнан әкеткеннен кейінгі көрініс сұмдық еді. Жерде жүздеген жастар жатты. Олардың арасында қыздар да бар еді. Олардың бәрін қан басқан, әртүрлі жарақаттары болды. Жастарды қууда сапер- күрекшелер де қолданылды. " Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол, Тәшенов Түгелбай, Күзембаев Қайыргелді, Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертай т.б. Алматының Чайковский атындағымузыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Алтынайқызы Асанованың 16 жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Ол Ақжүніс пен Құртқа, Әлия мен Мәншүк секілді ержүрек қазақ қыздарының ерлігін қайталады. Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қазақ жастары көтерілген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде ерлік көрсетіп, құрбан болды. 19 желтоқсанда ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған, энергетика институтының 2-курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 желтоқсанда eсін жимастан қайтыс болды. Ербол —бір үйдің жалғыз баласы еді. «Құйын — 86» операциясының құрбаны болды. Сабира Мұхамеджанова Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеруге шықты. Оны дүрбелеңге үн қосқаны үшін айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Училищеден жазықсыз шығарып жіберген корлығына шыдай алмай Өскемен педагогикалық училищесінің І курс студенті Сабира Мұхамеджанова жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секірі қаза тапты. Қайрат Рысқұлбеков 1982 жылы Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып, «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұсталды. Қайрат өзінің соңғы сөзінде:
Достарыңызбен бөлісу: |