Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы



бет24/67
Дата28.07.2022
өлшемі256,96 Kb.
#147840
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы.

Бейбіт өмірге көшу жағдайында сауатсыздықты жою, кадрларды даярлау, мектептер мен жоғарғы оқу орындарын ашу қажет болды. Ол үшін мынадай шаралар істелді: 1931 жылы Қазақ Акср атқару комитетінің төралқасы мен халық комисаолар кеңесі 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті білім беруді енгізді. Кеңес үкіметі ағарту ісін дамвтуда күш жігерін аяған жоқ. 1926 жылы мамыр айында Казақ АКСР біріңғай еңбек мектептерінің жарғысын қабылдады. 3 жылдық, 4 жылдық мектептерге көше бастады. Ағарту ісіне жұмсалатын шығын өсті, қаржы бөлу ұлғайды. 1920 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар жасалына бастады. Қ. Сәтбаев алгебра оқулығы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, мысал жұмбақтар жинағы, Ә. Бөкейханов география оқулығы, Ж. Аймауытов ана тілі оқулығы. 1928 жылдан бастап кәсіптік білім беру жүйесі жолға қойылды. 1928 тұңғыш педогогигалық институт ашылды. 1931-1932 ж Орал және Қызылордада пед институт ашылды. 1929 ж Алматы зоотехникадық малдәрігерлік институт. 1931 жылы Алматы мед институт ашылды. 1930 жылы ауылшаруашылық институт ашылды.


  1. ХХ ғасырдың 20-30 жж Қазақстанда театр, музыка, бейнелеу өнері және әдебиеттің дамуы.

ХХ ғасырдың 20-30 жж Қазақстанда театр, музыка, бейнелеу өнері және әдебиеттің дамуы


Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызметі мынадай болды:
• ұлттық өнерді зерттеу;
• қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;
• қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;
• қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
1928 жылы Қазақ АКСР Ағарту халкомы Қазақстан, Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. 1932 жылы жарық көрген «Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулыға сәйкес республикада 1933 жылы Суретшілер одағы құрылды.
1934 жылы 8 мамыр күні Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында «Кеңестік Қазақстан өнері» көрмесі ашылды. Онда Н.Крутильников, Қ.Қожықов, Ө.Исмаилов, т.б. суретшілердің шығармалары қойылды. 1935 жылы «Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15 жыл» көрмесінің базасында Қазақ мемлекеттік Көркем өнер галереясы құрылды.
20-жылдардың басында Қазақстандағы мәдени революция міндеттерін шешу барысында көркемөнерпаздар ұжымдары, халықтық театрлар өмірге келе бастады. Тұңғыш кәсіпқой қазақ театрын ұйымдастыру мәселесі 1925 жылы каңтарда Орынбор қаласында өткен I Жалпықазақтық съезде көтерілді. 1925 жылы сәуір айында Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш кәсіпқой театр ашу туралы шешім шығарылды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет