Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


ж. екінші жартысы -1950 жж. қоғамдық-саяси жағдай. «Бекмаханов ісі»



бет30/67
Дата28.07.2022
өлшемі256,96 Kb.
#147840
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

1940 ж. екінші жартысы -1950 жж. қоғамдық-саяси жағдай. «Бекмаханов ісі».

Ауыр соғыста жеңіске жету ел басқарудың әкімшіл әдістерінің дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Бұл жүйенің жетекші күші Коммунистік партия болды.


Соғыстан кейінгі жылдарда республика лагерьлер өлкесі болып қала берді. Күштеп көшірілгендер Қазақстанға, Орта Азия республикаларына, Батыс және Шығыс Сібірге орналастырылды. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиссариаты Басқармасының мәліметі бойынша, күштеп жер аударылғандар саны - 2 млн. 463940 (1946 ж. қазандағы санақ). Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға көмегін аяған жоқ.


Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығының үштен бірінен айрылды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация).


Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең.


40-жылдардың екінші жартысы - 50-жылдардың басы - кеңес адамдарының басым көпшілігі үшін ауыр кезең. Осыған қарамастан аға ұрпақ өкілдері сол жылдарды «алтын ғасыр» деп атайды.


Сталиннің қазасынан кейін (1953 жыл 5 наурыз) аппаратқа, қуғындаушы органдарға сүйенген жүйе дәуірі аяқталды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап игі істер атқарылды.


Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1959 жылы Қазақстан өнім өндіруден Одақта 3-орынға шықты.


Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 100 млн. - 1 млрд 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін облыстар: Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдіктер жасалды.


60-жылдардың ортасындағы жүргізілген шаралар - соғыстан кейінгі кезең ішіндегі экономиканы қайта құруға бағытталған ең ірі ұмтылыс.


1960 ж. ортасынан 1980ж. ортасына дейінгі кезең - тоқырау жылдары. Тоқырау кезеңінің идеологиясындағы басты бағыттардың бірі - орыстандыру саясаты.


Е. Бекмаханов ісі (1951-1952 жж.)

Соғыстан кейінгі жылдарда сталиндік тоталитарлық жүйе ғылым мен мәдениеттің дамуына белгілі мөлшерде кедергі жасады. Мысалы, коммунистік партияның қатал идеологиясы қоғамдық ғылымдарға қатты қыспақ көрсетті.


Қазақстан партия комитеті БК (б) П Орталық Комитетінің 1946 жылғы зиялы қауымды саяси қудалауға арналған қаулысын орындау мақсатында жұмыс істеді. Осыдан бастап көптеген зиялы қауымдардың, ғылым, мәдениет өкілдерінің саяси қудалауы басталды. 1947 жылы коммунистік партия Қазақ КСР Ғылым академиясыныңқұрамындағы Тіл және әдебиет институтына XIX ғасырға дейінгі қазақ әдебиетінің рухани мұрасын зерттеуге тыйым салды. Себебі бұл кездің мұралары «ескінің қалдығы» ретінде сипатталды. Қазақ КСР Ғылым академиясында, Мемлекеттік университетте, жазушылар қауымы өкілдері ішінен «халық жауларын», «бөгде ойлы адамдарды» іздеді.

Е. Бекмаханов ісі.Ермұхан Бекмаханов Воронеж педагогика институтын бітірген тарихшы ғалым болды. Е. Бекмаханов 1943 жылы «Қазақ ССР тарихы» атты еңбек жазып, 1946 жылы докторлық диссертация қорғады. 1947 жылы диссертациясын «XX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында монография етіп шығарды. Е. Бекмаханов бұл еңбектерінде 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы кең көлемде жазған болатын. Осыған байланысты Е. Бекмахановқа Ресейге қарсы көтерілісті жақтаған, Кенесары қозғалысын ақтауға тырысқан буржуазияшыл, ұлтшыл деген айып тағылды. 1950 жылдан бастап коммунистік партия баспасөз арқылы Е. Бекмахановты ашық айыптай бастады.


1951 жылы ҚазКСР-нің Жоғарғы соты Е. Бекмахановты айыпты деп тауып, 25 жылға бас бостандығынан айырды. Ол Гулаг лагеріне жазасын өтеуге жіберілді. Е. Бекмаханов 1954 жылы ақталып түрмеден босады. Оның бостандыққа шығуына А. М. Панкратова, А. П. Кучкин сияқты ғалымдар көп көмек көрсетті. Е. Бекмаханов ақталып шыққаннан кейін, өзінің ғылыми педагогикалық жұмысын жалғастырды. Е. Бекмаханов 1966 жылы қайтыс болды.





  1. 1946-1953 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму.

II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді.Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды.
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды.1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді.Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді.Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды.Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет