Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


БҰҰ(қауіпсіздік кеңесі) мүше ретінде Қазақстанның қызметі. ЕҚЫҰ (Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы)–на Қазақстанның төрағалығы және оның нәтижелері



бет66/67
Дата28.07.2022
өлшемі256,96 Kb.
#147840
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

БҰҰ(қауіпсіздік кеңесі) мүше ретінде Қазақстанның қызметі. ЕҚЫҰ (Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы)–на Қазақстанның төрағалығы және оның нәтижелері.

2016 жылғы 28 маусымда Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде дауыс беру барысында Қазақстан БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің ішінде 138 дауыс алып, алғаш рет 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды [1]. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы 2017 жылы 1 қаңтардан басталды [2]. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған бірінші Орталық Азия елі. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан өңірлік мәселелерге және Ауғанстан мәселесіне, атап айтқанда, терроризм, есірткі өндірісі және адам саудасының өсуі, сондай-ақ «ислам мемлекеті» мен «Әл-Қаида» сияқты мәселелерге ерекше назар аударады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі
Қауіпсіздік Кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі органдарының бірі. Оның негізгі функциялары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау[4]. Қауіпсіздік Кеңесі 15 мүшеден, оның 5-і тұрақты (Екінші Дүниежүзілік соғыстың жеңімпаз елдері - Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция, вето құқығына ие), және 10-ы - әр жылға 5 елден екі жылдық мерзімге БҰҰ Бас Ассамблеясы сайлайтын тұрақты емес болып табылады.[5]. 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің құрамына Боливия, Мысыр, Италия, Қазақстан, Сенегал, Украина, Уругвай, Швеция, Эфиопия, Жапония кіреді.
1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі болды. 1992 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанның БҰҰ-ның жанындағы бірінші Тұрақты Өкілі тағайындалды (Ақмарал Арыстанбекова). 1992 жылғы 5 маусымда БҰҰ-ның жаңынан Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігін құру туралы Президенттің Жарлығына қол қойылды. 1993 жылғы 16 ақпанда БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі ашылды.
Қазақстан өзінің БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігінің мынадай басымдықтарын айқындады[7]:
• ядролық қарудан азат әлем құру;
• жаһандық соғыс қаупін жою және өңірлік конфликтілерді реттеу;
• өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтумен қатар Орталық Азияның мүдделерін ілгерілету;
• терроризммен күрес;
• Африкадағы бейбітшілік және қауіпсіздік;
• қауіпсіздік және тұрақты даму арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету;
• Қауіпсіздік Кенесінің және бүкіл БҰҰ жүйесінің XXI ғасырдың қауіп-қатерлері мен қиындықтарына бейімделуі.

ЕҚЫҰ ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басындағы Еуропа қауіпсіздігінің басты элементі болып табылады. Сонымен қатар алғашынан бастап ЕҚЫҰ Еуро-Атлантикалық сипатқа ие бола отырып , құрамына ТМД елдерін , АҚШ және Канада , Орталық және Батыс Еуропа елдерін біріктірді. 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропа мен Америка елдерінің 35 елбасшылары жиналып , ЕҚЫК-не қатысты ресми түрде қорытынды акт жасады. Бұл жайтқа Кеңес Одағы мен Батыс елдерінің Женевадағы көп жылдық қарым-қатынастары негіз болды. Нәтижесінде ЕҚЫҰ құрылып , көптеген халықаралық құжаттарға қол қойылды.



1992 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып қабылданды. Бұл тарихи оқиға еліміздің 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісіне негізделген жалпыеуропалық үрдістерге еркін қатысуға, тәжірибе алмасуға деген ұмтылысын көрсетеді. Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда , ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға қатысты , аймақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты , экономикалық реформалар жүргізу ,адам құқықтарын қорғау өңірлік қауіпсіздік салаларында бірқатар семинарлар өткізді. ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында өзара түсіністік меморандумына негізделіп , бұл ұйымның демократиялық институттары мен адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстанда сайлау заңнамасын , соттық жүйені реформалау сияқты жұмыстарды атқаруда. Жылдан жылға ұшталып келе жатқан Батыс-Шығыс шиеленісі диалогында Қазақстан делдалдығы бағасыз. Төрағалық жөніндегі шешім ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің Қазақстанның әлемдік процестегі позитивті рөлі , оның құқықтық , демократиялық мемлекет құруға шынайы ұмтылыстарын ресми бағалауы болды. ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасауда. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібіне мәдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қосуда .
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның реформаларының басты субьектісіне айналды , өйткені ол – ЕҚЫҰ дағы батыстың да , шығыстың да елдерімен жақсы қарым – қатынастағы және ешқайсысымен қайшылығы немесе территориялық таластары жоқ жалғыз және ішкі саясаты ұлтаралық тұрақтылықпен сипатталатын бірден-бір мемлекет. «Қазақстандық төрағалықтың ұра¬ны төрт «Т» – «траст» (сенім), «тра¬дишн» (дәстүр), «транспарен¬си» (ашықтық), «толеранс» (толерант¬тылық) болып табылады. Біріншісі – бір-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді. Екіншісі – ЕҚЫҰ-ның негізгі қағи¬дат¬тары мен құндылықтарынан тұрады. Үшіншісі – халықаралық қарым-қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттік қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу. Ал төртіншісі – бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы үнқатысуды нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы. ЕҚЫҰ ның төрағасы ретінде Қазақстанның алдында үш бағыттағы мәселелерді шешу міндеті тұр: әскери-саяси , экономика-экологиялық және гуманитарлық бағыт.
Халықаралық аренадағы ең өзекті мәселелердің бірі – ядролық қаруды таратпау режимін бұзу тенденцияларының байқалуы , және заңсыз негізде кейбір мемлекеттердің ядролық қаруды иемденуі (Пәкістан , Үндістан) ядролық қаруға ие болмаған мемлекеттердің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажеттілік туғызады. Қазақстан Республикасы төраға ретінде қатысушы-мемлекеттердің әскери-саяси ынтымақтастығын ЕҚЫҰ- ның қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумымен тереңдетуге ұмтылды. ХХІ ғасырдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қауіптеріне қарсы тұру жөніндегі ЕҚЫҰ Стратегиясының жүзеге асырылуына және бұдан басқа да ЕҚЫҰ құжаттарындағы принцип – нормалардың: «Әскери ақпаратпен жаһандық алмасу» , «Ядролық , химиялық және биологиялық қарудың таралмауын реттейтін принциптер» , қауіпсіздіктің әскери – саяси аспектілеріне қатысты ЕҚЫҰ- ның қауіпсіздік Кодексінің (1994 жыл Будапешт) орындалуына Қазақстан мүше - мемлекеттердің қатысуын ұйымдастыруға көп көңіл бөлуді. 1996 жылы қабылданған ХХІ ғасырдағы Еуропаға арналған ортақ және барлығын қамтитын қауіпсіздік моделі туралы Лиссабондық декларация Еуропада ядролық қарудан еркін аймақтарды құруға шақырды. ЕҚЫҰ- ның шеңберінде мемлекеттердің әскери – саяси ынтымақтастығын тереңдету мәселесі ЕҚЫҰ күн тәртібінің жеке бір мәселесі ретінде қарастырылуда , өйткені ұйымның негізгі міндеті – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аталған халықаралық Ұйымға Шығыс Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің сенімін нығайтуды жоспарлауда. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде, Ауғанстанды қоса алғанда, Орталық Азия проблемаларына назарды күшейтетінін және лаңкестікпен , ұйымдасқан қылмыспен , есірткі трафигімен , адам және қару – жарақ саудасымен күрес бағыттарында белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін басты міндеттерінің бірі деп есептейді.Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы үндестікті сақтаушы ретінде Ұйымның рөлін нығайтуға талпынуда.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет