Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет45/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары

Геологиялық зерттеу


Қазақстанның кең-байтақ аумағын геологиялық жағынан жедел зерттеуге зор күш жұмсалды. 1928-1929 жылдары Геологиялық басқарма тарапынан 50-ден астам барлау партиясы Қазақстанның жер қойнауларын зерттеумен айналысты. «Қару голь» «Алтайполиметалл», «Балхашстрой», «Казполиметалл» сияқты аса ірі жаңа құрылыстардың жанынан геологиялық-барлау бөлімдері құрылды, арнаулы Қазақстан геологиялық-барлау тресі ұйымдастырылды, «Эмбанефть» құрамында Орталық ғылыми-зерттеу зертханасы, «Актюбникель» жанында геологиялық барлау қызметі жэәне т.б. ашылды.

Геологиялық зерттеулер үшін Орталықтан да, Қазақстанның жергілікті орындарынан да мол қаржы мен күш-қуат бөлініп отырды, бұл ірі-ірі, көбінесе теңдесі жоқ жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік берді. Бұл ең алдымен түсті және қара металдардың, көмір мен мұнайдың барланған қорларына қатысты еді. 1928 жылы Қоңырат, (М.Т. Русаков), 1930 жылы Бозшакөл (Р.А. Борукаев), Жезқазған (К.И. Сэтбаев) мыс кендерінің; Кенді Алтайда, Қаратау және Жоңғар Алатауы тауларында қорғасынның: Атасу темір кенінің (1931 жыл), одан соң Ақтөбе облысында хромит және никель кендерінің, фосфориттің; Индерде бораттын қоры мол көздері ашылды. Сондай-ақ Орал-Ембі аумағында жаңа мұнай көздері табылды, оның үстіне Қарағандының жеке жатқан ірі кен орны емес, тұтас бір көмірлі аймақ екендігі анықталды.[3].

Осындай жедел жұмыстар нәтижесінде Орталық, Шығыс және Батыс Қазақстанда республиканың жаңа ғылыми геологиялық картасы жасалды және елдің барлық аумағы (Бетпақдаланың, Үстірттің т.б. кейбір жерлерін қоспағанда) Ұлы Отан соғысы қарсаңында геологиялық тұрғыда барланды. Кейіннен Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті К-И. Сәтбаев: «Қазақстан геологиялық зерттеулердің аса жоғары тиімділігінің арқасында КСРО-да және дүние жүзінде шикізаттың маңызды түрлерінің сан алуандығы бойынша жетекші орынға ие. Олардың ішінде қара металдардың (темір, марганец, хром, ванадий) түсті металдардың (мыс, қорғасын, мырыш, кадмий, алюминий, никель), сирек металдардың (вольфрам, молибден т.б.), бағалы металдардың (алтын, күміс) кендері, жаңғыш қазбалар (тас және қоныр көмірлер, мұнай, жаңғыш сланецтер), минералды тұздар (фосфориттік, калий т.б. тұздар) негізгілері болып табылады»,[4]. — деп атап откен болатын. Мүнын бәрі Қазақстанды КСРО-ның дамыған аймақтарының өнеркәсібін қажетті шикізатпен қамтамасыз ететін орталыққа айналдырды. Қазақстанды геологиялық зерттеудегі олқылықтар КСРО-ны индустрияландыру жағдайында осылай толықтырылды.

Жергілікті, сондай-ақ орталық жоспарлау органдарының кемшін тұстары бірінші бесжылдық жоспарды орындау барысында біртіндеп қалыпқа келтірілді. Қазақстанды шаруашылық және әлеуметтік-мәдени жағынан дамытудың бесжылдық жоспарының VI Бүкілқазақстандық партия конференциясының және БК(б)П XV съезінің (екеуі де 1927 жыл, қараша) нұсқаулары бойынша жасалғаны жұртшылыққа белгілі. Геологиялық зерттеулердің жетістіктері, олардың негізінде түсті металлургия, мұнай, көмір т.б. пайдалы қазба байлықтарының жаңа кен орындарын игеру туралы түскен нақты ұсыныстар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін жаңа кәсіпорын құрылыстарының салынуы, сонымен бірге жоспарлау органдары жинақтаған тәжірибе республика басшылығына жалпы бірінші бесжылдықтың, әсіресе оның қалған үш жылының жоспарлы тапсырмаларын қайта қарау жөнінде Орталыққа өтініш жасауға мүмкіндік берді. Қазақстан халық шаруашылығының бірінші бесжылдықта дамуы көрсеткіштерін нақтылау және толықтыру жөніндегі ұсыныстар республиканың жаңа астанасы Алматыда өткен VII Бүкілқазақстандық партия конференциясында (1930 жылғы 30 мамыр - 6 маусым) талқыланып, қорытындыланды.[5]. Осының бәрін негізге ала отырып, БК(б)П ОК-нің Саяси бюросы 1930 жылғы 15 акқпанда Қазақстанның шаруашылық және элеуметтік-мәдени дамуының 1928-1933 жылдарға арналған бесжылдык жоспарын арнайы қарап, елдің тиісті халық комиссариаттарына және Мемлекеттік жоспарлау комитетіне екі айлық мерзімде бесжылдықтың қалған үш жылына арналған жоспарлы тапсырмаларды белгілеп шығу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақ АКСР-нің бірінші бесжылдықта шаруашылық және әлеуметтік-мәдени дамуының қайта жасалған жоспары КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінде қаралып (1930 жылғы 24 тамыз), Еңбек және Қорғаныс Кеңесі оны мақұлдады (1930 жылғы 1 қыркүйек), ал 1930 жылғы 1 қыркүйекте оны КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі түпкілікті бекітті.[6].

Қазақстанның индустриялық дамуындағы қиындықтардың шиеленісуіне тағы бір себеп болған жағдай - жаңа өнеркәсіптік және транспорттық құрылыс көп жағдайларда тиісті техникалық құжатнамасыз басталды, жаңа құрылыстарды құрылыс материалдарымен, ақшалай қаржымен, техникамен, механизмдермен, көлікпен, жұмыс күшімен, ал құрылысшыларды тұрғын үймен, азық-түлікпен, ауыз сумен, санитарлық-емдеу қызметтерімен т.с.с. қамтамасыз ету мүмкіндіктері жете қарастырылмады.

Днепро СЭС-пен қатар Кеңес Одағындағы аса ірі құрылыс ретінде саналған, аты аңызға айналған Түрксіб магистралі революцияға дейінгі жоба-сызбасы бойынша салынды, құрылыс барысында осы күре жолдың оңтүстік бөлігінде Қордай және Шоқпар нұсқаларынын, ал солтүстік бөлігінде Балқаш және Лeпci жобаларын қорғаушылар арасында қызу айтыс-талас өршіді. Осы екі тұста да оңтайлы нұсқаны таңдап алғанша біршама уақыт және қосымша қаржы шығын болды.[7]. 1927 жылы Семей қаласында құрылысы жүргізілген тері зауыты мен шұға фабрикасында жобалық-сметалық құжаттар «қайта-қайта жасалып, құрылысты бастау қарсаңында дайын болмады. Құрылыс материалдары болмай, оларды сол жерде шаруашылық әдіспен шұғыл түрде дайындауға тура келді. Кәсіби білікті құрылыс жұмысшылары мен мамандар жетіспеді. Олар көрші аудандардан әкелінді».[8]. Осындай жагдайлар 20-30-жылдары көптеген ірі кәсіпорындардың құрылыстарында да байқалды.



Қазақстанды индустрияландырудың сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері болды, олар жоғарыда аталған және басқа да қиындықтарды жеңу үрдісінің өзгешеліктерімен, сондай-ақ табиғи, еңбек және экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады. Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ізін қалдырды, өнеркәсіпті, құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті. Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық.

  1. Ол, ен алдымен, Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша, сондай-ақ көптеген басқа республикаларды жеке-жеке алғандағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны. Егер Кеңес Одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса, Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті, оның үстіне Қазақстан бұл жатынан Молдавия (5,8), Әзірбайжан (5,9), Өзбекстан (4,7), Түркіменстан (6,7), Украина (7,3) сияқты бірқатар одақтас республикалардың алдына шықты. Сөйтіп Қазақстан өнеркәсіптік өнім көлемінің өcyi бойынша 1940 жылы Одақ ішіндегі 15 республика арасында Ресейден (8,7), Қырғызстаннан (9,9), Грузиядан (10), Тәжікстаннан (8,8) және Армениядан (8,7) кейін алтыншы орынды иеленді.[9].

  2. Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негізінен жаңа құрылыстардың, басқаша айтсақ, қайта құрылған Риддер мен Қарсқбайды қоспағанда, тақыр жерде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды. Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі, Мәскеудегі, Ленинградтағы, Донбастағы, Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. Сондықтан республикада, жергілікті жерлерде өнеркәсіп орындары, сондай-ақ теміржол құрылыстары елсіз және жартылай елді аймақтарда жүргізілді, қазіргі заманғы байланыс тораптарының, құрылыс материалдарының, кәсіби жұмыс күшінің, қаржының, сол сияқты тұрғын жайлардың, ауыз судың т.с.с. болмауы себебінен аса күрделі қиындықтарды жеңуге көп күш жұмсалды. Қарағанды көмір алабы, Балқаш мыс балқыту, Шымкент және Ертіс қорғасын зауыттары, Жезқазған, Қоңырат кен орындары т.б. кеніштер, Ембі т.б. мұнай кәсіпшіліктері, Түрксіб, Гурьев — Қандыағаш — Орск, Ақмола-Қарғалы, Илецк-Орал теміржолдары осылай салынды.

  3. Аса ірі кәсіпорындар - өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған, шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін, өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жана өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты. Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша, сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп, сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды. Құрамында 17 шахтасы (1931 жыл), ГРЭС (1933 жыл), Нұра су құбыры (1933 жыл), байыту фабрикасы (1933 жыл) бар «Қарағанда уголь» тресі, «Казполиметалл», «Алтайполиметалл», Ақтөбе химия. Семей етконсерві, Гурьев балық консервілеу, Алматы жеміс-көкөніс, Семей шұға комбинаттары т.б. - осындай кәсіпорындар санатына жатты.[10].

  4. Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп, ең алдымен оның көмір, мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды. Бұл салалар одақтық келемде басты мамандандыру арқауына айналып, бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды.

  5. Ауыр өнеркәсіптің, әсіресе мұнай, көмір және түсті металдар салаларының тұрғызылған кәсіпорындары одақтық маңызға ие болды, өйткені жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен қатар олар одақтық индустрияны қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды, осыған байланысты республика арнайы кәсіби мамандандыру ісін жүргізді.

  6. Соғысқа дейін бесжылдықтар кезінде кеңінен дамығанына қарамастан, Қазақстан өнеркәсібінің кемшін, олқы тұстары да байқалып жатты: қалай болса да, машина жасау саласы жоқтың қасында болды; металл өңдеу жекелеген зауыттардың жөндеу шеберханаларымен және механикалық цехтарымен шектелді; қара металлургия, бірқатар құрылыс материалдарының (цемент, әйнек), жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кейбір түрлерінің өндірісі болмады. Осы кемшін жақтарының ішінде бәрінен бұрын машина жасау ісінін - қалай болғанда, индустрияландырудың негізгі өзегінің болмауы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын тежеп отырды. Қазақстанға станоктар мен жабдықтар Орталықтан, Ленинградтан, Оралдан, Украинадан және басқа да аймақтардан әкелінетін.[11].

  7. Осы кезеңде ауыр индустрияның түсті металлургия, мұнай, көмір т.б. шығару сияқты өндіру салаларымен қатар алдынғы қатарға транспорт, әсіресе теміржол құрылысы шығарылды. Көмірдің, мұнайдың және түсті металдардың асабай кен орындарын Қазақстанның кең-байтақ аумағында қазіргі замандық қатынас жолдарынсыз игеру қиындықтары осы өткір мәселені шұғыл түрде шешуді талап етті. Жоспарланған жол желілері түгелдей салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп, ұзындығы 6581 км-ге жетті. Бұл жылдары Сібірді Орта Азиямен және Қазақстанның Оңтүстігімен жалғастырған Түркістан-Сібір теміржолы, Трансқазақстан магистралінің негізгі бөліктері (Петропавл-Көкшетау-Ақмола, Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Бертіс, Жарық—Жезқазған) салынды, бұл тораптар Орталық Қазақстанның табиғи байлықтарын игеруде зор рөл атқарды; Рубцовск-Риддер желісі Шығыс Қазақстанның түсті металлургиялық кәсіпорындарына қызмет көрсетті, ал Орал—Илецк теміржолы республиканың батыс аудандарын Орынбор өлкесімен және Ресейдің басқа да өнеркәсібі өркендеген облыстарымен байланыстырды.[12].

Жоғарыда аталған қиындықтар мен ерекшеліктер, сондай-ақ күрделі қоғамдық-саяси жағдай және Қазақстанның артта қалған экономикасының ауыр жағдайы 20-жылдарда және 30-жылдардың басында республиканы индустрияландыру және ұлттық жұмысшы кадрларды даярлау мәселесі манайында қым-қигаш күрес туғызды. Бірнеше көзқарас пайда болды. Біреулер «көшпенділіктен социализмге» өтудің мүмкін еместігін және көшпенділік өмір салтының қазақ халқының ерекшелігі екендігін, сондықтан да индустрияландырудың «ұлттық табиғи ерекшелікті» бұзатындығын көлденең тартты.[13]. Енді біреулер — өнеркәсіпті тықпалау, жұмысшы тапты қалыптастыру «табиғаттан тыс», «Қазақстан үшін мүмкін емес іс», «артта қалған көшпенді халық», «шектен тыс индустрияландырудың қарқынын көтере алмайды», «қазақтандыру өндірісті қымбаттатады», «ал қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол даланы аңсайды» сияқты пікірлерді дәлелдеуге тырысты.[14]. Үшінші жақ республиканың Одақ құрамында дәйекті дамуының қажеттігі, бірақ Қазақстанның ерекше мүдделерімен санаспау идеясын жақтады. Олар «шикізат базасы ретіндегі ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ өнеркәсіпті ұлғайту мен оның жұмысын жақсарту жөніндегі партия ұстанған бағыт шүбәсіз дұрыс» [15]. деп дәлелдеді. Төртіншілер шет аймақтар шикізат базасы ғана болып қалмауы керек және индустрияландыруды жүргізгенде республиканың ерекшеліктерін ескеру қажет деген пікірді ортаға салды.[16].

Алғашқы екі көзқарас өміршен болмағандықтан соңғы екеуінің арасында күрес өрістей түсті. Үшінші ұстаным жақтастарының бірі К. Сарымолдаев «Қазақстан алдында да, бүкіл Одақ алдында тұрған міндеттер тұр, сондықтан ортақ міндеггерден оқшауланатындай Қазақстанның сондайлық «артықшылығы» жоқдеп есептеді.[17]. Айта кету керек, К. Сарымолдаев өлкелік партия комитеті басшылығының, оның бірінші хатшысы Ф.И. Голощекиннің жаңсақ ұстанымы шеңберінен шыға алмады. Ф.И. Голощекин: «Алып құрылыстар республика өнеркәсібіндегі басты буын емес, бастысы - жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту»,[18]. - деп мәлімдеді.

Ұсақ және орта өнеркәсіпті, негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды дамытудың, содан келіп, КСРО-ны индустрияландыру жағдайында республика өнеркәсібінің шикізаттық бағыт-бағдарын қалыптастырудың қажеттілігі мен дұрыстығын БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің және автономия үкіметінің атынан Ф.И. Голощекин, О. Исаев, К. Сарымолдаев т.б. насихаттады және мұны жүзеге асыруға әрекеттенді. Мәселен, БК(б)П Өлкомының хатшысы Ф.И. Голощекин «Большевик Казахстана» журналында (1927, №2) жарияланған мақаласында: Қазақстан үшін «өнеркәсіп саласында негізгісі ірі емес, ұсақ және орта буында (жарма жасаушы, жүн жуатын, май шайқайтын кәсіпорындар, жөндеу шеберханалары т.с.с.), басқаша айтқанда, ауыл шаруашылығымен айналысатын және оны рентабелді ететін істер» [19]. деп жазды. VI Бүкілқазақстандық партия конференциясында (1927 жылғы 15—23 қараша) ол: «Мен екі жыл бойы біздің өнеркәсібіміздің басты буыны алып құрылыстар салу емес, жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту екендігін насихаттап келемін... Ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту мәселесінің Қазақстан экономикасын одан әрі жетілдірудегі маңызының күн өткен сайын артып келе жатқандығын біз қазір ескеруіміз керек»,[20].— деп ерекше атап өтті.

Көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың және басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар екендігіне, сондай-ақ жергілікті мекендерде республиканың аграрлық жағдайына сәйкес жұмыс күштерінің жетіп-артылатынына қарамастан, Ф.И. Голощекин: «Біздің даму сипатымыз бойынша және КСРО-ның жалпы міндеттеріне сәйкес, жергілікті ерекшеліктеріміз бен міндеттерімізге орай Қазақ АКСР-і ортақ бесжылдыққа одақтық онеркәсіптің мал және егін шаруашылығы өнімдерін дайындайтын шикізат базасыретінде кіруі керек»,[21]. — деп сендірді. Сонымен біргеФ.И. Голощекин Қазақстан маңызын одақтық өнеркәсіпке ықпал ететін шикізат аймағы ретінде көтермеледі. Ол: «Одақтық өнеркәсіп, бәлкім, бізге жүн, ет, мал терісі т.б. жөнінен тәуелді шығар, бұл біздің бұдан әрі дамуымызда орасан мән-маңызы болатын техникалық дақылдарды айтпаған күннің өзінде» [22]. — деп атап өтті.

Осы ұстанымға сүйене отырып, Ф.И. Голощекин: «КазАКСР-і көлеміндеті индустрияландыру дегеніміз — ауыл шаруашылығының бұдан мәдениеттірек түрлеріне, оның тауарлылығын арттыруға, ел ішінде тұтынуға және одақтық өнеркәсіпті қамтамасыз етуге арналған өнім көлемін ұлғайтуға қаржы құю. «Осы кәсіпорындар үшін біз қаржы және күш-қуат» таба аламыз»,[22]. — деген тұжырым жасады. Ф.И. Голощекин Қазақстанның болашақтағы индустриялық дамуын ірі зауыттармен және фабрикалармен емес, жарма ұсақтайтын, жүн жуатын, май шайқайтын, жөндеу жұмыстарымен айналысатын, жергілікті өнеркәсіптін басқа да ұсақ және орта кәсіпорындарымен байланыстыру тұрғысынан ғана көреді, деп қарсыластары оны әділ сынады.

Ф.И. Голощекиннің және БК(б)П Өлкелік комитетінің, Қазақ АКСР-і үкіметінің басқа да басшыларының осы ұстанымын БК(б)П ОК-нің Ортаазиялық бюросының төрағасы И.А. Зеленский қуаттады. Ол өзінің «Басты бағыт» атты мақаласында («Правда Востока», 1927,7 қазан): «Орта Азия республикаларының міндеті — ең алдымен біздің капиталистік әлемге тәуелділігімізді азайтатын және әлсірететін шикізат шаруашылығының салаларын дамыту», - деп жазды.

Ірі саяси қайраткер, Қазақстан өнеркәсібін экономикалық мақсатты сара бағытпен дамыту пікірін қолдайтын басты тұлғаның бірі - С. Сәдуақасов VI партконференцияда республика индустриясының шикізаттық бағыт-бағдары туралы пікірдегі Ф.И. Голощекинге қарсы шықты. Ол: «Өнеркәсіп мәселесі — қазақ кедейінің тағдыры, қазақстандық кедей тағдыры ауылмен ғана емес, қаламен де байланысты, өйткені XII съездің өзінде-ақ ұлттық шеткі аймақтарды тек шикізат аудандарына айналдыруды көздеген патшалық үкіметтің қарғыс атқан мұрасынан құтылуымыздың қажеттігі жайлы айтылды»,[23]. — деп дәлелді пікірлер айтты. С. Сәдуақасов: «Қай жерде тері болса, сол жерде тері зауыттары, қай жерде жүн болса, сол жерде жүн жуу және шұға фабрикалары салынсын»,[24]. — деп республика өнеркәсібін экономикалық сара жолмен дамытута шақырды.

Ф.И. Голощекиннің Қазақстан тиімді ауыл шаруашылығын дамыта отырып, одақтық өнеркәсіптің шикізаттық базасына айналуға тиіс деген пікірін теріске шығара келіп, С. Сәдуақасов былай деді: «Өнеркәсіп дамымаса (Қазақстанда), біз ауыл шаруашылығын қалай дамытпақпыз? Ауыл шаруашылығы бізде теміржол т.б. арқылы дамитын болады, ал оның өзі өз кезегінде өнеркәсіп болып табылады. Бұл мағынада мен индустрияландыру туралы айтып тұрмын, менің индустрияландыру туралы пікірімді осы мағынада түсіну керек».[25].

С. Сәдуақасовтың Кеңес Одағын индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортын дамытудың жолдары мен әдістері туралы көзқарастары оның БК(б)П XV съезі (1927 жыл, 9—12 желтоқсан) қарсаңында пікірталас материалы ретінде «Правда» газетіне жолдаған «Ұлттар және ұлт өкілдері» атты байыпты мақаласында [26]. толық көрініс тапты. Бұл мақалада Сәдуақасов: «Егер империалистік орыс буржуазиялық үкіметі шет аймақтардан тек шикізат тасып, фабрикалар мен зауытгарды өз қол астында шоғырландырса, социалистік өнеркәсіп шаруашылық мүддесі жолындағы жөн-жосықпен дамуға тиіс»,[27]. «өнеркәсіпті шикізат көздеріне жақындату қажет»,[28]. - деп ерекше атап көрсетті. Оның пікірінше, «егер қалпына келтіру кезеңі еріксіз «қарғыс атқан» мұраның кейбір ұлттарды шын мәніндегі теңсіздік жағдайда шеттету түріндегі белгісімен өтсе, онда қайта құру маусымы «алдымызда тұрған қиындықтарды міндетті түрде жене отырып, ондай мұраны жоюға тиіс». Ол «артта қалған аймақтарды социалистік құрылысқа тартудың барлық мәні

Өз пікірін дәлелдеу үстінде С. Сәдуақасов Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту үшін бірқатар елеулі қиындықтарға қарамастан, барлық жағдайлар бар екендігін көрсетті, оның пікірінше, «шикізат қана емес, жұмыс қолдары мен отын да бар», «Қазақстанның, Өзбекстанның, Түркіменстанның миллиондаған кедейлері болса», сондай-ақ «Қазақстанның көпмиллиардты тас көмір және мұнай қоры бар», ал байланыс жолдарына келер болсақ, деп атап өтті ол, жаңа «теміржол құрылысы да — индустрияландыру мәселесінің бір бөлігі».

Осындай көзқарастары үшін С. Сәдуақасов Қазақстан Компартиясы мен республика үкіметінің тарапынан ғана емес, бүкілодақтық деңгейде де сыңаржақ, әділетсіз сынға ұшырады. Оның көзқарастары бұрмаланып, Қазақстанда тұйық шаруашылық құруға, республиканы КСРО-дан бөліп әкетуге ұмтылушылық ретінде бағаланды, ал өзі «ұлтшыл-уклонист» деп жарияланды.

Өлкелік Комитеттің VI Бүкілқазақстандық партконференциясына берген есебінде Ф.И. Голощекин «Сәдуақасовтың индустрияландыруы» [29]. деп айдар тағып, бұл мәселеге арнайы тоқталды. Онда ол Қазақстан өзінің артта қалғандығына қарамастан, «Одақта және пролетариатын басшылығымен, оның көмегімен» «жедел қарқынмен алға басып қана қоймай, сонымен бірге социализмге қарай бет алатындығы» туралы ой әлі де кейбіреулерге оншалықты түсінікті емес, бұған әлі де сенімсіздікпен қарайтындар, күдікшілдер, сары уайымға салынушылар, түсінігі таяз жолдастар, буржуазиялық бұра тартушылар бар» [29]. екендігі туралы атап өтті. Сәдуақасовтың жеке өз басы жайында сөзге көшкен ол оның «біріншіден, Кеңестік Социалисты Республикалар Одағының мәнін және пролетариат диктатурасының артта қалған ұлттық республикалардың дамуына тигізетін ықпалын түсінбейтіндігін немесе түсінгісі келмейтіндігін, екіншіден, оның ойы Қазақстанның дамуы дербес, КСРО-дан тәуелсіз мемлекеттің дамуы, мәселен, КСРО-ның империализмге қатынасы іспетті деп ойлайтын буржуазиялық ұлтшылдар пікірімен сәйкес»,[29]. – деп дәлелдеп бақты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет