Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері



бет12/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

22. Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері.


Атқару комитеттерін құру да, Кеңестерді құру ісі де өте тез жүрді, алайда атқару комитеттері істі тезірек ұйымдастырып отырды, себебі олар қалалық ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару активтеріне (қалалық думаларға), әскери-кәсіпорын комитеттеріне арқа сүйеді.Сөйтіп 4 наурыздың кешінде Петропавлдағы қалалық думаның мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздік коалиниялық комитеті [2]. құрылып, ол атқару комитетінің қызметімен айналыса бастады. Оның құрамына конституциялық-демократиялық партияның жергілікті ұйымдарының мүшелері (кадеттер), ірі саудагерлер мен өндіріс иелері А. Черемисов, Казанцев, Мазов, Нагаткиндер кірді. Семей «қоғамдық ұйымдарының облыстық атқару комитеті мен әскерді» К.П. Ляшкеевич басқарды, қалған 34 қызмет орнының 16-сы кәсіпорын иелері мен саудагерлерге, 8-і офицерлерге, 7-еуі ауқатты шаруаларға, жұмысшыларға, солдаттар мен қызметшілерге тиді.[3]. Павлодар уезі Ертіс қаласының атқару комитеті 8 наурызда, 12 адамнан: 2 қызметкер, 1 саудагер, 1 жұмысшы, 8 ауқатты шаруадан құрылды.[4]. Басында қызметкер М. Романовский отырған, хатшылықты хорунжий Домашнев атқарған Орал Атқару комитетінің құрамы да шамамен осыған ұқсас болды. Қазақ комитеттері Уақытша үкіметке халықтың өзекті жалпы ұлттық мүдделерін ұсынуға және оларды табандылықпен қорғауға тырысатын демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйымдар екенін көрсетті. Үндеу авторларының бір бөлігі Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А. Ахтямовтың шақыруымен Петроградқа мұсылмандар кеңесіне келді. Оған Қазақстаннан Н. Құрбанғалиев, Ә.Н. Бөкейханов, А. Кенжин, Ж. Сейдалин, М. Дулатов және М. Боштаевтар қатысты. Пікір алысудан кейін мұсылман ұйымын үйлестіретін орталық мұсылман бюросын құру және Бүкілресейлік мұсылмандар съезін шақыру қажет деп тапты.[7].
23.1917 ж. шілдедегі I – жалпы қазақ съезі. «Алаш» партиясы және оның бағдарламасы.
1917 жылғы 21–26 шілдеде Орынборда болған І Жалпықазақ съезінде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді. «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар:
1. Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы;
2. Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
3. Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
4. Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
5. Елдегі билік және сот туралы;
6. Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
7. Халықтың табысына қарай салық салу;
8. Жұмысшылар туралы;
9. Ғылым және білім туралы;
10. Жер мәселесі.
Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет