Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Территориясы, тайпалары. Саяси тарихы. Жегуй және Түн-Жабғы қағандар тұсында қағанаттың күшеюі. Ішкі құрылымы: «он оқ бұдұн». Батыс Түрік қағанатының астанасы. Соғдылықтар Батыс Түркі қағанаты өмірінде. Дулу және нушиби тайпалары арасындағы күрес. Қытай шапқыншылығының Батыс-Түрік қағанатының құлауына әсері. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарыс және оның ыдырауы. Әулеттердің ауысуы.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Түргеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған және түргештердің Батыс Түрік мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі. Суяб қаласы қағанаттың саяси орталығы. Ішкі құрылымы: қара және сары түргештер, тұтықтарға бөлінуі. Қағанаттың Сақал тұсындағы нығаюы, оның жүргізген шаралары. Шығыс түркілерінің түргеш мемлекетіне басып кіруі, қағанаттың уақытша құлдырауы. Қапағанның батысқа жорығы туралы Орхон жазбаларының мәліметтері. Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған кездегі Түргеш қағанаты. Түргештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. «Атлах шайқасы». Сары және қара түргештер арасындағы күрес. Қағанттағы саяси дағдарыс. Түргеш қағанатының құлауы.
Достарыңызбен бөлісу: |