Азақстанның әлеуметтік жаңғыруының басым бағыттары



Дата07.02.2022
өлшемі15,76 Kb.
#91944
Байланысты:
Документ 3


Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының басым бағыттары.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бәсекелестікті дамыту, сапалы еңбек ресурстарын қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жаңа жағдайға қарай бейімделуге байланысты бірқатар маңызды тапсырмалар жүктелгені белгілі. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де бірталай істі қолға алыпты. Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы кезеңіндегі басты мақсат – Қазақстанның әлемдегі ең да­мыған 30 елдің қатарына енуі. Бұл маңызды қадам әлеуметтік-еңбек саласына да бірқатар мін­деттер жүктеді. Мұның бәрі ха­лықтың өмір сүру сапа­сын жақ­сартуды көздейді. Бағыт­тардың біріншісі – еңбек нарығын жаңғырту. Осы мақсатта халық­тың жұмысқа орналасуына жәр­демдесіп, отандастарымызды еңбек нарығындағы сұранысы жоғары кәсіптерге қайта оқыту, кәсіпкерлік негіздеріне үйрету секілді жұмыстарға айрықша маңыз беріліп отыр. Азаматтарға кәсіптік-техникалық білім беру орындарында тегін оқуына жағ­дай жасалып, кәсіпті игеруде қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылуда. Осы орайда мемлекет оқуға кететін шығын­дарды өтеп, шәкіртақы төлейтін болады. Жол кіресі де төленіп, оқып жатқан азаматтарға бір реттік ыстық тамақ беріледі. Ал шалғай өңірлерде тұратын аза­маттарға оқу қолжетімді болуы үшін мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ. 
Бұл тұста министрлік қол­ға алған нәтижелі жұмыс­пен қам­туды және жаппай кәсіп­керлікті дамыту бағ­дарламасы шеңберінде бірта­лай шаруа еңсерілгенін атап өткен жөн. Мысалы, осы жылдың 7 айында жұмысқа орналастыру ша­раларының арқасында 213 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 18 мың адам, қо­ғамдық жұмыстарға 61 мыңға жуық азамат жіберілді. Ал 15 мың маман жастар тәжірибесіне жолданса, 120 мыңдай азамат жұмыспен қамту орталықтары арқылы тұрақты жұмыс тапты. 
Еңбек нарығын жаңғыртудың келесі бағыты жұмыс күшінің бір саладан екіншісіне ауысуын басқару болса, үшіншісі – үйлесімді көші-қон саясатын ұйымдастыру.
Министрлік әлеуметтік қыз­мет көрсетуді жаңғырту аясында әсіресе, өмірдің қиындығына тап болған, тағдырлы азаматтарға ерекше көңіл бөліп отыр. Ай­талық, мұндай топқа жататын азаматтар қызмет көрсету ұйымын таңдау мүмкіндігіне ие болды, ал әлеуметтік қыз­меттердің тегін көлемін алуға құқы жоқ тұлғалар үшін қоса қаржыландыру тәсілдері пайда болды. Мысалы, бұрын өзін-өзі күте алмайтын жандар, адам саудасы мен зорлық-зомбылық құрбандары, белгілі бір тұрағы жоқ адамдар, арнаулы интернат-үйлерге жіберілетін еді. Енді олардың күтімімен үкіметтік емес ұйымдар айналысады. Бүгінде 106 үкіметтік емес ұйым 6 мыңнан астам адамды қамқорлығына алды. Егер мұндай әлеуметтік көмек түрі болмаса, мемлекет қолданыстағыдан бөлек, тағы 60 интернат үйін салуға мәжбүр болар еді. 
Ендігі бір мәселе, азаматтық қоғам ұйымдары көбіне қала­ларда жұмыс істейді. Олардың қызметін кеңейте түсу мақса­тында жеке секторды осы са­ла­ға тартып, қызметтер тари­фі мен стандарттар қайта қа­рас­тырылмақ. Осылайша, на­рықтағы бәсекелестікті күшей­тіп, жұртшылыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтер сапасын арттыруды көздеп отырмыз. 
Рухани жаңғыру аясында Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асырып, тәуелсіздік жылда­рында табысқа жеткен, ерен еңбегімен көзге түскен тұлғалардың өмірбаяндарын өзгелерге үлгі ету жөнінде тапсырма берді. Осыған байланысты сіздердің де қолға алған тың бастамаларыңыз бар деп естідік...
– Әлбетте, бұған дейін қал­тарыста қалып келген 100 жаңа есімді анықтау – барлығымызға ортақ жоба. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірге құштар, ерекше ерік-жігерімен елдің сүйіспеншілігіне бөленген 5 үміткерді таңдап, арнайы құрылған комиссияның қарауына жіберді. Мысалы, сондай кейіпкеріміздің бірі – министрлік ұйымдастырған үздік әлеуметтік жобалар байқауының жүлдегері Елдос Баялышбаев. Оның тағдыры өзгеге өнеге бо­ларлық. Елдос жол апатына түсіп, мойын омыртқасын зақымдап, арбаға таңылып қалған еді. Бірақ аяқ астынан болған ауыр апат Елдостың дене бітіміне зиян келтірсе де өр рухы мен жігерін жасыта алған жоқ. Ол қиындыққа қасқая қарсы тұрып, күндіз-түні еңбектенгеннің арқасында аяғынан тік тұрды. Қазір ол осы қажыр-қайратын өзгелерге де үйретіп, төсекке, арбаға таңылған жандардың жігерін жанып, ортаға оралуына барын салып жүр. Елдос 2014 жылы «Мүгедектерді спорттық оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігін ашып, оны жемісті басқарып келеді. Сол жылы алған 3 млн теңге сомасындағы грант қаржысын арнайы жаттығу құралдарын жасауға жұмсады. Екі жылдың ішінде осы орталықтан 260-тан аса адам оңалту шараларынан өтті. Енді ол Алакөл жағалауында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы шипажайдың іргетасын қалап жатыр. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет