Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз (Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбайұлы).
Қазақстандағы XIX ғ. қоғамдық-саяси, философиялық жəне ағартушылық ой-пікірінің бірінші өкілі Ш. Уəлиханов (1835–1865) өз дəуірінің белгілі ғалымы, ағартушы-демократы болды. Шоқан Уəлиханов Қазақстандағы ағартушылық ойдың басында тұрды. Ол бірінші болып ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ қауымның дамуына сəйкес ағартудың саяси, философиялық жəне социологиялық принциптерін негіздеді.Оны қазақ ағартушылық идеологиясының негізін салушы деп санауға болады. Оның «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария очерктері» атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайды. Шоқанның ағартушылық көзқарастары бай мазмұнға толы. Ол қазақтардың кедейлік тұрмысының жəне саяси белсенділігінің төмендігінің себебі ретінде надандықты санады. Осыдан ол ағартуды аса жоғары бағалаған. Оның пікірінше, білімді адамдар кедейшілікпен нəтижелі түрде күресе алады. Халықтың дамуы үшін ең бірінші бостандық пен білімді қажет еткен ойшыл, патшалық биліктің қазақ даласына ғылымды жəне мəдениетті жібермеу саясатына қарсы тұрды.Дегенмен, ағартушы осындай отарлық езгіден этникалық ерекшеліктерінің эволюциялық даму жолында өз сапалық түрлерін сақтап қалуға тырысқан, қазақ халқы ешуақытта басқа өркениеттік ұлттардың жетістіктерінен аулақ болған жоқ деп есептейді. Тіпті, оның айтуынша, қазақ халқының дамуы мен өркениеттік мəдениетке жақындаудың бір жолы — ол жалпы азаматтық ағартушылыққа қол жеткізу болып табылады. Ойшылдың ағартушылық дүниетанымының мазмұны оның қазақ ауылдарда діни мектептердің ашылуына қарсы болғанынан да көрініс табады. Керісінше, ол орыс мектептердің ашылуы тиісті деп есептеген. Себебі ол жаңашылдықтың жақтасы бола тұрып, өз елінде білім мен ғылымның таралуын шын ниетімен қалады. Шоқан ресей мен еуропалық ғылым жəне адамгершілік жүйесіне негізделген тиянақты халықтық тəрбиені қалыптастыруға шықырды. Оның көмегімен қазақтардың дəуірлік артта қалушылықты жою мүмкіндігіне жəне дамыған елдердің қатарына қосылуына жол ашылады деп санайды атақты ойшыл. Сонымен қатар Шоқан өзінің ғылыми еңбектерінде қоғамның экономикалық проблемаларын да қарастырғаны белгілі. Олардың астарында да терең ағартушылық мəн бар десек, қателеспейміз. Мысалы, ол аймақта өндіріс күштердің дамуына кедергі жасайтын бұрынғы керітартпа дəстүрлерді жою қажет деп есептеген. Соның бірі – барымта болып табылады деген ойшыл. Егер осындай дəстүрлер экономикаға кері ықпал етсе, оларды ұстанбауға шақырған.Ойшыл қазақ шаруаларын қанауға өте қарсы болды. Өзінің сот реформалары жөніндегі жазбаларында отаршыл əкімшіліктің тонаушы саясатын атап көрсеткен. Əсіресе шенеуніктердің тұрғылықты халықты заңсыз тонап жатқанын ашына көрсеткен. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан жəне кедейшіліктен құтқару үшін билеушілердің саяси үстемдігін шектеп жəне де халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту қажет. Осы жерде халықтың сол құқықтарды пайдалана алуына назар аударған. Сол үшін халықтың білім алу мəселесін шешу қажет деп тұжырымдайды . Ағартушы көзқарастарының прогрессивтік-демократиялық сипатын жəне жергілікті əкімшіліктің қызметі жөніндегі ойларын оның көзқарастары толық түрде баяндайды. Бұл жерде ол тиімді сайлау элементтерін енгізуді ұсынғаны туралы айтып кету қажет. Мысалы, Орынбор басшылығының артықшылығы мен кемшілігін байқауында, ойшыл оның кемшілігін келесі тұжырымдама арқылы түсіндіреді: «Орынбор дала басқармасының негізгі көпшілігі, орда шенеуніктерін халықтың сайлауымен емес, шекара бастықтарының қалауымен сайлауында». Оның ойынша, сайлау принциптерін дұрыс қолдану, билікке таңдаулы адамдарды əкелуі тиіс. Шоқанның ойларында қоғамның өзгерістерге деген қажеттілігі қоғамдық даму жəне халықтың өмір сүру деңгейіне байланысты екені көрсетіледі. Бұл жерде дифференцияланған бағыт қажет деп санайды ойшыл. Сонымен бірге ағартушы халықтың өмір принциптерінің сақталуына көп көңіл бөлген. Оның ойынша, көп ғасырлық дəстүрлер жəне халық тапқырлығы көшпелі қоғамның əлеуметтік-саяси жəне адамгершілік бастауларының негізі болып табылады. Осыдан ұлттық, тарихи, мəдени дəстүрлерді жəне көшпелі тұрмыстың ерекшеліктерін жан-жақты ескеру қажет деп санайды ойшыл. Ол қоғамдық дамудың төменгі сатыларының саяси құрылымының жетістігі ретінде гуманизм идеясы болуы тиіс деп санады жəне адамгершілік мəселесіне зор көңіл бөледі. Ол үстем таптың адамгершілік принциптерін сынға алып, қарапайым халық пен бай адамдардың мүдделері сəйкес келмейтінін атап көрсеткен. Жалпы алғанда, ойшыл қазақтарды бейбітшіл, дарынды халық екеніне шүбə келтірмей, олардың прогреске жету жолдарын қарастыруға тырысқан жəне осыдан өз халқының айқын болашағының кепілін көрген.