Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы мәдениетінің даму ерекшеліктеріне түсінік беріңіз



бет2/17
Дата07.05.2023
өлшемі100,71 Kb.
#176216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
кз тарих
МТ 1,2.3. деңгейлі тесттер 2023 жыл кз (1).docx (сарапшыдан), Pedagogika
Қазақтардың ұлттық киімі.
Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді. Еркектер бітеу пішілген кеудесінде тік өңір –қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Еркектердің сыртқы киімінің ең таралған түрі шапан болды, ол көп жағдайларда фабрикалық маталардан тігілетін. Ал ауқатты қазақтар түрлі-түсті бұхара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киетін. Шапандар жазғы және қысқы болып бөлінді.
Қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік,кебісті мәсілер болды. XVIIIғасырда қазақтардың жазда киетін етіктерінің өкшесі биік, тұмсығы қайқы келген. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында олар сирек кездесетін еді. Барлық жастағы еркектердің қыста киетін негізгі аяқ киімі ішінде киіз байпағы бар, аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты саптама етік болды.
Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп тігілді, ауқатты әйелдерде шәйі жең жібек шапандар болған.
Негізінен алғанда барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі мен кебісболатын. Қыздардың және жас келіншектердің ішінде қайқы тұмсық, биік өкшелі жеңіл етік киіп жүретіндері де аз болмаған.
Әйелдің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері да ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен барқытын тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тебетей киіп жүрген. Әйелдер бас киімінде қалыңдықтың тойдағы бас киімі–сәукеле ең қымбатты болып саналады, ол бағалы металдармен, асыл тастармен, аң терілерімен барынша сәнделетін еді. Күйеуге шыққан әйелдің негізгі бас киімі–кимешек ақ матадан дайындалған.
Тұрмыс – салт мәдениетінің дәстүрлері.
Қазақтарда тұрмыстық және ғұрыптық мәдениет дәстүрлері күнделікті өмірде көрініп отырды. Бұл ислам дініне дейінгі , ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты болды. Отпен тазарту “аластау” түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалды.
Ғарыштық түсініктер де маңызды рөл атқарды. Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айрықшаланатын көптеген аспан денелерін білді, олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да, түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Құсжолы, Сүмбіле – таразы және т.б. осындай жұлдыздар болып саналады.
Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын. “Аспан өз әрекеттерінде еркін болды, -деп жазды Ш.Уәлиханов, — ол әрі жарылқады , әрі жазалады.Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды. “Тәңірі жарылқасын”, “көк соққан”және “көк соққыр” деген ұғымдар, олардың шамандардан шыққанын көрсетеді”.
Қазақтардың түсінігі бойынша,көшпелі мал шаруашылығына байланысты кейбір заттардың бұрынғы қожайынының “құтын” алып кететін ерекше күші болған. Сондықтан ат сатқанда – жүгенін, түйе сатқанда – мұрындығын, сиыр сатқанда бас жібін бермеген.
Қазақтардың некелесу салт-дәстүрінің әр түрлі рәсімдерінде халықтың байырғы әдет-ғұрыптары мейлінше мол сақталған.Оларда ертедегі дәстүрлердің – топтық некенің, рулық экзогамияның, полигамияның, үлкен патриархаттық отбасының қалыңмал және енші берудің және т.б. ғұрыптардың белгілері жақсы көрініс тапқан.
Қазақтар арасында үлкендер ерекше құрметтелді. Оны бұзушыларға айып салынды. Қазақ әйелдері күйеуінің жасы үлкен туыстарын құрметтеді. Келін атасының және қайын ағаларының алдынан өтпеу ғұрпын қатаң сақтады, оларды өз атымен атамады.
Қазақтар 22 наурыздағы көктемнің күн мен түн теңесетін күніне тұстас келетін Жаңа жылдың келуін жыл сайын ежелден көңілді мейрам ретінде атап өткен. Әйелдер дәстүрлі рәсімдік тағам – “наурыз көже” дайындап, оны келген қонаққа берген.
Қазақтар арасында діни сипаттағы “құрбандық шалу” рәсімі кең қолданылды. Құрбандық шалу соғыстың аяқталуы, ұлының шайқастан аман оралуы, шаңыраққа ұл перзенттің келуі, өлімнен аман қалу, тасаттық беру, т.б. салт-жоралғыларға байланысты жүзеге асырылды.
XVIII-XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті Ресейдің отаршылдық саясатына, қоғамның экономикалық дамуына және т.б. байланысты, бұрынғы салт-дәстүрлерін сақтап, біршама өзгерістерге ұшырады. Қазақтар орыс шаруаларынан бұрын қолданбаған еңбек құралдарын және т.с.с. қолдануды үйренді. Қоғамның дамуына байланысты киім үлгілері де біраз өзгеріске ұшырады. Қазақстан Ресей бодандығын алысымен орыс ғалымдары қазақтың музыка өнерін, әдебиетін,қоғамдық құрылысын зертей бастады. Орыс ғалымдарының көптеген еңбектері қазақтарға байланысты болды. Сайып келгенде өзгерістер қазақ қоғамы мәдениетінің барлық жақтарын қамтыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет