Шымкент қаласында орналасқан Қарашаш ана кесенесі күрделі жөндеуді талап етеді. Биіктігі 7 метрден асатын Қарашаш ана кесенесінің бір жағына жантая бастағанын көзбен-ақ көруге болады. Шырақшының айтуынша жол жиегінде орналасқан кесененің зақымдануына жүк көліктерінің жиі жүруі себеп.

Әуесхан Қадияров, шырақшы: «Осы кесененің қасынан жүк көліктері жиі өтеді. Олар вибрация беріп, кесене шөгіп бара жатыр. Мына көліктерді басқа айналма жолдармен жүргізсе деген ұсынысымыз бар».
Кезінде бұл жерге ауыр жүк көліктерінің жүруіне тиым салынатын белгі қойылған. Алайда, оған пысқырмайтын жүргізушілер де бар екен. Түсірілім тобы жүрген уақытта тиым салған белгіге қарамастан кесене жанындағы жолмен 1 сағаттың ішінде 10-нан астам жүк көлігі өтті. Ал, қозғалысқа тиым салатын белгіні бір пысықайлар, бұрып қойыпты.
Ал кесененің ары қарайғы жағдайы не болмақ деген сауалмен Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жүгіндік. Олар бұл жағдай туралы білмейтін болып шықты. Алдымен біз ғимараттың қазіргі ақуалын көріп шығайық деді.
Ерубай Құралбаев, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы: «Бүгінгі таңда басқарманың теңгерімінде 13 зиярат ету орындары тіркелген. Ішінде 5 нысан күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Тиісінше құзырлы органдармен келісім алу және есептемелерін алу бүгінгі таңда жүргізіліп жатыр»
Басқарма маманының айтуы бойынша 5 нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін 31 млн. теңгедей қаржы қажет екен. Қаржыны бөлу туралы ұсыныстар енгізіліп жатыр. Бюджеттен бөлінген жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі дейді жауапты орын.