Бұл — жаңа серпіліс. «Бұл серпіліс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Бізде де халық тиімді деп таныған әлеуметтік желілерін пайдаланып жүр. «Internet World Stats»-тің есептеуі бойынша, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын «Мой мир», 558 мың рет қаралатын «Одноклассники», 252 мың рет қаралатын «В контакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook»-ті жатқызуға болады. Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен «mail.ru agent»-ті тұтынады. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпарат беретін болып шыққан.»
Достарыңызбен бөлісу: |