Жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары (МЖЗҚ-ГНПФ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы (МеЖЗҚ-ННПФ) қорлары болып бөлінеді Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардан міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізетін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын, құрылтайшысы мемлекет болып табылатын заңды тұлға болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |