Əр мемлекет халқының құрамы туралы мəліметтерге мұқтаж Қазіргі кездегі мемлекеттік билік күннен күнге халық санының өсіп-өнуіне үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің əлеуметтік функцияларын атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар, əлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін жəне басқа мемлекеттің функцияларын орындау үшін негіз болып табылады.
Халықтың туу мен өлім көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруіне, көші-қон мəселелерін шешуде мемлекет функциясының ролі зор. Демографиялық үрдістер адамның еркінен пайда болмайды. Мемлекет пен құқықтың өзара əрекет етуі өте күрделі үрдіс. Демографиялық үрдістерді жүйелі жəне жан-жақты талдау үшін мемлекеттік билік қажет. Мемлекеттің əлеуметтік жəне басқа да функцияларын атқаруда демография өте ауқымды фактор болып табылады. Қазіргі кезде мемлекет функциясы ішінде демография функциясы өте күрделі болып отыр. Себебі қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жаңа, бұрын-соңды болмаған функциялар қалыптасуда.
Қазіргі жаһандану кезеңінде демографиялық мəселелердің дамуы көп ғалымдарды қызықтыруда. Демографиялық үрдістерді зерттеуші ғалымдар көбінесе оның тек экономикалық қырын зерттеумен айналысуда. Қазіргі кездегі демография ол үлкен ғылым. Ол қоғамның барлық жағын қамтиды. Соның ішінде статистикаға көп сүйенеді. Статистика болмаса, халықтың ұлттық, əлеуметтік жəне басқа да əр түрлі деңгейін зерттеу мүмкін емес. Егерде заң ғылымына келсек, онда демографиялық үрдістерге мемлекет пен құқықтың əсері теориялық тұрғыдан зерттелмеген. Осы күнге дейін демографиялық үрдіс əлеуметтік үрдістің бір бөлігі болып келді. Қазіргі дүниежүзі жаһандану кезеңін бастан кешіріп, экономикалық дағдарыстың тұғырында тұрған қоғам үшін, əлеуметтік үрдістерді оның ішінде демографиялық үрдістерді реттеуде мемлекет пен оның функциясының рөлін күшейту талап етіліп отыр. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан əр түрлі демографиялық стратегияларды мемлекеттік саясаттың ең негізгісі деп біліп, оны жүзеге асыруға көшу керек. Нарықтық заманға көше бастағанда мемлекеттің ең негізгі экономикалық мақсаты еңбек өндірісін көтеру арқылы халықтың əл-ауқатын көтеру болған. Қазақстан Республикасы халқының тіршілігін жақсарту үшін экономиканы тұрақтандыру, бəсекелестікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуды белгілейтін еңбек жəне ақша нарықтарын жасауды көздеген. Жалақының көтерілуін қамтамасыз ету кедейшілікпен күресу жəне əлеуметтік қорғанудың бірден- бір амалы ретінде көрсетілген. Бұл мəселелердің барлығы жүзеге асырылған жоқ.
Жаһандану кезеңіне мемлекеттің əлеуметтік функциясы, нарықтық экономиканың талаптарына сай келмейді. Халықты əлеуметтік қорғауда əр түрлі мекемелердің қызметін жақсарту қажет. Олардың басты мақсаты халықты жұмыспен қамту болу керек. Бұл аталған мақсат–міндеттер мемлекеттің алдына қойған міндеттердің бір ғана бөлігі.
Халықтың демографиялық даму көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес. Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үрдістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, əлеуметтік жақтары өзгереді.
Демографиялық үрдістерді құқықтық жəне саяси құралдар арқылы басқаруға болады. Мемлекеттің демографиялық үрдістерін елдегі туылым, өлім жəне көші-қоны мəселелері құрайды. Қазіргі Қазақстан жағдайында заңи тұрғыда аталған демографиялық үрдістерді нақты түрде реттеу қажет. Туылым, өлім, көші-қоны мəселелері бүгінгі таңда көлемі жағынан да, дəрежесі жағынан да үлкен проблемалардың бірі болып табылады. Заманның ағымы осы мəселелерді құқықтық реттеуді талап етті. Соның нəтижесінде осы үрдістерді реттейтін бірқатар нормативтік–құқықтық актілер қабылданды.
Қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан үшін бұрын - соңды құқықтық реттеу аясынан тыс болған қатынастарды реттеуге бағытталған жаңа заңдарды қабылдау қажеттілігі байқалып отыр.
Мемлекетіміз демографиялық үрдістерді шешуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауда басқа шетел мемлекеттерінің тəжірибесін пайдаланса жақсы болар еді.
Елдің демографиялық дағдарыстан шығуы үшін көші–қоны үрдістерін реттеу қажет. Қазіргі кезде мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздік мүдделері көші– қонды реттеуде жаңа жолдарды талап етіп отыр. Мемлекетімізде байырғы кезде əр түрлі себептермен көшіп кеткен шетелдердегі қазақтардың еліне қайта оралуына жағдайлар жасалуда. Мемлекет əр жылы оралмандарды қабылдауда квоталар белгілейді. Елімізде заңсыз көшіп келушілер мен босқындар саны өсуде. Халықтың өсіп-өнуі оның өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыруы маңызды мəселе болды.
Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.
1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес: «көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мəжбүрлі қоныс ауыстыруы» - деп түсініледі.
Елімізге халықтың табиғи аз өсімінің орнын толтырған көшіп келушілер ағымын реттеуге бағытталған жаңа жолдар іздеп табу қажет. Оларды жыныстық, жастық ерекшеліктеріне қарай, денсаулығының жағдайына, кəсібіне қарап пайдалы етіп ынталандыру керек. Сонымен қатар халық санын сақтап қалуды ойлай отырып, шетелден жоғары кəсіби мамандарды жұмыс күші етіп тартуды дамыту қажет. Еліміздің ішкі көші –қонын реттеу барысында, азаматтардың тіршілік етуін қолдай отырып, жұмыс күшін көтермелеуге бағытталған шаралар кешенін жасау қажеттілігі туындап отыр. Республикамызда көші–қон үрдістерін реттейтін заңнамалардың іске асуы баяу жүрді. КСРО–ның ыдырауымен тез арада бірқатар заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Қазақстан тəуелсіздік алуымен шетелдерге көшіп кетушілермен, жақын елдерден көшіп келушілерді мемлекеттік құқықтық тұрғыдан реттеу керек болды. Осы ретте 26 маусым 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Көшіп келу туралы заңын, 1992 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайын атап кеткен жөн.
Көші–қонның жағымды жақтарына қазіргі еліміздің басынан кешіріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығуға ықпал жасайтын экономикалық белсенді адамдардың өсуін талап етеді. Мұндай көшіп-келушілердің көбісі жеке бизнеспен айналысуға ұмтылады. Олардың біздің еңбек нарығымыз қызықтырады.
Көші–қонның жағымсыз жақтары да бар: біріншіден, көшіп келушілердің мінез-құлқы, тұрмыс – салты, мəдениеті еліміздің тұрғылықты халқының ділімен, мəдениетімен ұқсас па, жоқ одан алыс па соған кері əсер етуі мүмкін; екіншіден, тұрғылықты халықтың шетелден келген адамды қалай қабылдайтыны ол да беймəлім мəселе.
Əр түрлі этникалық, рассалық, діни наным–сенімдері бар халықтың араласып өмір сүруі адамдардың қарым-қатынас жасауда қиыншылыққа əкеліп соғуы мүмкін, олардың арасында қақтығыстардың болуы мүмкін. Оның нəтижесі көрші болып тұрған адамдардың қақтығысынан бастап, əр түрлі топтық бұзақылық пен митинг, демонстрациялармен аяқталуы мүмкін.
Халықаралық құқықтық деңгейде көші–қон үрдісін реттейтін құжаттарды атап кеткен жөн: 1951 жылғы «Босқындардың мəртебесі туралы» Конвенция жəне 1967 жылғы оның Хаттамасы, БҰҰ-ның «Еңбек етуші–мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің барлық құқықтарын қорғау туралы» Конвенциясы. ТМД мемлекеттері шеңберінде қабылданған халықаралық құжаттарды, мемлекетаралық келісімдер мен шарттарды айтып кеткен жөн: ТМД мемлекет–қатысушыларының заңсыз көші–қонмен күресудегі ынтымақтастық туралы əртүрлі шарттар жəне т.б.
Сонымен қатар, көші-қоны үрдісін реттейтін бірқатар ұлттық заңнамалар да баршылық. Олар,20 желтоқсан 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 19 маусым 1995 жылы «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң шетел азаматының Қазақстан Республикасы аумағында кіріп, жүріп-тұруын жəне шығуын реттейді.
Сонымен бірге көші-қон үрдісін реттейтін əр түрлі тұжырымдамалар мен бағдарламалар қабылданды. Олар: «Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы» тұжырымдама, «Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық пен даму мақсатында мүдделерді күшейту» өңірлік бағдарламасы, «2009-2011 жылдарға арналған Нұрлы Көш» бағдарламалары.
Еліміз оралмандарға керекті əлеуметтік көмек беріп, қолдау көрсетеді. Қазіргі кезде бір уақытылы жəрдемақы, тұрғын үй алуға ақы, жүріп тұрғаны мен мүлкін тасуына орта есеппен 5 адамнан тұратын отбасыға 833 мың теңгеден бөлінеді. Елімізде оралмандарды уақытша орналастыратын 14-ке жуық орталықтар қызмет етеді.
Көші-қоны үрдісінде көшіп жүретіндердің құқықтарын реттеу үшін ең маңыздысы болып - азаматтық институт табылады. Оның маңызы көшіп келушілердің еліміздің азаматтығын алуға ниет білдіргенінен басталады. Осыған орай азаматтықты алу мен тоқтатудың да құқықтық реттелуінің маңызы зор. 20 желтоқсан 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша азаматтықты ала алмайтындар белгіленген. Олар: қылмыстылықпен байланысты; Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен біртұтастығын бұзуға байланысты; халықтың денсаулығы мен мемлекеттік қауіпсіздікке зиян əкелетін; мемлекетаралық, халықаралық жəне діни алауыздықты жандыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің қызмет етуіне қарсылықтың болуына байланысты; басқа мемлекеттердің азаматтығында болуымен байланысты жағдайларды қамтиды. Отандастар үшін бұл заңда азаматтық алу тəртібі жеңілдетілген. Елімізде азаматтық мəселе тек ұлттық заңнамалармен ғана емес, сонымен қатар, халықаралық құжаттармен де реттелінеді. Мысалы, 19 қаңтар 1996 жылы Мəскеу қаласында ТМД мемлекеттер-қатысушылар азаматтарының азаматтық алу тəртібінің жеңілдетілуі туралы Конвенция қабылданды. Бұл құжатта ТМД мемлекеттер– қатысушылардың азаматтарының азаматтық алу тəртібінің жеңілдетілген нысанын көздейді. Егер арызданушы бұрын КСРО–ның азаматтылығында болып, сол аумақта 21 желтоқсан 1991 жылға дейін жəне Конвенцияның күшіне енуіне дейін тұрса жəне де егер арыз берушінің туған– туыстары, ері не зайыбы, баласы, əкесі не анасы, ағасы, атасы не апасы, немерелері келісіліп жатқан жақтың аумағында тұрақты тұрып, оның азаматы болса, азаматтықты жеңілдетілген түрде алады. Соның ішінде Белоруссия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикалары мен Ресей Федерациясы арасында азаматтықты алу тəртібін жеңілдету туралы келісімдері жасалған.
Еңбектің ішкі нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі республика аумағына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін енгізілетін шетелдік жұмыс күшіне квота бекітіп, оның орындалуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанда заңды көшіп келушілермен қатар, заңсыз көшіп келушілер де бар. ТМД мемлекеттерінің шекараларында қатаң бақылау жүзеге асырылмағандығы, Қазақстан аумағының геосаясаттық орналасуы жəне заң актілерінің жетілмеуі, қолайлы экономикалық жағдайы, əлеуметтік-саяси тұрақтылық, заңсыз көші-қонының пайда болуына əсер ететін негізгі факторлар болып табылады. Заңдастыру барысында Қазақстан аумағында заңсыз еңбек етіп жүрген 164,5 мың шетел азаматтары ұсталынды.
Осы мəселені қарастыра келе, мемлекеттік көші-қон саясаты жүзеге асыру қажеттілігі байқалады, оның ішінде көші-қоны ағымдарын реттеу үлкен маңызға ие болып отыр. Қазақстан мемлекетінің санын толтыру үшін, дамып жатқан көші-қон үрдісінің теріс салдарларының алдын- алу қажет. Заңсыз көші-қонының қауіптілігі елдің демографиялық жағдайына да əсер етеді, мемлекеттің өзіне де қауіпті.
Елімізде əлі де болса шешілмеген бірқатар мəселелер бар. Қазіргі уақытта ішкі миграцияның саны өсуде. Ішкі көші-қонның негізгі бөлігі ауылдық жерлерден көшумен жалғасып отыр. Осыған орай көші-қон айырымы төмендеп отыр. Білікті мамандардың азаю қаупі бар. Оралмандарға əлеуметтік қолдау көрсету жүйесін ары қарай жетілдіру қажет. Иммигранттардың квотасына енгізілген əлеуметтік жəрдемақының негізгі бөлігі тұрғын үймен қолдауға жəне отбасыларын көшіруге кетеді.
Шетелдердегі қазақ диаспораларының өкілдері арасында ақпараттық-насихаттайтын жұмыс жүргізілудің тиімділігі төмен.
Халық саласындағы əлеуметтік-экономикалық мəселелер, соның ішінде көші-қон саласындағы мəселелерде қазіргі таңда барлық дамыған мемлекеттердің негізгі мəселесі болып отыр. АҚШ, Канада, Австралия жəне т.б. бірқатар еуропалық мемлекеттер де қазіргі кезде келіп жатқан шетел азаматтарына қатысты иммиграциялық саясаттың сұрыпталған ерекше түрін жүргізуде. Мысалы, АҚШ мемлекеті өз еліне қажетті деп тапқан шетел азаматтарын тартады (ғалымдарды, өнер адамдарын, спортсмендерді). Сонымен қатар, Германия, Израиль жəне Польша сияқты бірқатар мемлекеттер халықтың ұлттық этникалық құрамын сақтау мақсатында арнайы этно-тарихи көші- қон саясатын жүргізеді.
Елбасымыздың бастамасымен халықтың көші-қоны туралы заңдар қабылданды жəне шет елдерде тұратын қазақтарды өз еліне қайтару жөнінде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар да қабылданды. Заң ғылымында бұл үрдіс этникалық репатриация деп аталады. Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында елдегі демографиялық мəселенің ушығуы өзекті проблема болып қала беретіндігі жөнінде айтылады. Осының нəтижесі демографиялық саясатты жүзеге асыру, жағдайды жақсарту жөнінде шараларды қамтитын нормативтік құқықтық базаларды жетілдіру қажеттілігінің өзекті екендігіне көз жеткізіп отыр.
Елімізде ғалымдар мен арнайы маман иелерін дайындау үшін білім, ғылым жəне экономика саласы бойынша мемлекет ұзақ жəне көлемді қаржылай инвестициялар жұмсайды. Бірақ олардың көбісі болашақта шетелге қайтып оралуды қалайды.
Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның мəліметтеріне сəйкес Қазақстан мемлекеті ең көп көші-қон үрдістері болатын мемлекеттер қатарына жатқызылған. Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің көлемі өсіп, олардың саяси жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайларға əсер етуі кеңейеді. Қазіргі кездің өзінде республикамыз көші-қон ағымының əсерін сезініп жатыр. Сонымен қатар, елімізде көші-қонының ұлттық, өңірлік жəне əлемдік бағытта дамуына мүмкіншілік беретін мониторинг жүйесі жоқ.
Мемлекетте көші-қон аясындағы қызметті жетілдіру мен мəжбүрлі көші-қон бойынша көшіп келгендердің құқығын қалпына келтіру қиындыққа ұшырап отыр. Республикада паспорттық- визалық режимді нығайту қажет. Сонымен қатар, мемлекет аумағына келуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркейтін жүйені жетілдіру қажет. Басқа мемлекеттерден республика аумағын бөлетін шекара қызметін күшейту қажет.
Осы аядағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актінің бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 шілде 2000 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тіркеу ережесі туралы» № 1063 Қаулысы болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда паспорттық–визалық құжаттарды даярлау мен енгізуде жаңа тəсілдер қолданылуда. Сонымен қатар, ТМД елдерінен шекара арқылы өту кезінде визасыз өтетін жағдайлардың тізімін қысқарту қажет. Шекарада қатаң бақылау жүргізілуін жетілдіру керек. Осындай шараларды жүзеге асыру арқылы елдің демографиялық жағдайын біршама жақсартуға болады. Халықтың санын көші-қоны тұрғысынан толықтырудың нəтижесі адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды қиындатпау қажет.
Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының мақсаты - еліміздің ұлттық бірдейлігі мен қауіпсіздігін сақтау жəне дамыту шеңберінде заңсыз көші-қонды қысқарту мен сұрыптаушылық көші-қонды қалыптастыру жолымен көші-қон процестерінің келеңсіз салдарын азайту болып табылады.
Сонымен, мемлекеттің миграциялық қызметі, мемлекеттің басқа да қызметтері сияқты, Қазақстан Республикасының демографиялық мүдделерін қорғауға, демографиялық үрдістерді реттеуге, шешуге бағытталған.
Елдегі халық санының өсуіне ықпал ететін, үлкен маңызға ие болып табылатын көші-қон үрдістерін реттеудегі мемлекеттің қызметін демография саласындағы мемлекет қызметінің бір бөлігі етіп белгілеуге болады. Жоғарыда аталған мəселелерді шешу үшін демографиялық үрдістердің бір бөлігін қамтитын көші-қон саясатын тиімді етіп жүргізу қажет. Ол үшін көші-қон саясаты, сонымен қатар, демографиялық саясаттың өзі де мемлекеттің ішкі саясатының маңызды бөлігі болуы тиіс. Елімізде жүргізіліп отырған көші-қон саясаты мемлекеттің экономикалық, саяси, əлеуметтік жағынан өсіп-өркендеуге ықпал етуге, егеменділік пен тəуелсіздікті сақтап қалуға, мемлекеттік, ұлттық, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, аумақтық біртұтастықты сақтап қалуға бағытталуы қажет. Осы мақсатта көші-қон саласын реттейтін қазіргі заманның талабына сай заңнамаларды жетілдіріп, дамытсақ жеткілікті іс.