Қазақтардың ХҮііі-хіх ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі



бет2/2
Дата16.01.2022
өлшемі20,38 Kb.
#112500
1   2
Байланысты:
кеңесары қасымұлы
Adilbek Zhogary matematika, Лекция 11 Введение, Лекция 11 Введение
Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскерлері "Алмалы сай" шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Таулы аймақ хан Кененің сарбаздарына басымдық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, Рүстем сұлтан мен Сыпатай батыр бастаған жасақтардың ұрыс алаңынан кенеттен шегініп, кетіп қалуы да жағдайды қиындатқан болатын. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған қаһармандық шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына  тұтқынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары ханның қасіретті өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған қасиетті азаттық күресі де жеңіліске ұшырады. Кенесары бастаған азаттық күресті кейін оның баласы Сыздық сұлтан жалғастырды.

Кене ханның отаршылдыққа қарсы күресінде Ағыбай, Ақғаш, Басығара, Жанайдар, Жәуке, Иман, Байсейіт, Сұраншы, Жоламан және т.б.  батырлар қолдау көрсетіп, аянбай шайқас жүргізді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың астына біріге алмауы, кейбір ру басыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы және де кейбір қазақ билеуші топ өкілдерінің патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының  Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы. Сонымен қатар, ол өзін жақтамаған кейбір қазақ жөне қырғыз ауылдарын шабуы кері әсерін тигізді, өйткені ол халықтың наразылығын тудырып, көтерілісті әлсірете түсті. Дегенмен де, Кенесары Қасымүлы бастаған ұлт-азаттық күрес жеңіліс тапқанымен, ол қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет