Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ

Pdf көрінісі
Дата06.02.2022
өлшемі56,65 Kb.
#69673
Байланысты:
Абай

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ 
даласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынов 
Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда 
шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан балаға, 
немереден шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зəредей шүбə етпейміз, Абайдың 
өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, 
халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндері Абай құрметі күннен күнге артылыр. 
Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық - пенен Абай арасы 
күшті махабатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, 
қуанар.
Міржақып Дулатов 
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес 
Бір сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес. 
Қарадан хакім болған сендей жанның
Əлемнің құлағынан əні кетпес! 
...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар. 
Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар. 
Мағжан Жұмабаев 
Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар 
берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа 
таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мəдениетінің 
таңдаулы нəрін алды жəне бұл қазынаны орыстың жəне Батыс Европа мəдениетінің игі 
əсерімен молықтырды.
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге 
қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Əуезов 
азақтың бас ақыны 
Ұлы Абайды "Қазақтың бас ақыны" деп бағалап, алғашқылардың бірі болып оның 
ақындық зор тұлғасын дəл сипаттап, əдебиет, мəдениет пен қоғамдық ой.санамыздың 
дамуындағы орасан зор маңызын тұжырымды түрде айқындап берген Ахмет 
Байтұрсыновтың осы бір нұсқалы сөзін есте тұта отырып айту парыз деп ойлаймыз. 
Бұл бүгінгіге дейінгі өрістетіліп, кеңейтіліп, əртүрлі бағытта нақтылай айтылып келе 
жаткан сан алуан пікірлердің тірегі, алғашқы түйіні, асыл ұрық.дəні, ақиқат түйірі деуге 
лайық, өйткені ол . жай əншейін əлдеқалай айтыла салмай, əбден барлап, ойлап, 
тереңіне бойлап, байыбына барып, мəнісін жете аңғарып айтылған түйінді ой.тұжырым.
Абайдың атын əлемге əйгілеп, өзінің ғылыми зерттеулерімен де, атақты "Абай жолы" 
дəуірнамасымен де абайтануды үлкен сара жолға салған Мұхтар Əуезов те жаңаша ой 
толғап, соны шешімдер іздегенде Ахмет Байтұрсынов пен Əлихан Бөкейхановтың 
пікірлерін үнемі тірек еткені ешбір дау туғызбайды. Ахмет Байтұрсынов Абайды бас 

ақын деп жоғары бағалап, қастерлегенде оның басқадай қасиеттерін, ұлы тұлғасының 
өзге жақтарын көре білмеді, дарыны, даналығы көп қырлы екенін тани алмады десек, 
ағаттық болмай ма? Мұны айтып отырғанымыз, бүгін Абайды мақтамақ болғанда 
кейбір авторлардың ол ақын ғана емес, ойшыл ғұлама деп көтеріп тастағандай 
болатыны байқалады. Əрине, Абай . ұлы ойшыл, ғұлама, өзгеден мойыны озық 
философ. Абайды хакім деу де орынды. Ол сөзді Абай өзі де қолданған. Абайды хакім 
деп Мағжан да бір өлеңінде атайтыны бар. Хакім деген сөз тілімізде жылдар бойы аз 
қолданылып, мағынасы көнергендей болып келді де, қазір жаңғырып қайта жанданды. 
Алайда Мағжан Абайды "шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес" деп сипаттағанда, оның 
ойшылдығын, даналығын ақындығынан бөліп айтпаған.
Абайдың ойшылдығы, кемеңгер философ екені терең ашылмай, жете айтылмай 
келгені рас. Тіпті таптық идеологияның қисынына сəйкес бір жақты айтылған кездері де 
аз болған жоқ. Абайдың дүниеге, қоғамға көзқарасы, əсіресе алла, имандылық туралы 
пікірлері бұрмаланып баяндалды. Бұл тұрғыдан қарағанда Абайдың ойшылдығын баса 
айтудың əбден жөні бар. Абайдың дүниетанымы, философиялық көзқарастары туралы 
еңбекте солай етудің өзі бірден.бір қажет жəне мұның өзі . ғылыми зерттеудің тəсілі. 
Бірақ бірде болмаса бірде кездесіп қалатын қара сөздерінде ойшылдық, даналық 
басым екен, өлеңдері таза поэзия ғой деген секілді жаңсақ пікірлердің айтылуы еш 
дəлелсіз. Əрине, дүниенің өзгеріп дамуы, алла мен адамның болмысы туралы арнайы 
пікір толғаған сөздері өз алдына. Тіпті ондай пікірлердің өзі де өлеңдерінде айтылып 
отырады ғой. Қалай десек те, қай жағынан келсек те, Абай . алдымен ақын, қазақтың 
бас ақыны.азақтың бас ақыны 

бас ақыны. 
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын 
жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық 
санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен 
жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мəңгі өлмес шығармаларымен 
халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт 
өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани 
өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас 
темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі əр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық 
айтылғандық емес.Ана сүті тəн қорегі ретінде жас сəбидің буыны бекіп,бұғанасы 
қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын 
сеуіп қызмет етеді».
(Ж.Ысмағұлов.) 
Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша 
кітаптарды көп оқиды.
80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі 
оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік 
жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап 
өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел 
арасындағы шиленіскен тартыстар оның əдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік 
бере бермеген. 
«Дүние де өзі,мал да өзі».
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мəдениет пен білімнің маңызын 
насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп 
ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз 
өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі 
ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш 
білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.
Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тəрбие 
жайын мінеп,сынайды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім. 
Бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тəрізді опық жеп қалмай,білім мен 
өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының 
халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тəрізді.Кейінгі 
туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер 
жазды.Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде 
жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам 
бойындағы қазынаның үлкені жəне əрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым 
болуы керектігін түсіндіреді.
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба!
Ойнап босқа күлуге,-
дейді ол.Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын əңгімелейді.
Ғылым жолы-əділдік жолы.Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз,-
дегенде,ол ғылым үйренетін жастың қараңғы,надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.
«Интернатта оқып жүр» өлеңінде Абай əлгі ойларына тың пікірлер 
қосады.Мұнда,сыншылдық басым.Ақын патшалық ел билеу жүйесіне,оқыту тəртібіне 
сын айтады.Халыққа пайдалы емес,залалды болып шығатын əкімдер мен шалағай 
төрелердің оқудағы мақсатын көрсетеді.
Орыс тілі,жазуы
Білсем деген таласы
Прошение жазуға
Тырысар,келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек,
Істің ақ пен қарасы.
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы,
…Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды.Олардың «Иə тілмаш,иə адвокат» 
болу ниетіне Салтыков пен Толстойды əдейі қарсы қояды.Толстой мен 
Салтыков-Щедрин сынап,масқаралаған орыс шенеуніктерінің бейнесін олардың есіне 
салады.
Тіл мен теңеу,түр жағынан алғанда да, «Интернатта оқып жүр» өлеңі-жаңалығы бар 
шығарма.Осы өлеңде Абай «интернат», «военный қызмет», «прошение», «адвокат», 
«здравомыслящий», «коренной», «счет»,т.б. орыс сөздерін қолданады.Оларды 
ұйқастыра отырып,еркін пайдаланады жəне оларды ақын орыс мəдениетін үгіттейтін 

өлеңге əдейі кіргізген.
«Қалың елім,қазағым».
Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мəдениетті насихаттаумен 
қатар,əлеуметтік,азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері дəрежесінде 
көрінеді.Оның өлеңдерінен еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі.Өзі 
билеуші тап ортасынан шықса да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты 
түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады.Оларды «елім», 
«жұртым», «халқым» деп,дос тұта сөйлейді.Осы бетбұрыста Абай сол халықты 
жүдетіп,шаршатып отырған ұнамсыз əрекет-мінездерді,олардың ішкі сырын үлкен 
шеберлікпен ашатын психолог ақын ретінде танылады.Заманы мен өзі өмір сүріп 
отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір жəне əділ мінеп-сынайды.
Бұл сарын,əсіресе,Абайдың «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп аталатын 
өлеңінде анық байқалады.Мұнда өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, 
«Қалың елі-қазағының» қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар.Ел ұйытқысын 
бұзған,оның берекесін кетірген əкімсымақтарға деген оның ызасы да мол.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки,бұзған жоқ па елдің сиқын?-
деп,ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да,мінез-құлық жағынан да татымсыз топты 
бөліп көрсетеді.
Абайдың алғашқы сыншылдық өлеңдері ХІХ ғасырдағы орыс реализмінің сыншыл 
сарынын үлгі тұтқанын,сол жолдағы ізденісін, беталысын байқатады. 
Татулық пен тұрақтылық.
Халқының келешегін ойлап егілген,сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы 
түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған.Соның 
бірі-достық мəселесі. «Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі 
көрген,халық тəжірибесі танытқан шындықты айта отырып,жастарды шын адамгершілік 
жолына,қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді.Оларды жалған татулық,бояма мінезден 
сақтандырады.
Абай үлкен достықты отбасылық өмірден,жастар сезімінің тұрақтылығынан,əйелге 
адамгершілік,əділет тұрғысынан қараудан іздеді.Ол жастардың адал махаббаты мен 
шын достығын уағыздады.Ескі əдет-ғұрып заңдары бойынша өзі бастан кешкен өмір 
сабағына сүйене отырып,ол шынайы достық сезімді жоғары қояды.Жас ұрпақты ескі 
тəрбиенің кертартпа жағынан жирендіріп,жаңа өнеге ұсынады.Бұл тұрғыдан оның 
«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Кейде есер көңіл құрғырың» деген өлеңдерін еске алу 
орынды.Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері-шын достық пен махаббатын таппай 
күйзелген жан.Ол «сол досты» іздеп күңіренеді,жоқтайды.
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
…Пайда,мақтан-бəрі тұл,
Доссыз ауыз тұшымас,-
деген өлең жолдары-мазмұны жағынан ақынның ой түйіні,өсиеті іспетті.Бұл өлеңдер 
жас ұрпақты ақын аңсаған достыққа, махаббатқа үгітте 
Н.Долгополов) 
Сонымен қатар, басқа көршілес елдердің де патшаға наразы кейбір адамдары, өз 

елдерінің бай-феодалдарына қарсы болғандар да Абайды паналайды. «Жыл сайын 
Үркіттен қашқан, көбінесе Кавказдағы Дағыстанның, Түріктің айдалған адамдары 
бірден, екіден келіп, кейі қыстап, кейі бір-екі ай жатып тынығып, бір-бір ат мініп кетеді. 
Осындай ат мініп кеткен қашқындардың менің көзім көргендегісі 15 шамалы», - деп 
жазды өзінің баласы Тұраш2. Бұлар тəрізді фактілер Абай өмірінде көп. Басқаларын 
айтпағанда, осы екеуінің өзі-ақ Абай тек қазақтың ғана емес, басқа елдердің де 
жақсыларына ортақ Абай болғандығын толық дəлелдейді. 
Нифонт Долгополовтан) 
Өтініш 
«Жүрек ауруы жəне безгек науқасымен менің денсаулығым өте төмендеп кетті. Оны 
жөндеу үшін жазғы айларда қаланы тастап, қырға шығып қымыз ішсем, таза ауаны 
пайдалансам деймін. Сол себепті өте кішілік етіп, сіздің ғұзырыңыздан Шыңғыстау 
болысы Құнанбай Өсенбаевтың ауылына баруға 15 августқа шейін ұлықсат етуіңізді 
сұраймын»1. 
Семей, 4 июль, 1885 жыл 
(Н.Долгополов) 

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет