43
Түсімде жаман іс көрдім,
Төлеген мінген Көкжорға ат,
Ер-тоқымсыз бос кордім.
Ел жайлаған Ақжайық,
Жағалай біткен бидайық,
Алдымда жанған шырағым,
Біреу үрлеп өшіріп,
Көзімнен болды сол ғайып.
Қолымдағы тұйғынның,
Заулап келіп аспаннан,
Желкесін қиды бидайық.
Пендем десең, құдая,
Бұл түс емес еді ғой,
Көруге маған лайық.
Айналайын, жеңеше-ау,
Төлегеннің мен біддім,
Бір кеткен соң келмесін,
Мұнан кетсе, Төлеген,
Білгізді, құдай, мен қуға
Бұл жерді қайтып көрмесін...
Төлеген
Жібектің сөзіне құлақ аспай, еліне жүріп кетеді.
Еліне
аман-есен келгенімен, әкесі құдалыққа келісім бермейді.
Төлеген ешкімге айтпай, қайын жұртына жасырынып кетеді. Осы
сапарда Төлеген Қособа түбінде Бекежан қолынан қаза табады.
Бекежан Көк
жорға атты жетекке алып, «Төлегенді ел-тіргенімді
айтсам, Жібек маған тимей қайда барар» —
дейсің деген ойға келеді
де, былайша өлендетеді:
—
Айтамын айт дегеннен әуелім-жар,
Қыз Жібек, өлі-ақ болар пиғылың тар,
Өліп қалған немеңді сонша мақтап,
Көкжорға астымдағы кезінді сал.
— Жоқ екен, ай, Бекежан, ақыл айлаң,
Қанеки, құрбы болып тиген пайдаң?
Атаңа алты лағынет ит қарақшы,
Көкжорға астындағы алдың қайдан?
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы (Он томдық). Т. 1.
Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. 114-196 бб.